15
Ақпан

«Ақ жол» демократиялық партиясының депутаттары «Парламенттік оппозиция туралы» заңды ескере отырып, мәслихаттардың өкілеттіктерін күшейту жөніндегі заң жобасына ұсыныстар жіберді

15 ақпан 2021 жыл, «Ақ жол» демократиялық партиясының баспасөз қызметі

«Ақ жол» демократиялық партиясының депутаттары «Парламенттік оппозиция туралы» заңды ескере отырып, биліктің жергілікті деңгейлерінің дербестігін кеңейту жөніндегі заң жобасына мәслихаттардың өкілеттіктерін күшейту жөнінде ұсыныстар жіберді.

Атап айтқанда, билік партиясы мәслихаттардың монополиялануына жол бермеу мақсатында «ақжолдықтар» мәслихаттардың тұрақты комиссияларының төрағалары бір саяси партияның өкілдері бола алмайтынын заңды түрде бекітуді талап етеді.

Мемлекет басшысының «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты жолдауын іске асыру үшін «Ақ жол» фракциясы мәслихат депутаттарына қоғамдық маңызы бар жергілікті проблемалар бойынша петициялар жасау және қол жинау құқығын беруді, сондай-ақ жергілікті әкімдіктерге, егер мұндай петицияларды жергілікті тұрғындар қолдаған болса, осы проблемаларды шешуге арналған шығыстарды жергілікті бюджетке қосуды міндеттеуді дұрыс деп санайды.

Сонымен қатар, «Ақ жол» фракциясының депутаттары барлық деңгейдегі қалалар әкімдерінің тікелей сайлануын енгізуді  қолдайды.

Айта кетейік, «Ақ жол» депутаттары бірінші оқылымда дауыс беру кезінде аталған үкіметтік заң жобасын («Биліктің аудандық, қалалық және ауылдық деңгейлерінің дербестігін кеңейту туралы») қолдамады. Азат Перуашев фракцияның ұстанымына сүйене отырып, «Бұл жерде жергілікті билік органдарының өз халқы алдындағы ашықтығы мен есептілігі туралы сөз қозғалуда. «Парламенттік оппозиция туралы» заңға сәйкес, бүгін мәжілісте 2 комитетті парламенттік оппозиция партияларының өкілдері басқаруда. Мәслихаттардың көппартиялылығын ескере отырып, аталмыш практиканы жергілікті деңгейде де қолдану қажет» деп атап өтті.

Сондай-ақ, А.Перуашев Президент Қ.Тоқаевтың былтырғы Жолдауынан үзінді келтірді. Онда жергілікті мәслихаттар депутаттарының бюджетті жұмсау жөніндегі пікірін атқарушы органдар елемейтіні атап өтілді. Қ.Тоқаев сол кезде келесіні айтқан болатын: «Мәслихаттарға өңірлерді дамыту және әрбір өңірдің нақты проблемаларын шешу бойынша қол қою мен петиция жинау мүмкіндігін беру қажет деп санаймын... Заңнама түзетулерді қажет етеді».

Алайда, А.Перуашев атап өткендей, үкіметтік заң жобасында өңірлер тұрғындарының шағымдарын орындау бойынша нормалар жоқ.

«Өтініштер тек үстелдің үстіне жинау үшін қажет емес шығар», - деп атап өтті депутат. Сондықтан «Ақ жол» фракциясы заң жобасына мәслихат депутаттары жинаған сайлаушылардың шағымдарын бюджеттен қаржыландыру бойынша нақты механизмдерді енгізуді талап етті.

«Мемлекет тек естіп қана қоймай, халықтың мәселелерін шешуі тиіс. Сондықтан жергілікті бюджетте мәслихаттар депутаттары мен атқарушы органдардың жергілікті жерлердегі сайлаушылардың өтініштері мен шағымдарын іске асыру бойынша өзара іс-қимылды реттейтін механизмді заң жобасына енгізу қажет», - деп толықтырды Азат Перуашев.

Қоса кетейік, дауыс беру кезінде 15 депутат қалыс қалды. Дегенмен «Ақ жолда» 12 депутат бар екенін ескерсек, «Ақ жолдың» позициясына басқа фракциялардың тағы 3 депутаты қосылғаны анық.

Осылайша, аталған түзетулерді заң жобасына жібере отырып, «Ақ жол» фракциясының депутаттары айтылған ұстанымды іске асыру жөнінде нақты қадамдар ұсынып, республиканың саяси жүйесін демократияландыру жөніндегі практикалық жұмысты жалғастыруда.