25
Шілде

Перуашев Атырау облысына ИВЛ сатып алу жағдайына қатысты пікір білдірді

Ол сондай-ақ ИВЛ-дің дау болып отырған екі түрінің салыстырмалы техникалық сипаттамаларын сұрайтындығын жеткізді.

Партия төрағасы А. Перуашевтің Атырау облысы әкімдігінің ИВЛ сатып алуға қатысты түсініктемесіне пікірі:

-Интернетте Атырау облысы әкімдігінің Қазақстан Республикасының Премьер –Министрі А.Маминге ИВЛ- дарды сатып алу жөніндегі менің сауалыма берген түсініктемесін таңданыспен оқып шықтым.

Бұл ақпарат осы мәселе бойынша ҚР Индустрия және инфрақұрылымды дамыту министрлігінен бұдан бұрын келген жауапқа сәйкес келмейді және біздің Үкімет хатында айтылған 45 ИВЛ аппараттарын «Зислайн» («Орал МедРегион» ЖШС) отандық өндірушіден сатып алу туралы келісім шарттың бұзылуының  дұрыстығына күмәнді күшейте түседі.

Әкімдік келісім-шарттың бұзылғанын растайды, ал өзін ақтау үшін бұл қондырғының бағасы 13 млн. теңге тұратынын, ал оның орнына ұсынылатын қондырғы 8,9 млн.теңге екеніндігін дәлел ретінде ұсынып отыр.

Осыған байланысты:

  1. Бағаларды «салыстыруға» қатысты, техника сатып алатын кез-келген адам бір, бірақ әртүрлі жинақталған модель бағасының айырмашылығы бір жарымнан екі есені құрауы мүмкін екенін біледі.

Сондықтан да, жағдайды дұрыс түсіну үшін тек бағасына ғана емес, сонымен бірге техникалық сипаттамаларын да (мысалы, қуаттылығы, ауқымы және тағы басқа ) және тауардың жинақталуын білу өте маңызды. 

  1. ЖШС-нің біздің сауалға берген хабарламасы бойынша, әкімдік осы күнге дейін «Зислайннан" сатып алудан бас тартылған ИВЛ аппараттарының техникалық сипаттамасының мәліметтерін берген жоқ. Онда бұл түсініктемелер ештеңені түсіндірмейді, керісінше, шындықты бұрмалайды, кейбір күмәнді ойға жетелейді.  
  2. Индустрия министрлігінің  «Зислайн» ИВЛ-дарының орнына   Biyovent ИВЛ-дары көрсетіледі. Бұл техниканың жарнамалық буклетіндегі аудармада компрессорлық ИВЛ екені айтылады, бірақ жинақта компрессордың бар-жоғы туралы ештеңе айтылмайды. ИВЛ үшін компрессордың құны (сипаттамасына қарай) 7 млн.теңге дейін жетуі мүмкін және оны аппарат бағасына қосуға тура келеді. 

Әкімдік бюджеттік қаражатқа үлкен «үнем» жасағаны туралы мәлімдеп отыр ма?  Егер бұл аппараттар комплектісінде  (ИВЛ + компрессор, немесе 8,9 млн +7 млн ≤)) «Зислайн» ИВЛ –ынан  (13 млн)қымбат болып шықса сонда ыңғайсыз  болмай ма?

ИВЛ үшін ең маңыздысы ауа ағынын айдау көрсеткіші. Biyovent –те ол  120 л/мин, ал аппараттың салмағы - 55 кг (компрессорсыз).

Сонмен бірге буклетте комплектте ИВЛ - дың өте маңызды бөлшегі – ылғалдандырғыштың бары немесе жоғы туралы ақпарат жоқ, ылғалдандырғышсыз ауаны өкпеге жіберу науқастың денсаулығына қауіпты.

Салыстыру үшін айтар болсақ, «Зислайн» ИВЛ –дары турбалы  болып келеді, ол ИВЛ ішінде және аппараттың бағасына кіреді, оған компрессордың керегі жоқ. Турбалы ИВЛ автоматты ылғалдандырғышпен бірге ауаны әлдеқайда күшті үрлейді, яғни автоматты ылғалдандырғышпен ауаның зор ағыны 180 л/мин құрайды, бұл пациенттің өмір сүруін сақтауға өте маңызды. Апараттың салмағы бар болғаны -35 кг, яғни ол бір жарым есе жинақы деген сөз. 

Мүмкін біз қателесетін шығармыз, олай болса Biyovent ИВЛ –ының артықшылықтарын көрсетуі керек.

  1. Мен «ОралМедРегион» ЖШС қызметкерлерін жақсы көргеннен бұл мәселені егжей-тегжейлі айтып отырған жоқпын. «Ақ жол» Демократиялық партиясы ұлттық бизнес партиясы ретінде кез-келген қазақстандық кәсіпорындардың заңды мүдделерін қорғап келеді және алдағы уақытта да қорғай береді. Біз басқа да осындай оқиғалар бойынша көптеген сауалдар жолдағанымызды айта аламын. Жалғыз ғана шарт - жоғары сапалы өнімдер шығаратын және адал бәскелестікте жұмыс істейтін  адал бизнес болуы қажет.

Қазақстандық кәсіпкерлерді қолдау біздің басты ұстанатын қағидаларымыз. Осы мақсатта «Ақ жол» фракциясы 27 мамырдағы Парламент отырысында Үкіметтен қазақстандық кәсіпорындарда қажетті көлемде шығарылатын тауарлар бойынша  уақытша шетелдік компанияларға мемлекеттік сатып алуларға қатысуға тиым салуды талап етті. Біз бұл тиым  ЕАЭС елдерінің компанияларына да қатысты болуы керек деп санаймыз, егер мұндай мүмкіндіктер ұлттық мүдде үшін заңдармен ескерілген болса. Қазіргі әлеуметтік және экономикалық дағдарыс ұлт үшін осындай қауіп –қатерлерді төндіріп тұр. 

  1. Енді ең бастысын айтайық. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінен алған хатта    Biyovent  ИВЛ –дары «Қазақстан инжиринг» базасында бірлескен кәсіпорында шығарылатын болады делінген. Дегенмен өндірісті іске қосу, қазақстандық өнім мазмұнын бағалау (қазақстандық өнім мәртебесін алу үшін) белгілі бір уақытты қажет етеді. Бұл аппараттар тікелей Түркиядан алынса 50% қазақстандық мазмұнсыз шетелдік , яғни импорттық болып саналады. Қазақстандық тарап жобаны қандай комплекттермен жабдықтайды, қандай операцияларды жүргізеді  және тауар құнындағы оның үлесі қандай – мұның бәрін белгіленген тәртіпте бағалауға және дәлеледеуге тура келеді.  

ҚР Президенті Тоқаевтың  шешімімен осы жылғы тамыздың аяғына дейін отандық материалдар мен құрал-жабдықтарды мүмкіндігіше пайдалануға құрылған отандық тауар өндірушілерді қолдауға бағытталған мемлекеттік сатып алудың ерекше тәртібі жұмыс істейді. Осыған байланысты Атырау әкімдігінің аталған мемлекеттік сатып алудың ерекше тәртібін және Президенттің тапсырмасын орындайтыны сұрақ туғызады.

Бүгінде күн сайын азаматтарымыз қайтыс болуда, ауруханаларда ИВЛ мүлдем жетіспейді. Мен мұны ел өңірлеріне барған жұмыс сапарларымнан білемін. Бір күн кешігу адам өмірін жоғалтумен тең. Ол үшін кім жауап береді?

Бұрын мен өзімнің твиттерімде адамдарды коронавирус қана емес, сыбайластық жемқорлық та,  адамдардың тағдырына неқұрайлылық та өлтіруде  деген болатынмын.

Қолда бар ИВЛ –дарды жабдықтау туралы келісім-шартты бұзып және оны тіпті бір аптаға болсын алып тастау – онсызда қиын жағдайдағы Атырау облысының тағы бірнеше тұрғынының өмірін қию дегенмен пара-пар. Келісімшартта көрсетілген алғашқы 45 құрылғыны жеткізуге болады, ал, екінші кәсіпорын іске қосылғанда - өз өнімдерін қосуы мүмкін емес пе? Ресми мәліметтерге сәйкес, елде механикалық желдету қажеттілігі 3105 бірлікті құрайды, баспасөзде бұл сан 5 мыңнан асады.
Адамдардың тағдыры маңызды ма әлде нарықтың 1% үшін келісімшарт па? Тағы да, бұл мәселенің бағасы - біздің азаматтарымыздың өмірі. 

  1. «OралМедРегиог» ЖШС жинаған желдеткіштердің отандық шығу тегі туралы күмәнмен қарайтын, сонымен бірге осы ЖШС-ге менің жеке қызығушылығым туралы болжамдар айтылған пікірлер бар.
    Біріншіден, менімен осы мәселе бойынша байланысқан кезде көрсетілген ЖШС отандық тауар өндірушінің СТ-KZ сертификатын ұсынды, оның жергілікті үлесі - 54%. Компания нарықта 10 жылдан бері жұмыс істейді, олардың желдеткіштері, ресейлік технологияларды қолданумен жасалған болса да, отандық болып танылады. Күмән келтірушілер куәлікті тексеру үшін уәкілетті органдармен байланыса алады, мен мұндай өтінішке қол қоюға дайынмын.
    Менің қызығушылығыма келетін болсақ, иә, мен қазақстандық кәсіпорындардың өсуіне, технологиялық өнімдер (оның ішінде медициналық жабдықтар) өндірісіне, жаңа жұмыс орындарын құруға қызығушылық танытамын. Мұны менің жеке ісім деп санаймын және кез-келген бастама үшін күресуге дайынмын.
    Бірақ мен жеке«OралМедРегион" ЖШС-ін емес, қазақстандық өндірушіні қорғаймын. Осыған ұқсас «ASELSAN инжиниринг» ЖШС өндірісін құру туралы ҚР СІМ-нің жауабы менің түсінушілігім мен қолдауымды тудырды. Мен бұл жобаға көмектесуге дайынмын, егер бұл іс жүзінде жүзеге асатын болса, «OралМедРегион» ЖШС-нің мықты бәсекелесі болатындығына және механикалық желдету бағасын неғұрлым қолайлыға дейін төмендетуге мәжбүр ететін болсам, қуанамын. Өйткені, әлі де болса 13 миллион қымбат.
  2. Соңында –  бұрын хабарлағандай, мен ҚР Премьер –Министрі А.Маминнің атына және «Парламент және оның депуаттарының мәртебесі туралы» Заңына сәйкес ресми жауап күтемін.

Сонымен қатар, Атырау облысы әкімдігінің «түсіндірмесі» жарияланғаннан кейін бізде қосымша сұрақтар болды, олардың кейбірін мен жоғарыда көтердім. Дүйсенбіде мен премьер-министрге осы өтінішке қосымша жіберемін, атап айтқанда одан желдетудің екі түрінің салыстырмалы техникалық сипаттамаларын беруді сұраймын.