28
Желтоқсан

Ұлттық кітапхана ұжымы «Ақ жолдың» әлеуметтік саладағы бастамасын қолдады

28 желтоқсан 2020 жыл, «Ақ жол» демократиялық партиясының Астана қалалық филиалы

Кітапханашылар «Ақ жолдың» әлеуметтік саладағы бастамаларын қолдайды. Демократиялық партияның кандидаттары елордалықтарды өздерінің сайлауалды бағдарламасымен таныстырды.

Дания Еспаева мен Сұлтан Хан Жүсіп Ұлттық кітапхана ұжымымен кездесті. «Ақжолдықтар» «Түбегейлі өзгерістер қажет» сайлауалды бағдарламасы мен партия қызметі туралы айтып берді.

Кітапхана қызметкерлері «Ақ жолдың» әлеуметтік саладағы ұсыныстары мен бастамаларын ерекше ықыласпен қабылдады. Олардың айтуынша, Ұлттық кітапханада 140 адам жұмыс істейді, оның 40%-ы жастар. Қазіргі таңда ұрғын үй мәселесі өте өзекті болып отыр. Өйткені ұйым жалпы талаптарға сай келмейтіндіктен, тұрғын үй бойынша мемлекеттік бағдарламардың ешқайсысына қатыса алмайды.

Сондықтан партияның жастарға арналған жатақханалар салу жөніндегі ұсыныстары ерекше қолдау тапты.

«Бұл жастарды қолдау үшін өте қажетті шара. Сондай-ақ, біз сіздердің ипотеканы субсидиялау жөніндегі ұсыныстарыңызды да қолдаймыз», - деп атап өтті кітапханашылар.

Кездесуге қатысушылар ұзақ уақыттан бері салынып бітпеген үйлер («Баспана-Көктал» ТК) мәселесін де көтерді.

Сонымен қатар, олар балалар кітапханаларының қажеттілігі туралы айтты. Бүгінгі таңда елімізде 256 балалар кітапханасы бар, олардың 7-і ғана белгілі бір мәртебеге ие. Кітапхана қызметкерлерінің айтуынша бұл тақырып ата-аналарды да, мұғалімдерді де мазалайды.

Дания Еспаева кездесуге қатысушылардың көтерген барлық мәселелері назарға алынатынын және олардың партияның алдағы жұмысында пайдаланылатынын хабарлады.