15
Мамыр

Санат жоқ 15.05.2013

«Ақ жол» тиындарды қаржылық есептерде және төлемдерді жүзеге асыруда қолдануды толығымен алып тастауды ұсынады

15 мамыр 2013 жыл, Қазақстанның «Ақ жол» Демократиялық партиясының баспасөз қызметі
 
«Ақ жол» тиындарды қаржылық есептерде және төлемдерді жүзеге асыруда қолдануды толығымен алып тастауды ұсынады – бұл туралы бүгін Екатерина Никитинская депутаттық сауалында мәлімдеді.
Мемлекет басшысының 2011 жылы 9 қарашадағы Жарлығымен қолма-қол тиындарды ақша айналымынан қысқарту белгіленгені мәлім. Сонымен қатар, осы құжатпен қолма-қол ақшасыз төлемдер және қаржылық операциялар үшін тиындарды сақтау қарастырылған.
Алайда, тиындарды қаржылық есептерде сақтау (мысалы, банктік операциялар, коммуналдық тарифтер үшін және т.б.) қаржылық және салық есептерінің рәсімдерін қиындатып жібереді, әрдайым артық төлеу және/немесе қарыздардың болуына әкеледі, қаржылық қаражаттарды және салық міндеттерін пайдалануды бақылау рәсімдерін қиындатады.
«Тиын есебімен төлемдер жүйесі және 1 теңгеге дейін дөңгелектеулер тұтынушылардың: сонда есептелген төлемдер мен төленген есептердің арасындағы айырмашылық қайда қалады деген сұрақ қоюға мәжбүрлейді – деп көрсетеді сауалда. Банктік шоттарды жабуда дөңгелектеулерді қолдану елеусіз, сонда да банк үшін шығын әкеледі, себебі 1 теңгеге дейін дөңгелектеу операциялары жою жағы операцияларынан басым болады» - деді депутат. Әсіресе тиынды коммуналдық тарифтерге қолдану қатты сезіледі, себебі  мүмкін болатын «дөңгелектеудің» барлығы (әрдайым өсу жағына) тұрғындардың әлеуметтік тобының иығына түседі.
Екатерина Никитинская, банктік және өзге де дербес шоттарында қалдық тиындардың болуы, салық декларациясын тапсыруда және оларды салық органдарымен тексергенде  қиындықтар тудырады, себебі бекітілген N 230 декларация нысанында «тиын» деген баған көрсетілмеген. «Сонымен бірге,  салық есептілігін жасау Ережелеріне сәйкес банктік шоттардағы табыс және мүлік салықтары бойынша, оның ішінде банк мекемелеріндегі карт-шоттарда  және салымдарда нақты ақшалай қаржы сомасын көрсету қажет. Декларация толтырушы дөңгелектеу ережесін қолдана отырып, декларацияда нөл қояды, ал іс жүзінде тексеру кезінде шоттарда тиынмен оң қалдықтар табылады», деп атап көрсетті депутат.
Мәселен, өткен парламенттік және жергілікті сайлауларда көптеген депутаттыққа кандидаттар осыған ұқсас жағдайлармен сайлау алды сайыстан алынып тасталған болатын.
Сонымен қатар, заңды тұлғалар үшін тиындардың болуы  кәсіпорын мәліметтерін салық органдарының камералдық бақылау шеңберінде ақпараттық базасымен сәйкессіздікке әкеледі, себебі  әралуан бағдарламалық өнімдерді пайдалану кезінде толық емес көлемдегі дөңгелектеу режімі әр түрлі болады.
«Ақ жол» фракциясының депутаттары, банктік операцияларда және қаржылық есептерде тиындарды қолдану  қаржылық және салық есептілігі рәсімдерін қиындатады, әрдайым артық төлеу және/немесе қарыздардың болуына әкеледі, қаржылық қаражаттарды және салық міндеттерін пайдалануды бақылау рәсімдерін қиындататынына сенімді.
«Ақ жолдықтар» баяндалған деректердің негізінде Үкімет басшысына тиындарды қаржылық есептерде және төлемдерді жүзеге асыруда қолдануды   толығымен алып тастауды ұсынды.