23
Қыркүйек

«Жастар қанаты» жас суретшімен кездесті

23 қыркүйек 2020 жыл, «Ақ жол» партиясының Батыс Қазақстан облыстық филиалы

 «Ел іші – өнер кеніші» дегендей, талантты да талап­ты жастар ел ішінде елеусіз қалып қоймаса дей­міз. Елімізді алға сүйрейтін, мемлекеттің мерейін асы­ра­тын бүгінгі жастар. Осы мақсатта партияның Батыс Қазақстан облыстық филиалы полиглот, қаламыздың тұрғыны Алина Қожантаеваны қонаққа шақырды. Ол №7 мектепте оқиды. Жасы 13-те. Республикалық және халықаралық байқаулардың жеңімпазы.

Алина жас болса да біраз саланы меңгерген. Мысалы, ең алғаш 6 жасында ата-анасымен бірге Испанияға барып, бір аптаның ішінде испан тілін үйренген. Қазір 5 тілді біледі. Олардың қатарында қазақ, орыс, қытай, ағылшын, түрік. Қытай тілін қайта қолға алмақшы. Ең сүйікті пәні математика. Есеп шығарғанды жаны сүйеді. Саяхаттағанды ұнатады. Жаңа елді-мекендер оған шабыт сыйлайды, мотивация береді. Күнделікті қызықты естеліктерін видеоға түсіріп алып, оны монтаждайды.

Сонымен қатар, бағдарламалауды үйреніп жүр. Ал Алинаның ең басты қабілеті - суретті тамаша алады. Анасының айтуынша, 1 жасынан бастап-ақ қарындашты дұрыс ұстай алған. Суреттерінде шығармашылық еркіндік байқалады. Әсіресе белгілі тақырыпқа арналған суреттерінде философиялық тереңдік білінеді. «Қай мамандықты таңдамасам да, әрдайым сурет алуды бірге алып жүремін»-дейді Алина.

.