Азат Перуашев - Салықтар шенеуніктер үшін емес, экономика және кәсіпорындар үшін қолайлы болуы тиіс
28 қаңтар 2014 жыл, Қазақстанның «Ақ жол» Демократиялық партиясының баспасөз қызметі
Салықтар шенеуніктер үшін емес, экономика және кәсіпорындар үшін қолайлы болуы тиіс – бұл туралы Азат Перуашев Орталық Коммуникациялар Қызметінің брифингінде мәлімдеді. Ол өз сөзінде Үкіметтің «әкімшілендірудің қиындықтарының» себебімен сараланған салалық мөлшерлемелерін енгізуден бастартқаны туралы айтты – бірнеше күн бұрын фракцияның депутаттық сауалына осындай жауап алынған болатын.
«Мемлекет басшысының шағын және орта бизнеске қатысты тапсырмаларын «Ақ жол» партиясы назарынан тыс қалдырмайды. Президент Шағын және орта бизнес – «индустриялық және әлеуметтік жаңғыртудың басты құралы» деп өте дәл атады», - деді парламенттік фракцияның көшбасшысы және өткен жылы 11 қыркүйекте жарияланған депутаттық сауал туралы еске салды.
Әңгіме «Қазақстанның 2050 жылға дейінгі даму Стратегиясын» және Президенттің өткен жылғы үкіметке өндіріс және жаңа технологиялар салаларында жұмыс істейтін кәсіпорындар үшін қолайлы салық режімін енгізу жөніндегі тапсырмаларын орындау бойынша болып отыр.
Сол кезде «Ақ жол» депутаттары халықаралық тәжірибені зерделеді және осындай әдістемені тапты, және Еуроодақ және ДСҰ-на мүше елдердің тәжрибесі бойыншаҮкіметке экономиканың басым салаларына сараланған салалық мөлшерлемелер енгізу туралы ұсынысымен шыққан.
«Бірақ Үкімет әуелі бұл мәселе жұмысшы тобында зерттеуді талап етеді деп хабарлады, бұған бізді шақырмады да. Ал өткен аптада жалғыз себепті – «әкімшілендірудің қиындығын» көрсетіп, сараланған мөлшерлемелерді енгізу «мақсатқа сай емес» деп ресми жауап берді», - деп атап өтті А.Перуашев.
Салықтар шенеуніктер үшін емес, экономика және кәсіпорындар үшін ыңғайлы болуы тиіс. ҚҚС-ның сараланған салалық мөлшерлемелері экономиканы әртараптандырудың және басым салаларды қолдаудың тиімді құралы болып табылады, - деп есептейді «Ақ жолда». - Салықтарды әкімшілендіру – бұл салық органдарының жұмысы. Сонда үкімет тек салық комитетінің «көп еңбектеніп қоймауына» бола басым салалар мен 2050-Стратегиясының тапсырмасын қолдаудан бас тартқан болып шыға ма? Бірақ бұл олардың тікелей міндеті емес пе!»
Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партиясы және оның парламенттік фракциясы бұл Жолдауды, прогресивті ғылыми қамтымды экономикасымен, дамыған өңдеуші индустриясымен, кәсіпкерліктің жаппай қозғалысымен Қазақстанды одан ары қалыптастыру векторын белгілейтін өте маңызды стратегиялық құжат деп қарайды.
«Біз оны іске асыруда өз тарапымыздан жан-жақты жәрдемдесетін боламыз және ҚҚС-ның сараланған салалық мөлшерлемелерін енгізу арқылы өндірістік және ғылыми қамтымды салаларды салықтық қолдауды талап етеміз» - деп мәлімдеді «Ақ жол» партиясының көшбасшысы.