15
Желтоқсан

Семейлік белсенділер қоғамдық марапатқа ие болды

15 желтоқсан 2021 жыл, «Ақ жол» Демократиялық партиясының Шығыс Қазақстан облыстық филиалы

Семей қаласында Тәуелсіздіктің 30 жылдық мерейтойына орай «Ақ жол» партиясы өңірлік филиалында салтанатты жиын өтті. «Ақ жол» демократиялық партиясы Семей қалалық филиалының төрағасы Рахат Алтай бір топ қоғам қайраткерлері мен белсенділерді мерекелік медальдермен марапаттады.

Олардың қатарында:

1.      Сұлтанбеков Айтқали Жақсыбекұлы, Жарма ауданының Жарма станциясының орта мектебінің директоры 43 жыл ұстаздық қызмет атқарған.

2.      Жорғатаев Қаныбек Әскербекұлы Тарбағатай ауданында мемлекеттік қызметкер. «Ақ жол» партиясының 20 жылдай мүшесі. Аудан халқына құрметті азамат.

3.      Бейсекенов Серікболат Базылұлы ЖШС «АйСБ» директоры. Семейдегі аспалы көпір құрылысына қатысқан. Қалаға танылмалы кәсіпкер.

4.      Абраменко Галина Ивановна «ЖШС «Семипалатинский профсервис» директоры. 40 жылдай кәсіподақ ұйымында қызмет атқарады.

5.      Айманов Дәуренбек Барқыұлы «Шөптіғақ» шаруа қожалығының басшысы. Семей қаласының тұрғындарын қымыз өнімдерімен қамтамасыз етеді. Жағдайы төмен отбасыларға үнемі қаржылай көмек көрсетеді.

6.      Ауытқанова Сәниә Бекежанқызы ЖК «Сән – иә» тігін фабрикасында 40 жыл еңбек етіп халыққа қызмет көрсетті.

7.      Абдрахманов Маутхан Құрманбайұлыкәсіпкер. Жаңғыз – төбе станциясында «Жанар жағармай қоймасының директоры. Зайсан, Тарбағатай, Көкпекті, Жарма, Аягөз, Ұржар аудандарының халқын «Жанар жағар маймен қамтамасыз етіп, облыстың экономикасын көтеруге көмек көрсетуде.

8.      Қасенов Әміржан Леонидұлы Шәкәрім университетінің проректоры. Ғылым докторы студенттерді тәрбиелеуге еңбегі зор.

9.      Шакеров Бағдат Социалұлы медицина саласының қызметкері – хирург. Қала халқына құрметті азамат.

10.    Уалиев Балағазы Нәсіпбекұлы «Казполиграф» ЖШС –нің қызметкері.

Жиынға, сонымен бірге, Семей қалалық мәслихатының депутаттары Гүлжанат Рахатқызы мен Анатолий Калинкин де қатысып, жиналғандарды Тәуелсіздік күнімен құттықтады.

Сондай-ақ, салтанатты жиында Тлеубердинов Серікқазы Мұратқазыұлы, Ботагөз Әскербекқызы «Covid-19 жанқиярлық күресі үшін» төсбелгілерімен марапатталды.

Марапат иелері «Ақ жол» партиясына алғыстарын айтып, ризашылықтарын білдірді.