Азат Перуашев алматылық студенттермен кездесті
16 сәуір 2013 жыл, Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партиясының баспасөз қызметі
«Ақ жол» партиясын Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің студенттерімен достық қатынастар байланыстырады. Былтырғы жылдан бері ҚДП ҚазҰУ-нің үздік 10 студентіне шәкірт ақы бөлген, биылғы жылы парламент қызметі туралы ішінен білуге мүмкіндік алған заң факультетінің 10 тыңдаушысы ҚДП фракциясының атынан Парламент Мәжілісінде сынақ мерзімінен өтті.
Бұл кездесу «Көшбасшылық дәрістер» аясында өтті. Іс шараға ҚДП төрағасының орынбасарлары Ерлан Барлыбаев және Иса Қазыбек, ҚДП Орталық кеңесінің хатшысы Абдразақ Сұлтанов, ҚДП фракциясының депутаты Нұрлан Жазылбеков және екі жүзге жуық студенттер қатысты.
Нарықтық экономикада ҚР ұлт мүдделерiн жүзеге асыру, әлеуметтiк жаңғырту, кәсiпкерлiктің құқығын қорғау бойынша партияның және ҚДП фракциясының Парламенттегі қызметi туралы ақпараттан кейiн жастар «Ақ жол» көшбасшысына сұрақтар беруге мүмкіндік алды.
Мәселен, жастарды зейнетақы қорларын біріктіру және әйелдердің зейнетақы жасын көтеру неге апарады және бұл жағдайда ҚДП-ның ұстанымы қандай деген сұрақтар қызықтырады.
- Еңбек министрімен, Ұлттық Банктің басшысымен кездесу барысында біздің фракция депутаттары сұрақтар қойды, бірақ жауап әзірше алынбады, - деді Азат Перуашев. Қойылған сұрақтардың ішінде - әйелдердің бұрынғы зейнетақы жасын сақтап қалғанда бюджеттен төленетін зейнетақы төлемдері бойынша жетіспеушілік, әлеуметтік жұмыс орындарын құру бойынша нақты бағдарлама, жұмыссыз әйелдердің есебінен жеткілікті қамтамасыз етілмегендер тобының көбею қаупі және т.б. Зейнетақыға байланысты өзгертулерге қатысты ҚДП фракциясының ұстанымы қойылған сұрақтардың жауабына байланысты болады.
Заң факультетінің оқытушыларын «Ақ жол» кәсіпкерлерді қолдауда, оның ішінде салық жеңілдіктерін құру бөлігінде қандай шаралар қабылдайтыны қызықтырды.
- Кәсіпкерлердің құқығын қорғау – «Ақ жол» ҚДП-ның жұмысының басым бағыттарының бірі, - деді сұраққа жауап берген Азат Перуашев. Біздің көптеген ұсыныстарымыздың ішінде – кәсіпорындар үшін бірінші үш жылда салық салуды жою, бірқатар экономикалық қылмыстарды қылмыстық сипаттан арылту, Қылмыстық кодекстен жалған кәсіпкерлік туралы бапты алып тастау бар. Сонымен қатар, біз Кәсіпкерлік кодексін қабылдауға бастамашылық жасаудамыз.
Жуырда ғана, ағымдағы жылдың басында кеден органдары еркін қойма режімінен айырған Алматы қаласы және Алматы облысындағы кәсіпорындардың құқықтарын қорғауда жеңіске жеттік, - деп қазақстандық демократтардың көшбасшысы фракцияның табысты жұмысынан мысал келтірді. - Бас Прокуратураға жіберілген депутаттық сауалдан кейін кеден органдарының іс-әрекеттері ресми түрде заңсыз деп танылды және кәсіпорындарға бұрынғы мәртебесі қайтарылып берілді.
- Неге парламент заңдарды қарағанда үкіметтің жетегінде кетеді? – деп сұрады саясаттану кафедрасының магистранты.
ҚДП фракциясының басшысы, Парламенттiң қолданыстағы Регламентi бойынша заң жобаларына түзетулердi талқылауда үкiмет тұжырымдамасынан ауытқуға рұқсат берілмейтіндiгін түсiндiрдi. Сондықтан, парламенттік азшылықтағы партияның заң жобаларына маңызды өзгертулер енгізуге қол жеткізуі қиын. «Ақ жол» ҚДП фракциясы Парламенттiң Регламентiне түзетулер енгiзу және парламенттiк фракциялардың өкiлеттiктерiн кеңейту бойынша ұсыныстарын жіберіп те қойды.
- Одан басқа, біздің фракция Мәжiлiсте пленарлық және жұмыс топтарының отырыстарының Ғаламторда тікелей он-лайн хабар жүргізуі бойынша ұсыныстарын енгізді, - деп хабарлады Азат Перуашев.
Сондай-ақ, ҚДП төрағасының студенттермен кездесуінде мемлекеттік тілді дамыту, Кедендік одақпен ықпалдасу, ДСҰ-на кірудің келешегі туралы тақырыптар қозғалды.
- Президент Нұрсұлтан Назарбаев жуырда кәсіпкерлермен кездесуінде біз Кедендік одаққа біліп кірдік деп атап өтті. Бұл ретте осы бірлестіктің жұмысының табыстылығы үшін жауапкершiлiк бизнеске де, сол сияқты мемлекеттiк органдарға да жүктеледі, - деді қазақстандық демократтардың көшбасшысы. – Менің түсінуімше Кедендік одақ – экономиканы және өндірісті жаңа сапалы дамытуға жақсы мүмкіндік. Ішкi нарықты қатты қорғайтын және отандық өндiрiске әлемдiк интеграцияға кiруге жол бермеген Кеңестік Одақты еске түсiрiңiз. Нәтижесінде біз не таптық? Дені дұрыс киім, аяқ киім сатып ала алмадық, жұрттың жартысы 10 жыл бойы «Жигули» - 60-шi жылы шығарылған «Фиат» үлгі моделін сатып алуға кезекте тұрды, ол уақытта дүние жүзi соңғы үлгідегі заманауи автокөлiктермен жүрді. Ендеше, біз бұдан былай да әлемнің барлығынан жарты ғасырға артта қалғымыз келмесе, онда интеграциялық процестерге қалай болғанда да қатысуымыз керек. Бұл бiздiң азаматтарымызды ең болмаса әлемдiк жақсы тауарларға және қызметтерге тарту үшін мүмкiндiк.
Сол кездесуде Президент бизнес-қауымдастығына қарап: «Мемлекет бизнестi жеке сіздерді байыту үшін ғана қолдайды және жағдай жасап отыр деп ойламаңыздар. Біз мұны әрбір қазақстандықтың өмірін жақсарту үшін жасап отырмыз деді» - деп Азат Перуашев сөзін жалғастырды. - Негізгі мақсат жеке адамдарды миллионер жасау емес, ұлттық экономиканың жетiстiктерiне әр қазақстандық жанұяны тарту, бай мен кедей арасындағы алшақтықты қысқарту болып табылады. Джиннидің коэффициенті бойынша бiздiң елде бай кедейден 6 есе жақсы өмiр сүредi. Бұл алшақтық өте үлкен, дамыған елдерде ол 2-3 еседен артықты құрамайды.
Кез келген қазақстандық мұнайшы немесе банкир бола алмайды, мақсат орта және шағын бизнесті дамыта отырып, ұлттық табысты, оның ішінде табиғи байлықтарды пайдаланудан түскен табысты бөлісуге әрбір қазақстандықты тарту, бiз жай ғана мұнай ақшаларын жемейiк, елімізде әрбір қазақстандық лайықты жұмыспен қамтамасыз етiлетін табысты өндiрiстiк және сервистiк кәсiпорындарды да жасау керек.
Студенттерді партияның жастарды қолдауы да қызықтырды.
- Жастар үшiн табысты жұмыс iстейтiн, дарынды жастардың қалыптасып танылуына мүмкіндік беретін әлеуметтiк сатының жүйесiн құру өте маңызды. Бүгінгі таңда жігіт, әсіресе ауылдан келген, жанынан сәнді көліктермен жүретін, салтанатты үйлерде тұратын замандасының жанынан өткенін көргенде, ыңғайсыз әсер де қалады. Біз, жастардың әр қайсысына еңбек ету арқылы табысқа жетуіне және бай-қуатты өмір сүруіне мүмкiндiк бергенде ғана, реніштен және құқықты жоққа шығарудан құтыла аламыз. Егер де жастардың мұндай мүмкiндiгі болмаса, онда мұндай экономиканың құны бір тиын.
Заң факультетi студентiнің сұрағының тақырыбы Алаштың құндылықтарын алға апару бойынша, өзiн оның идеяларының мұрагерi деп танитын партияның қызметi болды.
- Рас, «Ақ жол» ҚДП-сы өзін «Алаш» қозғалысының ізбасарларының және рухани мирасқорларының бірі ретінде санайды - деп растады Азат Перуашев, бiрақ «Алаш» мұрасы қандай да бір партиямен «жекешелендiрілуі» мүмкiн емес, бұл Қазақстанның ортақ идеялық игілігі.
«Ақ жолдың» ҚР iшкi және сыртқы саясатында ұлттық мүддені қорғау, мемлекеттiк тiлдi пайдаланудың салаларын кеңейту, еуропалық жолмен қазақстандық қоғамды жаңғырту бойынша бастамалары - Алаш қозғалысы идеяларының XXI ғасырдағы жалғасы болып табылады, деп жауап берді Азат Перуашев.
- Өздеріңіз білесіздер, біздің елімізде табиғи ресурстардың қуат көздерінің үлкен қоры бар. Біздің ойымызша, табиғи байлықты пайдаланудан жақсы тәжірибесімен, инфрақұрылымда және өндiрiсте шетел инвесторларын офсеттік саясат қағидасымен (технологияны және өндiрiс оралымдарын беру) жергілікті бизнесте қатысуы заңмен қамтамасыз етілген және шетел инвесторларымен өндiрiсте техникалық және қаржы құжаттарында норвег тiлiн пайдаланудың талабын енгiзген Норвегия үлгі бола алады – деді ҚДП басшысы. Бізде әр бір шетелдік компания өзінің кадр және тендерлік саясатын жүргізеді емес пе, нәтижесінде қазақстандық кәсіпорындар толыққанды өзіміздің байлығымызды пайдалануға да қатыса алмайды! Табиғи байлықтың қазақстандықтар үшін жұмыс істеуін талап еткен бұл тақырып Мемлекет басшысымен де, кәсіпкерлермен де үнемі көтеріліп келеді.
Сонымен қатар, партия көшбасшысы «Ақ жол» ҚДП-сымен «XXI ғасырдағы Алаштың Ақ жолы» («Светлый путь Алаша в XXI веке») атты елдiң әлеуметтiк-экономикалық дамуында «алаштықтардың» ұстанымдарының өзектілігіне арналған жыл сайын болатын байқауды ұйымдастырғанын хабарлады, және оған қатысуға студенттерді және жас ғалымдарды шақырды.
Демократтардың жетекшiсiнiң дәрiсі және әсiресе жауаптары қызу қолдау тапты және студенттермен лық толы зал дүркін-дүркін қол шапалақталып отырды.
«Бұл залда менің жақтаушыларым, мен ойлағаннан анағұрлым көп екен – деді Азат Перуашев бұған байланысты – қай кезде болсын университеттер еркін ойлаудың және бостандықтың көзі болған деп кездейсоқ айтылмаған. Біздің аса танымал және қайырымды ҚазМУ-дің осы дәстүрді жалғастырып келе жатқанына мен де қуаныштымын».