1. Жалпы
ереже
1.1. Осы ереже фотобайқауды (әрі қарай – Байқау) ұйымдастыру мен өткізудің мақсат-міндеттерін, қатысушыларды іріктеу тәртібі мен өткізу мерзімін айқындайды.
2. Мақсаты мен міндеті
2.1. Байқау портреттік, тақырыптық және өзге де жанрдағы
Қазақстанның әсем табиғатын, қарапайым еңбек адамдарының тұрмыс-тіршілігі мен
келбетін, Қазақ тарихының маңызды оқиғаларын, Алаш ұстанымын насихаттауды
фотосурет арқылы сипаты мен мазмұнын ашу.
2.2. Фото өнермен айналысатын шығармашыл адамдардың қабілетін шыңдауға және оларға БАҚ пен жұртшылықтың назарын аударту;
3. Байқау ұйымдастырушылары
3.1. «Ақ жол» демократиялық партиясы (әрі қарай - Ұйымдастырушы).
3.2. Ұйымдастырушы - қатысушылардың өтініштерін қабылдауды
жүзеге асырады, комиссия құрамын бекітеді және байқау қорытындысын жариялайды.
3.3. Байқау комиссиясы (құрамында 5 адам) - байқау
жұмыстарын бағалайды және жеңімпаздарды анықтайды.
3.4. Ұйымдастырушылар Байқауға өтініш берген қатысушының жұмыстары байқау тақырыбының талаптарына сай келмесе, фотобайқауға қатыстырмауға құқығы бар.
4. Байқау талаптары
4.1. Қатысушыларға қойылтын
іріктеу талаптары:
4.1.1. Байқауға жас ерекшелігіне, мамандығына
қарамастан, Қазақстан Республикасы азаматы болып табылатын кәсіби және әуесқой
фотографтар қатыса алады.
4.2. Жұмыстарға қойылатын
негізгі талаптар:
4.2.1. Әрбір қатысушының байқауға жіберген жұмысы 5 (бес)
суреттен кем және артық болмауы тиіс.
4.2.2. Бір автор тарапынан байқауға ұсынылған 5 (бес) сурет
жанры, тақырыптық сипаты және мазмұны жағынан әртүрлі болуы шарт.
4.2.3. Байқауға электрондық нұсқадағы фотожұмыстар
қабылданып, рецензияланбайды және қайтарылмайды.
4.2.4. Фотосуреттер 2023 жылдың 31 желтоқсанына дейін https://docs.google.com/forms/d/e/1FAIpQLSd3FuAc3pPS7x06cyVDln5dWqpiYICXD1CbbbayEbqIwuuT9w/viewform?hl=ru сілтемесіне тіркелу арқылы қабылданады.
4.2.5. Тіркелу барысында әрбір жұмыста автор туралы
деректер аты- жөні және жұмыстарының атаулары толыққанды түрде көрсетілуі тиіс.
4.3. Қатысушылардың фотосуреттеріне
қойылатын техникалық талаптар:
4.3.1. JPG/JPEG форматтарында болуы;
4.3.2. Әрбір суреттің көлемі 5 Мb-тан аспауы тиіс;
4.3.3. Суреттердің файлдық атауы «Аты-жөні және реттік
нөмірі» форматында сақтап тіркелуі тиіс. Мысалы:
«Нурланов1.jpg», «Нурланов2.jpg», «Нурланов3.jpg» және т.б.
4.3.4. Байқауға ұялы телефонға түсірілген суреттерге
рұқсат етіледі.
4.3.5. Конкурсқа қатысу конкурс шарттарымен келісімді
білдіреді.
4.3.6. Фотосуреттерін тіркеуден өткізген автор өзінің
әлеуметтік (Instagram, Facebook) парақшасында #aqjol_photobaiqau хэштегін,
@akzhol_partiyasy (Instagram), «Ақ жол» партиясы (Facebook) аккаунттарын
білгілеу арқылы орналастыруы тиіс.
4.3.7. Анықтама телефоны: 8 (7172) 602-673, электронды
пошта: press-akzhol@mail.ru
4.4. Жұмыстардың бағалануы:
- Фотобайқаудың тақырыбына сай болуы;
- Орындау техникасы мен сапасы;
- Идеясының өзгешелігі мен жұмыстың мазмұны;
- Жұмыстың әсерлілігі;
- Жалпы қабылдау.
5. Байқауға қатысушылардың құқықтары мен міндеттері
5.1. Қатысушы байқауға өз суретін жібере отырып, фотоның
авторы өзі екендігіне және ол ешкімнің авторлық құқығын бұзбайтындығына,
сондай-ақ сурет бұрын ешқандай фотобайқауға ұсынылмағандығына және ешқандай
басылымда/интернет-ресурста жарияланбағанына кепілдік береді.
5.2. Фотобайқауға қатысушылар авторлық және сабақтас
құқықтардың сақталуы бойынша жауапкершілікті өз мойнына алады. Байқауға
қатысушының суреттеріне қатысты үшінші тараптан қандайда бір шағым түскен
жағдайда қатысушы мәселені өз мүмкіндіктеріне сүйеніп, тиісті шығындарын өз
есебінен жабу арқылы шешуге міндеттеледі.
5.3. Қатысушы байқауға өз суретін жібере отырып,
байқауға қатысуға келісім беретіндігін және осы Ережеде көрсетілген байқаудың
шарттарымен келісетіндігін растайды.
5.4. Қатысушы байқауға өз суретін жібере отырып,
Ұйымдастырушыларға болашақта өз фотоларын электронды және баспалы БАҚ-да,
Ұйымдастырушының сайты (https://akzhol.kz/) мен әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларында
авторлық қаламақысыз және коммерциялық емес мақсатта шектеусіз көлемде
пайдалануға келісім береді. Ұйымдастырушылар фотобайқауға қатысушының суретін
әрбір қолданған кезде автордың аты-жөнін тиісті талаптарға сәйкес көрсететін
болады.
5.5. Жіберілген
суреттер фотобайқауға қатыстырылмайды:
- фотобайқаудың тақырыбына сай келмесе;
- суреттің шығармашылық және техникалық сапасы нашар
болса;
- фото эротикалық мазмұнда және суреттерде зорлық-зомбылыққа,
ұлттық, нәсілдік және діни төзбеушілікке шақыру белгісі байқалса;
- анонимді (автор туралы нақты әрі шынайы ақпарат
берілмесе) болса.
5.6. Ұйымдастырушылардың тиісті сапалық және
техникалық талаптарға сай келмейтін суреттерді авторға себебін түсіндірмей,
байқауға қатыстырмауға құқығы бар.
5.7. Байқауда жүлделі орын алған фотосуреттерді ұйымдастырушылардың өз сайттары мен әлеуметтік желідегі ресми парақшаларында жариялауға құқығы бар.
6. Байқаудың өткізу мерзімі
6.1. Қатысушылар https://docs.google.com/forms/d/e/1FAIpQLSd3FuAc3pPS7x06cyVDln5dWqpiYICXD1CbbbayEbqIwuuT9w/viewform?hl=ru сілтемесі арқылы 2023 жылдың 31 желтоқсанға дейін өтінім беріп, фотожұмысын жүктеуі тиіс.
6.2. Жұмыстарға дауыс
беру «Ақ жол» партиясының ресми сайтында https://akzhol.kz/fotokonkurs-2/ сілтемесі бойынша жүргізіледі.
6.3. Дауыс беру нәтижесі
бойынша ең көп дауыс жинаған 20 жұмыс байқау комиссиясының бағалауына
жіберіледі.
6.4. Қорытынды 2024 жылдың 30 қаңтарына дейін жарияланады және Байқау жеңімпаздары
марапатталады.
6.5. Қазылар алқасының шешімі соңғы шешім болып табылады. Қазылар алқасы ұсынылған жұмыстардың қайсысы фотокөрменің экспозиция құрамына енетінін анықтауға құқығы бар.
7. Қорытындылау
7.1. Байқаудың жеңімпаздарын
тәуелсіз кәсіби сарапшылардан тұратын қазылар алқасы анықтайды;
7.2. Байқаудың жалпы жүлде қоры 2 000 000 (екі миллион) теңге.
Кәсіби фотографтар үшін;
I орын – 600 000
(алты жүз мың) теңге
II орын –
400 000 (төрт жүз мың) теңге
III орын – 200 000 (екі жүз мың) теңге
Әуесқой фотографтар үшін;
I орын – 300 000
(үш жүз мың) теңге
II орын –
200 000 (екі жүз мың) теңге
III орын – 100 000 (жүз мың) теңге
Ынталдандыру сыйақысы 50 000 (елу мың) теңгеден 4 (төрт) адамға;
7.3. Байқау нәтижелері
қазылар алқасының шешімімен бекітіліп, «Ақ жол» демократиялық партиясының ресми сайты https://akzhol.kz мен әлеуметтік желілерде https://www.facebook.com/aqjolpartiyasy/, https://www.instagram.com/akzhol_partiyasy/ жарияланады
7.4. Байқау жеңімпаздары
анықталғаннан кейін Ұйымдастырушы жеңімпаздарға фотобайқау нәтижесін электронды
пошта арқылы хабарлайды.
7.5. Байқау жеңімпаздарының
жұмыстарымен фотокөрме ұйымдастырылады. Фотосуреттер республикалық «Қазақ үні»
газетінде жарық көреді.
7.6. Жеңімпаздар жүлделерін
алу үшін Байқаудың жеңімпазы атанғаны туралы хабарлама алғаннан кейінгі отыз
күннің ішінде Ұйымдастырушының мекенжайына өздерімен бірге төлқұжаттарын ала
келуі тиіс. Жеңімпаз марапатын алуға өзі келе алмайтын жағдайда, жүлдеге
сенімхатта аты-жөні көрсетілген өкілі арқылы немесе ұйымдастырушының электронды
поштасына (press-akzhol@mail.ru) өз төлқұжатының
көшірмесін, банктегі есепшотының нөмірін және нақты пошта адресін жіберу
арқылы қол жеткізе алады.
7.7. Жеңімпаздар осы
Ереженің 7.6. тармағында көрсетілген талапты орындамаған жағдайда сыйлыққа ие
болу құқығынан айырылады.
7.8. Егер жеңімпаз
Ұйымдастырушыларға банктегі есепшотының нөмірі мен пошта адресін жіберуде
қателікке жол беріп, нәтижесінде сыйақы мен сыйлық оған жетпесе, Ұйымдастырушы
марапатты жеткізуде өз міндеттерін толық орындаған болып есептеледі.