«Ақ жол»: РФ-дағы автомобилдерді іске жаратудың жаңа бағдарламасына байланысты отандық автоөндірісті дамытуға жәрдемдесу үшін осындай қолдаушылық шараларын енгізу қажет
2014 жылдың 11 қыркүйегі, «Ақ жол» ҚДП баспасөз қызметі
РФ-дағы автомобилдерді іске жаратудың жаңа бағдарламасына байланысты отандық автоөндірісті дамытуға жәрдемдесу үшін осындай қолдаушылық шараларын енгізу қажет – бұл туралы Мәжілістің пленарлық отырысында кеше Талғат Ерғалиев жариялаған «Ақ жол» фракциясының депутаттық сауалында мәлімделді.
Автомобилдік сала қазіргі таңда Қазақстан экономикасының серпінді дамып келе жатқан секторларының бірі болып табылады. Мемлекет басшысының және Үкіметтің қолдауы арқасында автомобильдердің танымал брендтерін өндіру бойынша жобалар іске асырылуда.
Автотранспорттық техника өндірісінің жалпы көлемі 2013 жылы 34000 бірлікті құрады, ал өндіріс жоспары 2014 жылы 60000 бірлікті құрады, - бұл Премьер-министр К.Мәсімовтың атына жолданған сауалда айтылды. – Бірақ Ресейге қазақстандық автомобилдерді экспорттау үшін қосымша кедергілер туындауда: Ресей Федерациясы ҚР және Беларуста өндірілген транспорттық құралдарға қатысты іске жарату алымын біржақты тәртіппен енгізді.
РФ өнеркәсіп және сауда министрлігімен а.ж. 1 қыркүйегінен автомобилдерді іске жарату бағдарламасын қайта жаңғыртуы туралы сөз болып отыр. Ескі машиналарды іске жаратуға тапсырған жағдайда немесе ескі автомобилді қосымша төлеммен жаңаға ауыстырғанда автомобиль иелері өндірушілер немесе дилерлер арқылы жаңа автомобилдерді сатып алу кезінде жеңілдіктер ала алады.
РФ Үкіметімен жыл аяғына дейін 10 млрд рубль бөлу жоспарлануда, ол қосымша 170 мың автомобил шығаруға мүмкіндік береді. Іске жарату бағдарламасы алты жылдан асқан автомобилдердің барлық санатына тарайды, ал ескіні кәдеге жаратуға өткізілген машиналар үшін өтемақы сомасы 40-тан 350 мың рубльге дейінгі аралықты құрайды. Бұл жаңа автомобиль техникасын сатуға жеткілікті деңгейде ынталандырады.
Іске жаратудың бұрынғы бағдарламасы 2011-2012ж.ж. жұмыс жасады – оны іске асыруға 30 млрд рубль федералдық бюджеттен бөлінді. Нәтижесінде – РФ-да жеңіл автомобилдерді өндіру деңгейі 2010 жылы 2 есе, жүк автомобилдеріне 2009 жылға қарағанда 75 пайызға өсті.
«Аталған тақырып бойынша біздің бұрынғы сауалдарымызға үкімет, біз алда ДСҰ-ына кіруімізге және автомобилдерді іске жарату жүйесінің жоқтығына байланысты іске жарату алымын енгізе алмаймыз деп жауап берген. Ресеймен іске жарату алымын, соның ішінде Қазақстанның автомобилдері үшін, біздің өндірушілерге тең емес шарттар қояды және экспорттың мүмкіндігін жауып тастайды. Ал РФ-да өндірілген автомобилдер іске жарату алымын және кедендік баж төлемінсіз Қазақстанға импортталады. КО қатысушы елдер іске жарату алымын КО аумағында «іске жарату алымын тауар өндіретін елге төлеуге жатқызылады» деген шартпен енгізу мүмкіндігін талқылағанына қарамастан осылай болып отыр», - деп атап өтті Т.Ерғалиев.
Саланың отандық экономика үшін жоғары маңыздылығына байланысты фракция депутаттары РФ-ның осындай қолдаушылық шараларына бара-бар жауап табу қажет деп санайды. Ресей қазірдің өзінде ДСҰ-на мүше болып табылады, бірақ бұл оған іске жарату алымын енгізуге кедергі болған жоқ.
«Ақжолдықтар» іске жарату жүйесін ұйымдастыру мәселесі ЭКСПО-2017 дайындалу және мәлімделген «Жасыл экономикаға» көшу қарсаңында өзекті деп есептейді. Аталған мәселелер АҚШ, Жапония, Германия, Голландия сияқты елдерде тозған автомобилдердің алымы және қайталама ұқсату жүйесін ұйымдастыру жолымен осыдан 10-15 жыл бұрын шешілген. Тек АҚШ, Канада, Жапония және Батыс Еуропада жыл сайын 35 миллионға жуық автомобилдер іске жаратылады.
«Ақ жол» депутаттары, Қазақстанда іске жаратушылық алымын енгізу отандық автоөндірісті дамытуға едәуір жәрдем көрсететініне, сондай-ақ ескіні іске жарату шартымен жаңа автомобилдерді сатып алуға азаматтарға субсидиялар беру арқылы автопарктерді жаңартуға ынталандыруға болатындығына сенімді.
«Ақ жол» ҚДП парламенттік фракциясы сайлауалды тұғырнамасын іске асыру және отандық тауарөндірушілерді қолдау жөніндегі жұмысын жалғастыра береді.