Кеше «Ақ
жол»
Демократиялық партиясының Төрағасы Азат
Перуашев Орталық Коммуникациялар Қызметі (ОКҚ) алаңында Мемлекеттік
кеңесші Ерлан Қариннің төрағалығымен өткен Парламенттік реформа жөніндегі Жұмыс
тобының отырысына қатысты.
Отырыс барысында
жұмыс тобы мүшелері мен саяси партиялардың алғашқы бес негізгі мәселе бойынша ұстанымдары мен ұсыныстары талқыланды.
Атап айтқанда:
·
Бір
палаталы парламенттің тиімді сандық құрамы;
·
Оның
депутаттарына қойылатын квалификациялық талаптар;
·
Парламент
депутаттарын сайлау жүйесі;
·
Олардың
өкілеттік мерзімі;
·
Партиялық
тізімдегі квоталар жөніндегі мәселелер қарастырылды.
Пікірталас қарқынды өтті. Топ мүшелерінің
барлығына өз ойларын бірнеше рет білдіруге мүмкіндік берілді. Талқылау
барысында ұстанымдардың жақын келетін тұстары да, белгілі бір келіспеушілік
тудыратын тұстары да анықталды. Бұл жауапты іс үшін мұндай пікір алуандығы
қалыпты жағдай деп бағаланады.
Жұмыс тобы
мүшелері ортақ келісім бойынша, келісілген ұстаным жария етілгенге дейін
талқылаулардың мән-жайларын жарияламауға шешім қабылдады. Барлық айтылған
уәждер хатталып, ескертулер қағазға түртіп алынды.

Төраға Азат
Перуашев пікір алмасудың ашық атмосферасын оң бағалап, осындай қарқынмен жұмыс
істеу арқылы өзара тиімді шешімдердің уақтылы қабылданатынына сенім білдірді.