19
Шілде

«Ақ жол» партиясының депутаты Ерлік Өмірғали Қостанай облысында іссапарда болды

19 шілде 2021 жыл, «Ақ жол» демократиялық партиясының Қостанай облыстық филиалы

Мәжіліс депутаты Қостанай облысындағы жұмыс сапары аясында кәсіпорын ұжымдарымен, шаруа қожалықтарының басшыларымен кездесіп, азаматтарды қабылдап, журналистердің сұрақтарына жауап берді.

«Қостанай Су» коммуналдық кәсіпорнындағы кездесу өте мазмұнды әрі нәтижелі болды. Кәсіпорынның жаңа мультимедиялық диспетчерлік орталығын қарап шығып, МКК жұмыс ұжымымен кездесті. Слесарлар, жүргізушілер, жұмысшылар, бухгалтерлер, техперсонал, инженерлер мен учаске шеберлері санитарлық нормаларды сақтай отырып, өздерін толғандыратын сұрақтарын қойды.

Азық-түліктің, дәрі-дәрмектертің, тұрғын үйдің жоғары бағасы, білім берудің қолжетімділігі мен сапасы туралы мәселелер айтылды.

Облыс қызыл аймақта, қостанайлықтарды вакцинациялау қарқыны, пандемияға байланысты қызметтердің күзгі маусымға дайындығы мәселелері де толғандырады. Халық қалаулысы көптеген мәселелерді «Ақ жол» фракциясы Үкіметтік деңгейде қарастыратынын жеткізді.

Мұнан соң өңірдегі қайталама шикізаттан геотекстиль өндіру үдерісімен танысты. «S.M.F.-System»  тоқыма емес материалдар фабрикасы салыстырмалы түрде қарқынды дамып келе жатқан жас компания, 7 жыл ішінде компания тіпті күрделі экономикалық жағдайларда да нарықта берік позицияларды ұстап тұру тәжірибесіне ие болды. Компанияны дамыту тұжырымдамасы қайталама ресурстарды өндірісте тиімді пайдалану арқылы қоршаған ортаны сақтауға негізделген. (Қоқыс, полиэтилен, пластмасса және т. б.) Қызметтің негізгі түрлері геотекстиль (дорнит), геокомпозит, геокаркас, геогрешеткалар, гидрооқшаулағыш мембрана, полиэтиленді су құбыры және газ құбырларын өндіру болып табылады. Депутат ұжымның ұсыныстары мен өтініштерін назарда ұстайтынын жеткізді.

Мәжілісмен Қостанай ауданының Айсары ауылында жұмыс жасайтын «Башибаев М» шаруа қожалығының ұжымымен де кездесті.

- Құрғақшылық бәрін жоқ қылады деп ойладық. Бірақ көптен күткен жаңбыр біздің өлкемізге де келді. Биыл өзім 2 мың гектарды игердім. Жыл соңында 5-6 центнер аламыз деп сенемін, жаңбыр жауғанға дейін бұл көрсеткішке де үміт артпаған едік. Шөп жеткіліксіз болды, көктемде лимандар бар жерлер шабылды, 100 тонна жиналды, осы жаңбырдан соң шөп жасылдана түседі, біз тағы да жинайтын боламыз. Қыста осы жинағанымыз жеткілікті болуы керек, - деді қожалық басшысы.

- Шаруашылықта 200 жылқы, Ангус тұқымды 50 бас ірі қара мал, тауық, қой бар. Күніне 90-100 литр қымыз аламын. Өндіріс қолмен жүзеге асырылады, барлық өнімдер қалаға сатылады. Үкіметте жем-шөп дайындауды субсидиялау, несиелерді ұзарту, жеке аула шаруашылықтарын дамытуды мемлекеттің қолдауы мәселесін көтеруіңізді сұраймын. Осы жылы ғана қаладан біздің ауылға ондаған отбасы көшіп келді. Оңтүстіктен қоныс аударушылар бар. Біз олардан көп нәрсені үйренуіміз керек. Ауылдың даму болашағы айқын, - деді ауыл шаруашылығы тауарларын өндіруші.

Сапар соңында партияның барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарымен, өңірдегі партия белсенділерімен кездесіп, халықпен кездесу барысында түскен мәселелер мен өтініштерді талқылады. Көптеген мәселелер алдағы жұмыс барысында бірқатар депутаттық сауалдарға негіз болмақ.