7 мамыр 2021 жыл, «Ақ жол» демократиялық партиясының Қызылорда облыстық филиалы
"Ақ жол" демократиялық партиясының Қызылорда облыстық филиалының белсенді жастары Отан қорғаушылар күні аясында сенбілік өткізді.
Олар қаладағы Ашаршылық және саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу мемориалына барып, Қазақ елінің тәуелсіздігімен ұлттық мүдде үшін тар жолда тайғақ кешіп, мұз жастанып, от кешкен саяси қуғын-сүргін құрбандарының рухына тағзым етті.
Ашаршылық және саяси қуғын-сүргін құрбандарына арналған мемориалды ескерткіші 1998 жылы 1930-1940 жылдары саяси жазалау құрбандарының жерленген орнында орнатылған. Оның биіктігі – 10 метр.
Мұнан соң мемориалды ескерткіш айналасын тазалап, төңірегін қоқыстан тазарты.
- Өскелең ұрпақтың санасында өткен дәуір тарихын жаңғыртып, Алаш қайраткерлері мен ашаршылықтан қаза тапқан ата-бабамызды еске алу, олардың рухына құран бағыштау әрқайсымыздың парызымыз, деді филиал төрағасының орынбасары Шарбану Қонақбайқызы.
Жастар алдағы уақытта мемориал айналасына ағаш көшеттері отырғызып, гүлдендіруді қолға алмақ.