"Ақ жол" ҚДП Ақмола облыстық филиалының төрағасы
Сыздықов Саят Төлегенұлы 1977 жылы 23 қарашада Көкшетау облысы, Айыртау ауданы, Жұмысшы селосында дүниеге келген. 2000 жылы Көкшетау ауыл шаруашылығы институтын аяқтап, 2019 жылы Ресей халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет академиясын аяқтаған. Еңбек жолын «АБС» ЖШС директорының орынбасары қызметінен бастады.
2003-2007 жылдары - «Қаржылық қарыздармен жұмыс орталығы» АҚ Ақмола облысы және Астана қаласы бойынша филиалының аукциондар бойынша бас маманы (Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі).
2007 жылы «Қаржылық қарыздармен жұмыс орталығы» АҚ Ақмола облысы және Астана қаласы бойынша филиалының директоры болды.
2008 ж. - «KAZNORD-Oil» ЖШС директоры, Көкшетау қ.
12.2008-07.2013 жылдары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Мемлекеттік инспекция комитетінің
07.2013 жылдан 04.2014 жылға дейін - Ақмола облысы ауыл шаруашылығы басқармасының Мемлекеттік техникалық инспекция және механикаландыру бөлімінің инженер-инспекторы.
14.04.2014 - 27.04.2015 - «Есіл» ӘКК» ҰК» АҚ активтерді басқару департаментінің директоры, Көкшетау қ.
28.04.2015 - 25.12.2019 - «Көкшетау сервистік сатып алу орталығы» ЖШС директоры («Есіл» ӘКК ҰК АҚ еншілес ұйымы) Көкшетау қ.
25.12.2019 - 01.05.2021 - «КӨКШЕМАРКЕТ» ЖШС директоры («Есіл» ӘКК ҰК» АҚ (қазіргі «КӨКШЕ» ӘКК АҚ) тәуелді ұйымы).
2021 жылғы 25 ақпаннан бастап – «КӨКШЕ» ӘКК» АҚ басқарма төрағасының орынбасары.
05.03.2021 бастап – «КӨКШЕ» ӘКК» АҚ Басқарма төрағасы .
Үйленген, 4 баласы бар
Марапаттары: Қазақстан Республикасы Президентінің 2021 жылғы 2 желтоқсандағы Жарлығымен ""Қазақстан Тәуелсіздігіне 30-жыл""мерейтойлық медалімен марапатталған.