06
Мамыр

Санат жоқ 06.05.2013

Үкімет жұмыспен қамту туралы заң жобасы бойынша «Ақ жол» фракциясы ұсыныстарының өзектілігін және уақытылы берілгендігін хабарлады

6 мамыр 2013 жыл, Қазақстанның «Ақ жол» Демократиялық партиясының баспасөз қызметі
 
Үкімет жұмыспен қамту туралы заң жобасы бойынша «Ақ жол» фракциясы ұсыныстарының өзектілігін және уақытылы  берілгенін айтып отыр – Премьер-министр Серік Ахметовтің қолы қойылған тиісті хатын өткен аптада ҚДП жетекшісі Азат Перуашев алған еді.
Еске салсақ, демократиялық фракцияның депутаттары дайындаған заң жобасы жұмыс орындарын құру бойынша жұмыспен қамтудың, жұмыс берушілерді ынталандыру мен қолдаудың тиімді жүйесін жасау  қарастырады.
 «Ақжолдықтар» халықты жұмыспен қамту саласындағы проблемалық мәселелерді шешу үшін жұмыс берушілердің салалық бірлестіктерінің кәсіптік стандарттарын әзірлеу, студенттердің және кәсіптік техникалық білім алушы оқушылардың өндірістік тәжірибесіне жұмсалатын кәсіпорындардың шығындарын субсидиялау, жас жұмысшылардың және мамандардың сынақ мерзімі кезеңіндегі жалақыларын субсидиялау, сынақ мерзімін өту кезіндегі  жеткілікті машықтары  болмауы себебі бойынша бастаушы қызметтердің кәсіпорын құралдарына зақым келтіргені үшін жауапкершілігін сақтандыруды  ұсынады.
Сондай-ақ жоба нормалармен Қазақстан азаматтарын қызметкерлер ретінде тарту бойынша шетел жер қойнауын пайдаланушылардың және инвесторларының міндеттерін бекіту ұсынылады.
ҚДП депутаттары дайындаған аталған заң жобасын Ведомствоаралық комиссия қолдап отыр.
 «Жалпы, халықты жұмыспен қамту мәселелері бойынша ұсынылған түзетулер өзекті және уақытылы», - деп ҚР Премьер-министрі Серік Ахметовтің хатында көрсетілген, – сонымен бірге, мемлекет Басшысының «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыруы: жалпы еңбектік қоғамға 20 қадам» мақаласындағы тапсырмаларына сәйкес Үкіметтің алдына халықты жұмыспен қамтудың әлеуметтік жаңғыруы бойынша міндеттері қойылған.
Осыған байланысты қазіргі кезде Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мүдделі мемлекеттік органдарымен бірлесіп «Әлеуметтік жұмыс орындары туралы» және «Халықты жұмыспен қамту мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер және толықтырулар енгізу туралы» заң жобаларын әзірлеуде.
Заң жобалары жұмыс орындарын құру бойынша жұмыс берушілерін ынталандырудың жаңа механизмдерін, оның ішінде мемлекеттік-жеке меншіктік әріптестікті пайдалана отырып, халықтың әлеуметтік тұрғыдан осап топтарып әлеуметтендіруге бағытталған арнайы шаралары шеңберінде,  енгізуге бағытталған.  
Үкімет Басшысының хатында атап өтілгендей, «Ақ жол» депутаттарының жұмыспен қамту мәселелері бойынша заңнамасына ұсыныстары көрсетілген заң жобалары шеңберінде ескерілетін болады.
ҚДП Парламенттік фракциясы қатардағы қазақстандықтардың мүдделерін қорғау және сайлау алдындағы платформасын орындау бойынша жұмыстарын жалғастыра береді.