23
Қазан

Жаңаөзен қаласында Каратэ-до Кекушинкайдан  ІІ Республикалық ашық турнирінің жалауы желбіреді

23 қазан 2021 жыл, "Ақ жол" демократиялық партиясының Маңғыстау облыстық филиалы

Бүгін Жаңаөзен қаласында кіл мықтының мықтысын анықтайтын байрақты бәсекенің шымылдығы түрілді. Дүбірлі додада еліміздің 9 өңірінен келген спортшылар бақ сынайды.
Салтанатты ашылуда еліміздің әнұраны ресми түрде ойналып, туы көтерілді.

Жаңаөзен қаласының әкімі Мақсат Ибағаров сөз сөйлеп, турнирді ашық деп жариялады.


Сондай-ақ "Ақ жол" партиясының төрағасы, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Азат Перуашев арнайы бейнежазба арқылы Республикалық ашық турнир ұйымдастырушыларына алғысын білдіріп, спортшыларға сәттілік тіледі.


Турнирдің ашылу рәсіміне Қазақстан жекпе - жек қауымдастығы президентінің кеңесшісі Құрмет Нүкенов, Маңғыстау облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Қанат Қошқарбайұлы, "Ақ жол" партиясының Маңғыстау облыстық филиалының төрағасы Жаңбырбай Матаев, Қазақстан Республикасының Кекушинкай Каратэ-До Федерациясының президенті Мұхтар Асанұлы, Жаңаөзен қаласының каратэ-до Кекушинкай федерациясының директоры Алдаберген Дуйсекенов және БАҚ өкілдері қатысты.

Аталған жарыс Маңғыстау облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының және Қазақстан Республикасының Кекушинкай Каратэ-До Федерациясы мен “Ақ жол” Партиясының Маңғыстау облыстық филиалы ұйымдастыруымен және "Адай автобөлшегі" мекемесі, "Өзенпромгеофизика" АҚ мен
Жаңаөзен қаласының “Сосa Cola” компаниясының демеушілігімен өтуде.

Осылайша егемен қазақ елінің ырысын еселеп, атағын әлемге паш еткен Маңғыстау мұнайының 60 жыл­ды­ғы мен Қазақстан Тәуелсіз­ді­гінің 30 жылдығына арналған каратэ-до Кекушинкайдан ІІ Республикалық ашық турнирі бастау алды.