8 сәуір 2022 жыл, «Ақ жол» демократиялық партиясының Ақмола облыстық филиалы
Саят Сыздықов «Ақ жол» партиясы Ақмола облыстық филиалының төрағасы болып сайланды. Бүгін Көкшетауда филиалдың кезекті есеп беру-сайлау конференциясы өтті. Конференция жұмысына Мәжіліс депутаттары Берік Дүйсембинов, Серік Ерубаев, Ерлік Өмірғали, жергілікті мәслихат депутаттары, партия белсенділері қатысты.
Филиалдың қазіргі басшысы Борис Мельников филиалдың жұмысы туралы есеп беріп, қызметінен өз еркімен босатуды сұрады. Конференцияға қатысушылар филиал мен оның төрағасының жұмысына оң бағасын берді.
Жаңа төраға болып бірауыздан Саят Сыздықов болып сайланды.
Саят Төлегенұлы Сыздықов - Көкшетау облысының тумасы.
Біраз жылдар бойы бірқатар кәсіпорындардың байқау басқарушысы, «Қаржы берешектерімен жұмыс жөніндегі орталық» АҚ Ақмола облысы және Астана қаласы бойынша филиалының директоры, ҚР АШМ мемлекеттік инспекция комитетінің инспекторы, «Есіл» ӘКК активтерді басқару департаментінің директоры болып жұмыс істеді.
Қазіргі уақытта – «Kokshe» ӘКК» АҚ Басқарма төрағасының м.а.