«Ақ жол» Демократиялық партиясының Алматы қалалық филиалы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетімен бірлесе отырып Е.Бекмахановтың 100-жылдығына арналған республикалық ғылыми-теориялық конференция өткізді
2015 жылдың 24 ақпаны, «Ақ жол» ҚДП АҚФ баспасөз- қызметі
Өткен жұмада «Ақ жол» Демократиялық партиясының Алматы қалалық филиалы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетімен бірлесе отырып Е.Бекмахановтың 100-жылдығына арналған республикалық ғылыми-теориялық конференция өткізді.
Шараға Әл-Фараби атындағы ҚҰУ-нің ректоры, профессор-Г.М.Мұтанов., Мәжіліс депутаты Н.А.Жазылбеков., жазушы – Медеу Сарсеке, Е.Бекмахановтың жұбайы, профессор Х.А.Бекмұхамедова, көрнекті ғалымдар және қоғам қайраткерлері, олардың ішінде оның шәкірттері – Т.Т.Тұрлығұлов, Г.Ж.Жұматов, М.Х.Асылбеков, Т.К.Қаратаев С.Ф.Мажитов қатысты.
Конференция бағдарламасы өзіне пленарлық отырысты, мынадай бағыттар бойынша секция жұмыстарын кіргізді: «Е.Бекмахановтың еңбектеріндегі Қазақ хандығының проблемалары», «Қазақтар Екінші дүниежүзілік соғыста», «
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті ғалымдарының ҚР Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитетінің тарих, археология және этнология саласындағы ғылыми жобаларын іске асырудағы рөлі».
Нұрлан Жазылбеков пленарлық отырыстағы өзінің сөзінде, академик Е.Бекмахановтың Қазақстанның тарихи ғылымының дамуына баға жетпес үлесін, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің және «Ақ жол» Демократиялық партиясының Қазақстанның Қазақ хандығынан бастап қазіргі кезеңге дейінгі тарихын зерттеу және көпшілікке таратуда ынтымақтастықтың маңызын атап өтті. Академик Е.Бекмахановтың 100-жылдық мерейтойының тойлануының құрметіне «Ақ жол» Демократиялық партиясынан студенттердің бірсыпырасына атаулы шәкіртақылар тапсырылды.
Конференция сондай-ақ тәжірибе алмасу үшін, ғылымның, білім сапасын арттырудың өзекті проблемаларын шешу бойынша ұсынымдарды қабылдаудың алаңы болды.
Е.Б.Бекмаханов қазақстандық тарихнамада көрнекті орын алады, ол – қазақтар арасынан шыққан тұңғыш тарих ғылымдарының докторы, республикадағы бірінші Қазақстан тарихының кафедрасының негізін қалаушы, профессор, Қазақ КСР ҒА-ның корреспондент-мүшесі. Өзінің қысқа ғұмырында (1915-1966) өзінің дарындылығының, таусылмайтын жігерлігінің және туған халқының тарихына деген үлкен махаббатының арқасында, ол тарихи ғылымға салмақты үлес енгізе алды.