22
Ақпан

Серік Ерубаев Атырау облыстық полиция департаментінде болды

22 ақпан 2022 жыл, «Ақ жол» партиясының Атырау облысындағы филиалы

Бүгін ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты, "Ақ жол" фракциясының мүшесі Серік Ерубаев Атырау облыстық полиция департаментінде жеке құраммен кездесті.

Кездесуге "Ақ жол" партиясы Атырау облыстық филиалының төрағасы Ермекқали Юсупов, облыстық полиция департаментінің бастығы Нұрхат Оразбаев және БАҚ өкілдері  қатысты.

Полиция департаментінің өкілдері қаңтар айындағы қайғылы оқиға кезінде Атырауда басқа қалалардағыдай тонау фактілері тіркелмегенін, жаппай тәртіпсіздік кезінде 57 тәртіп сақшысы жарақат алғанын жеткізді. Қызмет бабында жарақаттанған қызметкерлермен де кездесуді ұсынды.  

Өз қызметін абыроймен атқарған атыраулық тәртіп сақшыларына халық қалаулысы ризашылығын білдіріп, Ішкі істер органдары туралы заң жобасы қаралып жатқанын тілге тиек етті.

Еске салайық Заң жобасының бірқатар нормалары құқық қорғау органдарының қызметкерлерін материалдық қамтамасыз ету және әлеуметтік қорғау оның ішінде бұрынғы қызметкерлерін зейнетақымен қамтамасыз ету мәселелерін қамтиды.            

Депутат оқиға барысында арандап қалғандарға әділ шешім шығырып, бүлікшілерге заң тұрғысынан қатаң жазаға тарту керектігіне де тоқталды. Мәжілісімен сөз соңында «Азаматтардың құқығы жерге тапталмауы керек» деп нықтылады.