12
Наурыз

Санат жоқ 12.03.2013

«Барлығымыздың да ұятты ұмытпауымыз керек, Сізді қоса алғанда Григорий Александрович!» - Марченко Перуашевтің зейнетақы реформасы туралы қойған сұрақтарына ренжіп қалды

12 наурыз  2013 жыл, Қазақстанның «Ақ жол»  демократиялық партиясының баспасөз қызметі
 
Мәжілісте Бірыңғай мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қорының тұжырымдамасының тұсаукесерінің барысында «Ақ жол» депутаттық фракциясының көшбасшысы Азат Перуашев Ұлттық Банктің басшысының алдына бірқатар сұрақтар қойды, олардың көбі жауапсыз қалды.
-          Заң жобасының тұсау кесерінен әртүрлі оқылым туындайды.
Мәселен, ұсынылған құжатта мемлекет базалық зейнетақы деңгейін қамтамасыз ету жөніндегі міндетті өзінде қалдырады. Сонымен қатар, қойылған сұрақтарға сіздің ауызша жауабыңыз бойынша , 7-8 жыл аралығында мемлекет бірыңғай жүйеден  толығымен шығып, зейнеақымен қамсыздандыруды тұтастай жинақтаушы әдіске көшіруді жоспарлауда, деп атап өтті ҚДП төрағасы.
Осыған байланысты, ол 1996-1997 жылдары отандық зейнетақы жүйесін реформалау талқыланғанда, заң дайындаушылар латын американдық елдердің тәжірибесіне, мәселен үлгі ретінде дәл осы жинақтау жүйесіне толық өткен чилиге сілтеме жасағандарын еске салады.
Заңды әзірлеушілер,  анағұрлым әлеуметтiк және экономикалық жағынан табыстырақ еуропалық елдердiң: ортақ, және жинақтақтаушы әдiстерді қатар жүргізетін аралас зейнетақы жүйесiнде жеткілікті дәрежеде тиiмдi әрекет жасаған Германия,  Швецияны үлгі ретіндк нелiктен ескермеді? Отандық зейнетақы реформасын әзiрлеу кезінде еуропалық елдердiң және аралас жүйенің тәжiрибесі жалпы зерттелдi ме? – деп қызығушылық танытты депутат.
Сондай-ақ заң жобасын дайындаушылар Бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының қаражаттарын сақталуына басқарушылардың дербес жауапкершiлiгі туралы мәселені қою керек, деп  есептейдi Азат Перуашев.
Бiзге қазiр қаражаттардың сақталуына салымшылардың алдында жауапкершiлiктi мемлекет алады деп жауап бередi. Бұл түсiнiктi, әрі бұл реформаға объективті сипат беретін нақты дәлел. Бiрақ, ұқсас құрылымдарда лауазымды тұлғалардың теріс пайдаланушылық қауіпін естен шығаруға болмайды, мiндеттi медициналық сақтандыру қорының (ММСҚ ) тарихын еске алудың өзі-ақ жеткілікті, оның басшылығы халықтың жинақтаған қаражатын  ұрлап және аман-есен жауапкершіліктен құтылып кетті - деді «Ақ жол» партиясының депутаты еске салып.
- Осыған байланысты естігім келетіні, лауазымды тұлғаларымен БМЖЗҚ-ның қаражаттарын тиiмсiз немесе заңсыз қолданғанда, қандай алдын-алу және қандай дербес жауапкершiлiк шаралары қарастырылған?
 
Заң жобасындағы резонансты ұсыныстарының бiрi -  ерлермен қатар, қазақстандық әйелдердің зейнетақы жасын 63 жылға дейiн көтеру.
Бұл мәселеде  сараланған көзқарас қажет деп есептеймін,- деп атап көрсеттi Азатты Перуашев. - Егер әйелдің 58 жасында жұмысы бар болса және өз еңбек жолын әрi қарай жалғастырғысы келсе – сірә, мұндай санат үшiн зейнетақы жасын жоғарылату керек. Бiрақ, егер 58 жастағы ауылдық жерде гі егде әйел, жұмыссыз қалды дейік, онда оның 63 жасына дейін жақсы жұмыс табатынына және қарттыққа жинақ жасайды деп  күту қиын. Ал, мұндай әйелдерді әлеуметтiк қолдаусыз қалдыру тағы дұрыс емес. Сiз, әйелдердің зейнетақы жасын  өздерінің анықтауына ерiктiлiгi қағидатының мүмкiндiгiн қарастырдыңыз ба?
Азат Перуашев келесi аспектілерге,  БМЖЗҚ-да бәсекелестік қағидаларын пайдалануға назар аударды: «Бiздің барлығымыз да түсінеміз, жинақтарды Бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына беру процесінде, бірінші кезекке қойылатын табыстың көбеюі емес, осы жинақтардың сақталуын қамтамасыз етудiң басымдылығы – деді ол.
- Мүмкiн, бұл дұрыс қадам, өйткенi бiздiң зейнетақы қорларымыздың ағымдағы көрсеткiштерi өте ауыр, оның үстіне сыртқы факторлар да қазіргі таңда объективтi түрде қолайсыз жағдайда. Егер, қаржының пайдасы мен сақталуының аралығында таңдау жасайтын болсақ, онда сақталудың басымдылығы,  анық деп ойлаймын. Алайда мемлекет - нашар менеджер, әрі зейнетақы жүйесi тұрақтанған кезде,  пайда табу үшін де  жұмыс iстеу қажет болады.
Осыған байланысты Азат Перуашев сұрақ бердi:  «Заң дайындаушылар келешекте мүмкiн, бұрынғы көлемде болмағанмен, бiрақ 3-5 iрi қатысушылардың деңгейінде салымшыларға таңдаудың мүмкiндiгi берiлетiн зейнетақы қорларының қызметінде бәсекелестiк тәсiлдерге оралуды қарастыра ма?»
Ақырында, реформаның сабақтастығы тақырыбы назардан тыс қалмады.
- Ұлттық Банкiнiң төрағасы бiзге 15 жылда қандай тамаша зейнетақы жүйесiнің құрылғанын әңгiмеледi , тек жинақталған пайданың жиналған құнсызданудан бiр жарым есе асады деген тәрізді.
Бiрақ бұның бәрi, әсiресе орташа арифметикалық емес, ағымдағы тенденцияның фонында алдаусырату сияқты. Сондықтан, бәрі жақсы деген сыңай танытудың керегі жоқ. Проблемалар бар, олар анық және жаңа зейнетақыны реформалау туралы ұсынылған өзгерiстердiң өзі iс жүзiндегі факт.
Бiрақ бұл жағдайда, осындай реформаларды жүргізетіндердің дербес жауапкершілігі туралы мәселені қою керек деп есептейді,  «Ақ жол» партиясының көш басшысы. «Осы реформаны 15 жыл бұрын ұсынған сол адамдардың кәсiби бiлiктiлiгі туралы сұрақ қойылды ма, және 10-15 жылдан кейін, мүмкін одан  анағұрлым ертерек,  біз де қайта қарап жүрмейміз бе  және зейнеткерлеріміздің жинақтарын құтқару керек деп тағы да дабылдатпаймыз ба?» - деп сұрады ол заң дайындаушылардан.
Григорий Марченко «мен бұл жерден сұрақ көріп тұрғамын жоқ»  бұл мәлімдеме деп атап, сұрақтарға жауап беруден бас тартты.
Сонымен бiрге, ол келешекте бәсекелi жүйеге оралуды жоққа шығармады: «Ол жұмыс iстеген жүйе, теориялық жағынан алғанда әрі қарай жұмыс iстей алуы мүмкін еді. Қорларды бiрiктiру туралы саяси шешiм қабылданды, егер бәсекелi жүйенi қайта жасау туралы саяси шешiм қабылданатын болса, онда сәйкесiнше,біз оны да орындаймыз. Мен тағы да айтамын, бұл Ұлттық банктің бастамасы емес, және біз бұл ақшаларды өз басқаруымызға сұраған жоқпыз».
Ұлттық банктiң басшысы әйелдердің зейнетақы жасына қатысты мәселені көтергені үшін тіпті депутаттардың өзін күні бұрын кесіп-пішілген ой деп айыптауға барды: «Сiз мұны қалай  түсiнесiз немесе өзінше түсiндiруге тырысасыз -  бұл сұрақ  әр қайсымыздың ар-ұжданымызда».
Оны Азат Перуашев «Сiз бұл жерде дұрыс айттыңыз, бәріміз де ар-ұждан, ұят  туралы есте сақтауымыз керек, бұл Сiзге де қатысты Григорий Александрович – деп тойтарып тастады.
Депутаттар парламенттен тысқары жерлерде атқарушы органдардың өз жұмысын жоғары бағалауға әбден дағдыланғанына және өзінің жетiстiктеріне сыртқы көзқарастардың олардың қалай көңілін қалдыратынына аң-таң болып айтып жүр.