02
Қараша

Шымкент қалалық филиалының кезектен тыс конференциясы өтті

2 қараша 2020 жыл, «Ақ жол» партиясының Шымкент қалалық филиалы

Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партиясы Шымкент қалалық филиалының кезектен тыс конференциясы өтті. Шараға партия белсенділері, кәсіпкерлер мен БАҚ өкілдері қатысты.

Конференцияда “Ақ жол” партиясының кезектен тыс XVI съезіне Шымкент қаласынан қатысатын делегаттарды сайлау, партия қатарына азаматтарды қабылдау мәселесі қаралды.

«Ақ жол» партиясы Шымкент филиалының төрағасы Әлімхан Әбжанов филиалдың атқарған жұмыстары туралы, сайлау заңнамасындағы өзгерістер бойынша баяндама жасады.

Мұнан соң қалалық кеңес мүшелерінің дауыс беруімен Шымкент қалалық филиалынан “Ақ жол” партиясының кезектен тыс XVI съезіне 10 делегат сайланды. 

Конференцияның күн тәртібіндегі мәселелер толық қаралып, хаттама толтырылды.