04
Наурыз

04.03.2026

Таяу Шығыста қалған қазақстандықтарды эвакуациялауға байланысты жүйелі сабақтар

Премьер Министрдің

бірінші орынбасарына

Р.Склярға

Таяу шығыстағы әскери қақтығыс жағдайында тікелей және баламалы бағыттар арқылы біздің азаматтарды эвакуациялау әрекеті Қ. Тоқаевтың Қауіпсіздік Кеңесінің отырысында тікелей берілген тапсырмасына сай жүргізілуде.

Үкімет пен жеке бизнестің үйлестірілген және жедел өзара іс-қимылы нәтижесінде, барлық қазақстандықтар жақын арада елге аман-есен оралады деген сенімдеміз.

«Туристік Қамқор» қорының мәліметінше, белсенді ұрыс қимылдары басталған сәтте, Біріккен Араб Әмірліктерінде 3 мыңға жуық қазақстандық азамат, Катарда – 1 мыңнан астам, Мекке мен Мединада – 200-ге жуық адам болған. Бұл тек туристер ғана.

Сонымен қатар, бұл аймақтарда тұрақты қоныс ететін азаматтар мен студенттер де бар екенін ескеру қажет және олардың көбісі, әрине, елге оралуды қалайды.

Зымыран соққыларымен алмасу нәтижесінде, таяу шығыс елдерінде азаматтық әуе қатынасы тоқтатылып немесе шектелген болатын.

Жағдай Ушыққаннан кейін, белсенділігі шектеулі әуежайлар аймақтан қашқан аса байлар мен топ-менеджерлер үшін негізгі нысанаға айналды. Сұраныстың артуы, коммерциялық рейстерінің бағасын жүздеген мың долларға дейін көтерді.

Бұл ретте айта кету керек, екі белгілі қазақстандық банк жанжал аймағында қалған өз клиенттеріне қаржылық қолдау көрсететінін жариялады.

Осымен қатар, Көлік министрлігіндегі жедел штаб отырысында-да, отандық авиакомпаниялар, әуе кеңістігі ашылған кезде, әуе кемелерін ұсынуға дайын екендіктерін мәлімдеді.

Бұл бизнестің әлеуметтік жауапкершілігінің көрсетеді.

Аталған шаралар ерікті және оны жеке компаниялар жүзеге асыратының ескерсек, адамдарды эвакуациялау қандай көздер есебінен қамтамасыз етіледі деген сұрақ туындайды?

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының жобасында, Мемлекет тыс жерлердегі өз азаматтарын қорғауға кепілдік береді делінген.

Қазіргі жағдайда, туроператорлардың ұйымдастыру функцияларын 2016 жылы құрылған «Туристік Қамқор» қоры атқаруда. Туристік жолдамалардың құнына енгізілген міндетті аударымдар есебінен қаржыландыратын қордың негізгі мақсаты: мыңдаған азаматтарды  эвакуациялауды талап ететін ауқымды жағдайлар емес, туроператорлар өз міндеттемелерін орындамаған, немесе банкротыққа шалыққан кезде, туристердің елге қайтарылуын қаматамасыз ету үшін құрылған болатын.

Қазіргі заманғы әлемдік тәртіптің өзгеру сипатын ескерсек, болашақта мұндай жағдайлардың қайталануын жоққа шығаруға болмайды.

Қазіргі уақытта, демалыс үшін Бурабай, Катонқарағай, Маңғыстау және т. б. сияқты ішкі туризм объектілерін таңдау әлдеқайда қауіпсіз.

Мемлекет басшысы 10 ақпанындағы Үкіметтің кеңейтілген отырысында, цифрлық технологияларды қолдана отырып, сақтандыру өнімдерінің желісін кеңейту, олардың қолжетімділігін арттыру қажеттігін мәлімдеп, сақтандыру нарығын мемлекеттің, азаматтардың және бизнестің ықтимал тәуекелдер үшін ортақ жауапкершілігі мәдениетін қалыптастырудың маңызды институты ретінде қарастыру қажеттілігін атап өткен болатын.

Сонымен қатар, ол мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің форматы мен әлеуетін кеңейту қажеттігіне назар аударды.

Сондықтан, осындай төтенше жағдайларда азаматтарды жаппай эвакуациялауға ұйымдық дайындықты қамтамасыз ететін мемлекет пен бизнестің өзара іс-қимылының қосымша хаттамаларын енгізу орынды деп санаймыз.

Мәселе сақтандыру нарығын дамыту туралы ғана емес.

Шын мәнінде, осындай мәселелерді шешу кезінде, мемлекет пен бизнестің жүйелі өзара іс-қимылын көздейтін мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің жаңа моделі қалыптасады.

Осыған байланысты келесіні хабарлауды сұраймыз:

1.     Азаматтарды эвакуациялауға байланысты авиакомпаниялардың шығындарын мемлекет тарапынан өтеу көзделген бе? Әлде мұндай іс-шаралар тек бизнестің өз қаражаты есебінен жүзеге асырыла ма?

2.     «Туристік Қамқор» қорының қызметі шеңберінде, қарулы қақтығыстар және әуе қатынасының жабылуы жағдайында қазақстандық азаматтарды жаппай эвакуациялауды ұйымдастыру кезінде, мемлекет пен бизнестің өзара іс-қимылының қаржылық және құқықтық тетіктері көзделген бе?

3.     Ұйымдастырылған туристтерден басқа, шетелде жүрген отандастарымызға тиісті тетіктер қолданыла ма?

4.     Осындай тетіктер болмаған жағдайда, Үкімет пен бизнес арасындағы өзара іс-қимыл моделін жетілдіру мүмкіндігін, 2026 жылғы 10 ақпанда берілген Президенттің тапсырмаларына сәйкес, нарықтық сақтандыру құралдарын енгізу және мемлекеттік-жекешелік әріптестік форматын кеңейту арқылы, қарастыруды ұсынамыз.

Құрметпен,

«Ақ жол» ҚДП фракциясының депутаттары

С. Ерубаев,

А.Перуашев,

Д.Еспаева,

Е.Барлыбаев,

К.Иса,

О.Нуралдинов.