18 мамыр 2022 жыл, «Ақ жол»
демократиялық партиясының Түркістан облыстық филиалы
«Ақ жол» партиясының
20 жылдық мерейтойына орай Түркістан облыстық филиалы жастар арасында мамырдың 16-18
аралығы пікірсайыс жарысы өтті.
Аталмыш сөз жарысқа Ахмет Ясауи атындағы
халықаралық қазақ-түрік университетінің студенттері қатысты.
Сөзжарыста спикерлер бірнеше тақырыптар бойынша сайысқа түсті.
Атап айтқанда, демократия
және парламентаризм, нарықтық экономика және кәсіпкерлікті қолдау,
Тәуелсіздік және «Алаш» ұлттық идеясы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес және
деофшоризациялау, әлеуметтік әділеттілік және өмір сапасын арттыру тақырыптары талқыланды.
Дебат барысында қатысушылар тарапынан тақырыптың өзектілігі
кеңінен айтылды. Әр команда өз білімдерін биік деңгейде көрсетті.
«Осындай турнирлердің
арқасында жастар сыни тұрғыдан ойлай алады. Қандай да бір мәселелерді шешуде
креативті көзқарас дағдыларын дамыта алады. Пікірсайыс деген - дәлелді сөз саптауға баулиды,
балаларды өз ой-пікірін нақты әрі тұжырымды жеткізе алуына көмек береді.», - дейді «Ақ жол» партиясы Түркістан
облыстық филиал төрағасының орынбасары
Нұржан Есенбаев.
Сайыс соңында төрешілер
қатысушыларға әділ бағасын беріп, әртүрлі номинациялар бойынша қатысушыларды марапаттады.
«Үздік спикер» номинациясы - Бақтияр Арманға бұйырды. ІІІ орынды Мадина
Үсен мен Рақымжан Есбалта еншіледі. Ал,
ІІ орынды Алмас Баймұрат пен Сағи
Қанжігіт өзара бөліссе, І орынға Бекжан Дәуіржан мен Бахтияр Арман лайық деп танылды.
Жеңімпаз фракция Астанада өтетін дебат жарысына
жолдама алды.
Талантымен топ жарған
қатысушыларға «Ақ жол» партиясының Түркістан облыстық филиал өкілдері 160
000 теңге мөлшерінде қаржылай сыйлық
табыстады.