Ұлттық банкпен мәлімделген девальвацияның қазақстандық экспортты өсіруге «оң ықпалы» ішкі тауар айналымының шығасыларының орнын толтырған жоқ – Азат Перуашев
2014 жылдың 30 қазаны, «Ақ жол» ҚДП баспасөз қызметі
Ұлттық банкпен мәлімделген девальвацияның қазақстандық экспортты өсіруге «оң ықпалы» ішкі тауар айналымының шығасыларының орнын толтырған жоқ– бұл туралы кеше Азат Перуашев 2014-2015 жылдарға республикалық бюджетті талқылау барысында Мәжілістің пленарлық отырысында мәлімдеді.
«Ақ жолдың» осы мәселе бойынша ұстанымын баяндай отырып, фракцияның жетекшісі салықтық түсімдердегі белгіленген қысқартулар егжей-тегжейлі негіздерді талап ететінін атап өтті. Мәселен, оның өте үлкен үлесін ҚР аумағына импортталатын тауарлардың ҚҚС бойынша түсімдерінің бірден 225,3 млрд. теңгеге құлдырауы құрайды, бұл салықтық түсімдердің (460 млрд.тг.) жалпы сомасының 49 пайызын (немесе жартысын) құрайды.
«Осы төмендеуге негізгінен а.ж. ақпан айындағы болып өткен девальвация әсер етті, ол ішкі сұраныстың деңгейін едәуір қысқартты. Сонымен қоса, Ұлттық банкпен мәлімделген девальвацияның қазақстандық экспортты өсіруге «оң ықпалы» ішкі тауар айналымының шығасыларының орнын толтырған жоқ, - деп атап өтті ол. – Бұған байланысты девальвацияның шығындарына және экономиканың өсу қарқынына экспорттың, импорттың және ішкі нарықтың өзара ықпалын мұқият талдаудың қажеттілігі туындайды – мұндай талдау бюджетті түзетуге түсіндірме жазбада жоқ».
Бұл есептер, «Ақ жол» көшбасшысының пікірі бойынша жағдайдың сайма-сай бағасын айқындау үшін қажет.
Сондай-ақ Ұлттық банктің инфляция деңгейін 6,0-8,0% деп бағалауына «ақ жолдықтар» күмән келтірді.
«Жылдың бітуіне екі ай қалғанда инфляция деңгейінің екі пайызға 6,0 ден 8,0% ға дейінгі аралықта екпін алуы орынсыз болып көрінеді – деп санайды Азат Перуашев.
Біріншіден, бұл мерзімге дейін көрсеткішті нақты айқындап алу керек еді. Бізге белгілі болғандай, халықаралық институттар және көптеген дамыған елдер осындай уақытта пайыздың оннан бір бөлігіндей деңгейдегі болжамдарды нақтылайды.
Екіншіден, түсінуіміз маңызды, ақпандағы девальвацияның инфляциялық процестерге әсері есептелді ме?»
Осыған байланысты, демократиялық фракцияның көшбасшысы мемлекеттік органдардың тарапынан сандармен «жонглерлік» етудің көрнекті мысалын келтірді: «заңжобасындағы нақтыланған мәліметтер бойынша, ЖІӨ өсу қарқыны өткен жылмен салыстырғанда 13 % құрайды, бірақ теңгемен алғанда. Ал долларлық баламда қайта есептегенде, керісінше, 4,6 % құлдырау байқалады. Келісіңіздер, 13% өсу немесе 4,6 % төмендеу тіпті де бір мағынаны білдірмейді».
Сондықтан «Ақ жол» партиясы теңгенің девальвациясы процесінде есепке алатын инфляцияның сайма-сай бағасын беруді талап етеді.
Фракцияның депутаттары инфляцияның нақты деңгейін анықтау алдағы 2015 жылдың бюджеттік саясатының негізіне алынуы тиіс деп санайды.