08
Мамыр

Санат жоқ 08.05.2013

«Ақ жол» партиясында кәсіпкерлер «Даму» қорымен бірлесе отырып, «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасын іске асыруды талқылады

8 мамыр 2013 жыл, Қазақстанның «Ақ жол» Демократиялық партиясының баспасөз қызметі
«Ақ жол» партиясында кәсіпкерлер «Даму» қорымен бірлесе отырып, «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасын іске асыруды талқылады. Талқылауға Қазақстанның Құрылысшылар Одағының мүшелері қатысты.
  «Даму» қоры басқармасының төрағасы Ләззат Ибрагимова құрылыс саласында кәсіпкерлерді қолдау бойынша «БЖК-2020» бағдарламасының нәтижелерін айтты.
  Кездесуде Демократиялық партияның жетекшісі Азат Перуашев  бизнесті қолдау саласындағы ерекше тиімді жұмыс істейтін мемлекеттік бағдарлама - «Бизнестің жол картасы-2020» - деп атап өтті және онда тұрғын үй құрылысын дамытуға жәрдемдесу қарастырылған ба деп қызығушылық танытты.
  Қазіргі уақытта экономиканың осы секторының әлеуметтік маңыздылығына қарамастан тұрғын үй құрылысы бағдарламаға кірмегені анықталды. Бағдарламаның басым секторларына өнеркәсіп, инфрақұрылым, жол құрылыстары кіргізілген,  бірақ тұрғын үй құрылысы емес. Осыған байланысты, демократтардың көшбасшысы бағдарламаға тиісті түзетулерді енгізу мүмкіндіктерін қарастыруды ұсынды, бұған «Даму» қорының басшылығы егер Үкіметпен мұндай шешім қабылданатын болса ынтымақтастыққа дайын екенін білдірді.
  - «Даму» қоры басшысының құжатта осы бағыттың жоқ болғанына қарамастан  бұл тақырыпты талқылауға дайын екені қуантады, - деді «Ақ жол» көшбасшысы. – Өз тарапымыздан Үкіметтің алдында  «БЖК» шеңберінде басым салаларды қолдау тізіміне тұрғын үй құрылысын қосу жөніндегі ұсыныспен бастамашылық жасауға біз дайынбыз. Құрылыс экономиканың нақты секторына кіреді, және осы салада жұмыс атқарып жатқан кәсіпкерлерді де ынталандыру қажет.
  Партия жетекшісінің идеясын көптеген құрылыс компанияларының өкілдері  қолдады, басымдылықпен берілетін көмектерді  инновациялық негізде құрылыс бизнесін, оның ішінде энергия үнемдеуші технологияларды жүргізетін бизнесмендер де мемлекеттен алуы мүмкін еді. Сонымен қатар, бизнесмендердің бірқатары олардың компанияларының өндіріс және жол құрылыс салаларын, сондай-ақ  «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасында құрылыс материалдарын өндіру саласына қатысуының табысты нәтижелері туралы айтып берді.
  Ләззат Ибрагимова да кәсіпкерлердің нақты сұрақтарына жауап берді.
«Дөңгелек үстел» қорытындысы бойынша  қатысушылар құрылыс саласындағы жұмысты жетілдіру бойынша бірқатар ұсыныстар айтты.
«Ақ жол» отандық кәсіпкерлерді қолдау бойынша жұмысын жалғастыра береді.