27
Қантар

Президенттің экономикалық қылмыстарға қарсы күрес жөніндегі жаңа агенттік құру туралы шешіміне байланысты "Ақ жол" қызмет аясы қайталанатын ведомстволарды жоюды талап етті

27 қаңтар 2021 жыл, "Ақ жол" демократиялық партиясының баспасөз қызметі

Президенттің экономикалық қылмыстарға қарсы күрес жөніндегі жаңа агенттік құру туралы шешіміне байланысты "Ақ жол" қызметі қайталанатын ведомстволарды жоюды талап етті. Аталмыш мәселе көрсетілген Премьер-Министрдің атына жолданған депутаттық сауалды бүгін Мәжілістің жалпы отырысында Азат Перуашев мәлімдеді.

Кеше Үкімет отырысында Президент Қ.Тоқаев бірқатар маңызды тапсырмалар бергені белгілі.

Атап айтқанда, Президенттің аса резонансты бастамаларының ішінен Азат Перуашев экономикалық қылмыстармен күрес жөніндегі жаңа агенттік құруды атап өтті. Оның мақсаты жалған кәсіпорындармен және қасақана төлемеушілермен жұмыс жасау болып табылады.

"Сонымен қатар, елімізде осыған ұқсас мәселелермен айналысатын кемінде екі мемлекеттік орган бар – бұл Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс - қимыл агенттігі және ҚР Қаржы министрлігінің Экономикалық тергеу қызметі", - деп бөлісті "Ақ жол" партиясының төрағасы.

Перуашев атап өткендей, олардың қызметі қандай да бір түрде бизнесті басумен байланысты. Ол өткен жылы "Ақ жол" фракциясының сұрауы бойынша Бас прокуратура 16 заңсыз қылмыстық істі тоқтатқанын және кәсіпкерлердің заңды құқықтарын бұзғаны үшін Экономикалық тергеу қызметінің 150 қызметкерін жауапқа тартқанын еске салды.

"Осыған байланысты, бизнеске екі есе емес, үш есе қысым жасауды болдырмау үшін "Ақ жол" фракциясы аталған мемлекеттік органдардың салалары мен өкілеттіктерінің аражігін нақты ажыратуды, сондай-ақ жаңадан құрылатын агенттіктің функцияларын қайталайтындарды жоюды талап етеді", - делінген депутаттық сауалда.

"Ақжолдықтардың" пікірінше, бұл шешімдер ауадай қажет, өйткені кәсіпкерлердің айтуынша, қомақты сомаларды заңсыз қолма-қол ақшаға айналдыру және салықтан жалтару схемалары көбінесе бопсалау және пара алу жемқор шенеуніктердің ісі болғанымен, жауапкершілік бизнеске жүктелуде.

"Жаңа агенттік осындай кемшіліктерге жол бермейді деп үміттенеміз", - деді Перуашев.