Азат Перуашев: Бұдан бұрынғы бюджет тым оптимистік болды, қазіргі түзетулер оны шынайырақ етіп көрсетеді
2015 жылдың 25 ақпанында Мәжілістің пленарлық отырысында А.Перуашевтің 2015-2017 жылдарға республикалық бюджетке түзетулер енгізу мәселелері бойынша сөзі.
Құрметті әріптестер!
Былтырғы жылдың 19 қарашасында-ақ, Мәжілістің пленарлық отырысында 2015-2017 жылдарына арналған бюджеттің жобасын талқылау кезінде, «Ақ жол» демократиялық партиясының фракциясы құжаттың тым оптимистік болғанын атап өткен.
Біз болып жатқан үдерістің нақты бағасының қажеттілігі туралы айтқанбыз және ұсынғанбыз, дәйексөз келтіремін: «Макроэкономикалық тұрақтылықтың сақталуы бойынша өсіп келе жатқан тәуекелдіктерді есепке алатын шынайырақ сценарийді негізге алу қажет.
Мұндай тәсілдеме мемлекеттік шығындардың көлеміне және мемлекеттік инвестициялардың параметрлеріне сыни тұрғыдан қарауға мүмкіндік берер еді...
2015-2016 жылдардағы тұрақтылықты нығайту 2017 жылы экономикалық өсудің үлгісіне оралуға мүмкіндік жасар еді» - дәйексөздің соңы.
Біз, сыртқы жағдаяттың әрі қарай нашарлауы кезінде, бюджеттің төмендеуі жағына қайта нақтылау қажеттілігі туындайды деп болжамдағанбыз.
Өкінішке орай, үш ай бұрын айтылған қауіптенуіміз расталды, және бүгін біз Мемлекет басшысының тапсырмасымен Үкіметпен дайындалған осындай түзетулерді қарастырып жатырмыз.
Сонымен қатар, бюджетті нақтылау фактісінің өзі біріншіден – жағдайды парасаттылықпен бағалау және шындықтың бетіне тіке қарауға дайындықты көрсетеді. «Сақтансаң -сақтармын» дейді ғой.
Екіншіден, «Ақ жол» партиясына, бизнестің өкілі ретінде жобада ұсынылған, мемлекеттік шығындарды азайып жатқан кірістерге сәйкес келтіруге жобада құрметпен қарамау мүмкін емес.
Кез келген отбасында, кез келген компанияда, кез келген мемлекетте тапқаныңнан көп жұмсау жағына жете ойластырылмаған ұмтылыс өте келеңсіз салдарларға жетелейді.
Бүгін қарастырылатын бюджет жобасында біз мұндай тәуекелдіктерді едәуір деңгейде азайтамыз.
Үшіншіден – даму бағдарламалары бойынша шығындарды сақтап қалудағы қараша айындағы талпынысы да, қазіргі түзетулерде салынған мемлекеттің әлеуметтік шығындарын қамтамасыз ету де Үкіметтің бюджеттік саясатын әлеуметтік-бағдарланғандығын сипаттайды, ол қазіргі оңай емес кезеңде тіпті де маңызы аз емес және қоғаммен лайықты бағалануы керек.
Дегенмен, Қазақстанның экономикасына және әлеуметтік-бағдарланған бюджет саясатын жүргізуде жағымсыз сыртқы әсерлерді азайтқаны үшін, бізге тиісті құнын төлеуге тура келеді, бұны да анық түсіну керек.
Бұған байланысты, «Ақ жол» партиясы Үкіметпен ұсынылып жатқан мұнай және тау-кен шикізатының бағасының төмендеуіне негізделген, әлеуметтік-экономикалық дамудың негізгі сценарийін қолдау мүмкін деп санайды.
Мұнымен бұрынырақ ЖІӨ-ді 3,3 пайызға өсіруге жоспарланған қарқынының түсіп кету болжамы және оны өткен жылға қарағанда теңгелік есептеуде 101,5 пайыз мөлшерінде бекіту негізделген.
Долларлық есептеуде ЖІӨ-нің болжамы тіпті 13,5 пайызға қысқартуды көрсетеді.
Жалпы қосылған құнның өсу қарқыны бойынша ең жағымсыз беталыс тау-кен және өңдеу өнеркәсібінде бұрынғы жылға қарағанда – 99,7% және 99,6% деп күтілуде.
Тұтастай алғанда ұсынылған жоба 2015 жылы республикалық бюджет шығындарының көптеген категориясын қысқартуды, бірінші кезекте тиімділігі аз шығындарды жою есебінен қарастырып отыр, оны демократиялық фракция тек құптай алады.
Шығындарды оңтайландыру жаңа бастамаларды іске асыруды 1.01.2016 жылға дейінгі мерзімге ауыстыру есебінен жүргізілген. Мұнымен қатар шығындар үлесі негізгі әлеуметтік бағыттарды жоспарланған деңгейде сақтап қалады не шығындардың жалпы көлемінде одан асуы да мүмкін. Мәселен, денсаулық сақтауға шығындар үлесі бұрын бекітілген 8,9%-дың орнына 9,2%-ды, әлеуметтік қамсыздандыруға сәйкесінше жоспарланған 21,7% орнына 22,6% -ды құрайды.
Біздің фракция Үкіметтің қалыптасқан экономикалық жағдайда бұрын проблемалық несиелер Қоры үшін қосымша капиталдандыруға арналған. Ұлттық қордан екінші транштың қаражатын резервтік қорға жіберу шешімін айрықша қолдайды. Нәтижесінде Үкіметтің резерві 250 млрд. теңгеге өсірілу және 317,8 млрд. теңге сомасында анықталды.
Сонымен бірге, дискуссиялық сәттердің бірқатарын атап кетуді қажет деп санаймыз.
Мәселен, заң жобасында түсіндірме жазбада Қазақстанға тауарларды импорттау көлемінің бірден 24,7%-ға төмендеуінің, дәл осыған байланысты қосымша құнға 179,4% млрд.теңге мөлшеріндегі салық бойынша түсімнің қысқаруы болжанып отырғанына қарамастан, нақты негіздері жоқ.
Сондай-ақ 2015 жылдағы металлургиядағы физикалық көлем индексінің бұрынғы жылға қарағанда 95,9%, және 2016 жылы – 98,1% күтіліп отырған төмендеуі бойынша есептеулері, біздің көзқарасымызша сендіре алмайды.
«Агро-бизнес – 2020» бағдарламасы аясында өсімдік шаруашылығы және фитосанитарлық қауіпсіздік бойынша бюджеттік шығындардың төмендетілуі ұсынылған. Және, өсімдік шаруашылығынан гөрі (1,9 млрд.теңге), фитосанитарлық іс-шараларға (өсімдік шаруашылығын қорғауға) 5 есе көп (9,5 млрд.теңге) қаражат жұмсау қарастырылып отыр.
Аталған бағдарлама аясының бағыттары бойынша мұндай шығындардың арасалмағының негіздемелері белгілі бір күмәндар тудырады.
Әрі қарай. Біздің фракция Үкіметтің бюджеттік инвестицияларды басталып кеткен жобаларды аяқтауға жұмылдыру және жаңалардың қаржыландыруын 2016-2017 жылдарға ауыстыру ұсыныстарын тұжырымдамалық түрде алғанда дұрыс деп санайды.
Сонымен бірге, жаңа жобаларға инвестициялаудан бас тарту, жаппай емес, мейлінше атаулы болуы мүмкін екендігін атап кету керек деп пайымдаймыз. Мәселен, жоғары рентабельді индустриалды жобалар бойынша жұмысты жеделдету, олардың іске қосылуы арқылы салық түсімдерінің көбейуін қамтамасыз ету керісінше пайдалы деп санар едік.
Басқаша айтқанда, мемлекеттік инвестициялық саясатына түзету тек шығындардың қысқартуын көздеп қана қоймай, бюджет кірістерін жаңа салық төлеушілерді қатарға кіргізу есебінен және салық салынатын негізді кеңейту мақсатын да көздеу керек.
Осыған байланысты «Ақ жол» Демократиялық партиясының фракциясы Үкіметке мынадай тілегін білдіргісі келеді: егер 2015 жылы мұнайға және металға әлемдік бағалар өсуге қарай орнықты беталыс және қазақстандық экономикаға басқа қауіп-қатерлер төнбейтін болса, біз 2016 жылдан бастап дағдарыстан кейінгі қалпына келу Бағдарламасы (бәсекелесуге қабілетті кәсіпорындарды сауықтыру) және басқа да бағдарламалар аясында сыйақының пайыздық мөлшерлемесін субсидиялауды нақты секторда қолдауға байланысты бағдарламаларды қаржыландыруды қалпына келтіруді сұрар едік.
Сондай-ақ, Ұлттық қордың қаражаттарымен өте абай болу керектігін атап өту керек деп санаймыз.
Қазіргі жобада Ұлттық қордан республикалық бюджетке 2,485 трлн.теңге мөлшерінде трансферттер қарастырылған.
Сонымен бірге, нақтыланған болжам бойынша, 2015 жылы мұнай секторы ұйымдарынан Ұлттық қорға түсетін түсім 1,801 трлн.теңге мөлшерінде күтілуде. Осылайша, заң жобасымен салынған трансферттер Ұлттық қордың жылдық түсімінен 1,5есе артық болып отыр. Бұл күмәнсіз, қауіп-қатерлі дабыл.
Біз, осындай ауқымды шығындардың қажеттілігі бір жолғы сипатта екенін және объективті қиындықтармен қатар халықты әлеуметтік қорғаудың тиісті деңгейін қамтамасыз етуге деген мемлекеттің талпынысынан туындап отырғанын түсінеміз.
Дегенмен, осымен макроэкономикалық өзгерістердің өсіп келе жатқан динамикасын және Қазақстанның ұлттық мүдделерін ғаламдық әлемде қамсыздандыру қажеттілігін ескеретін, Ұлттық қордың қаражатын жұмсаудың жаңа тұжырымдамасын әзірлеуді қажетсіну пайда болатынын пайымдаймыз.
Және соңғысы. Парламент республикалық бюджетті бекітеді, оның практикалық іске асуы жергілікті жерлердегі бағдарламалардың әкімгерлерінің ықпалдылығына және олардың жергілікті бюджеттермен әрекеттесуіне байланысты екені мәлім.
Барлығымыз көріп тұрғандай, бүгінгі оңай емес жағдайда, Үкімет, Президенттің саяси еркін орындай келе, әлеуметтік бағдарламаларды қысқартуға барған жоқ, ал әлемнің көптеген басқа елдерінде ең алдымен дәл соларға үнемдеу жасайды.
Сондықтан бөлінген қаражат сөзбен емес, ел мен қоғамға нақты қызмет етуі, біздің азаматтарымыздың тұрмысының тиісті сапасын қамтамасыз етулері өте маңызды.
«Ақ жол» партиясы осыған байлансыты барлық мемлекеттік органдарды және лауазымды тұлғаларды бюджеттік қаражатты өте ұқыпты және шаруақорлықпен пайдалануға шақырады.
Өкінішке орай, кей кезде біз мүлдем басқа көріністі байқаймыз. Тек бір мысал келтіремін. Президенттің бұқаралық спорттың және ұлттың денсаулығының дамуына үлкен көңіл бөлетіні бәрімізге мәлім.
Осыған сәйкес, барлық жергілікті бюджеттер спорттық объектілер мен іс-шараларды әл-қадарларынша қаржыландырады. Бюджеттік қаражаттарды бөлген кезде жергілікті спорт басқармаларының қандай қағидаттарды басшылыққа алатыны көптеген спорт әуесқойларының сұрақтарын туындатады.
Парасатты мағыналық қисынға салсақ, жастар ішіндегі әйгілігімен ерекшеленетін, оларды дене шынықтырумен шұғылдануға тартатын түрлерін қолдау қажет, ал бұл біздің спортшыларымыздың халықаралық аренада, ең алдымен Олимпиада ойындарындағы жеңістеріне тікелей байланысты.
Қандай спорт түрлерінде қазақстандық спортшылар дәстүрлі түрде әлемдік деңгейде медальдар жеңіп алады? Бокс, күрес, ауыр атлетика, басқа да кейбір түрлер. Біз жергілікті бюджеттер бойынша мәліметтерді талдап шықтық, міне не шықты:
Күрес секциясының қаржыландыруына аймақтарға, сондай-ақ Астана және Алматы қалаларына, барлығын бірге алғанда, 2015 жылы жергілікті бюджеттен 3,197 млрд.теңге жұмсалады.
Боксқа – 1,510 млрд. теңге.
Ауыр атлетикаға – 487 млн. теңге.
Бірақ ең көп шығындар, жүргізілген оңтайландырудан кейін де, футбол клубтарын ұстауға жоспарланған болып шықты– бұл 14,603 млрд. теңге.
Сонда футболға, ондағы біздің ең күшті жетістігіміз – Еуропа чемпионатына іріктеу тобындағы ең соңғы орындардың бірі, жергілікті спорт басқармалары әрбір Олимпиададан алтын медальдар әкелетін боксқа қарағанда он есе көп мемлекеттік ақша береді.
Тырнақшаның ішіндегі, «кәсіпқойлыққа», ал шын мәнісінде – бюджеттік – футболға, бокстан немесе ауыр атлетикадан гөрі, тіпті 10 есе де емес, 100 есе көп қаражат бөлетін облыстар бар.
Әділетсіздіктің ең үлкені, егер бокс немесе күреске біздің ауылдарымыз бен қалаларымыздың қазақстандық балалары баратын болса, ал футбол клубтарында жергілікті бюджет ақшасына көбінесе шетелдік легионерлер қазақстандық спортшылардың түсіне де кірмеген жалақыларымен ұсталады.
Бүкіл әлемде кәсіпқой футбол клубтары өмірлеріне өздері ақша табады.
Жастарымызға нақты пайдасын тигізетін, қаншама спорт алаңдары немесе секцияларын, 14 млрд.теңгеге салуға болар еді?
Біз кәсіпқой спортқа және легионерлермен қарым-қатынасқа қарсы емеспіз, бірақ, бюджеттік қаражат керек жерінде, ең алдымен, біздің азаматтарымыз үшін жұмыс істеу керек екеніне сенімдіміз.
Қаражаттарды тиімсіз пайдаланудың бұдан да сорақы мысалдарын Есептік комитеттің есептерінде жыл сайын келтіріп жатады. Сол себепті біз бюджеттік бағдарламалардың әкімгерлерін қазіргі жағдайларда бюджетке өте ұқыпты қарауға шақырамыз және оны тиісінше орындау жауапкершілігі туралы ескертеміз.
Айтылған ескертпелерді ескере отырып, «Ақ жол» демократиялық партиясының фракциясы ұсынылған заң жобасын қолдау мүмкін деп санайды.