30 шілде 2021 жыл, «Ақ жол» демократиялық партиясының Түркістан облыстық филиалы
Батыстағы ағайынға көмек көрсетуде Оңтүстік өлкесі белсенді.
Қуаңшылықтан малы жүдеп, жұт қысқан жұртқа Сарыағаш ауданынан 5 вагон шөп жіберілді. Маңғыстау өңіріне арналған кезекті көмекке «Ақ жол» демократиялық партиясының Түркістан облыстық филиалы мұрындық болды.
- Биылғы құрғақшылық ешбір елге оңай соғып тұрған жоқ. Шөптің шығыма да жылдағыдан нашар. Дегенмен, өздерінде бар мәселеге қарамастан өзгеге көмектесуге Сарыағаштықтар белсене кірісті. Ал, «Ақ жол» партиясының Түркістандық өкілдері бұл бастаманы қос қолдап қолдады, - деді партияның Түркістан облыстық мәслихатының депутаты Сұлтан Көшенов.
8 000 бума шөппен 5 вагонды толтырған түркістандықтар, елдің батысындағы жәйт жандарына батқандығын айтады.
Белсенділер жинаған шөпті, партияның депуттары жөнелтуге көмек берді. Бүгінге дейін батысқа бұл өңірден 80-нен астам вагон шөп жіберілген.
Кезекті игі іске білек сыбана кіріскен «Ақ жолдықтарға» еріктілер де алғысын білдірді.