Қазақстанның демократиялық күштер жалпыұлттық коалициясының Жер реформасы мәселесіне арналған отырысындағы А. Перуашевтың сөзі
24.05.2016, Астана
Құрметті әріптестер!
Жер мәселесі әрқайсымыз үшін аса маңызды.
Бүгінгі өмірде оның алатын орны мен рөлі сөзсіз жоғары.
Оның экономикалық, әлеуметтік, саяси, экологиялық аспектілері бар.
Қазіргі кезде қоғамымызда жер мәселесі бойынша қызу пікір алмасу өтуде.
Бұл қызығушылыққа біз де ортақ болып отырмыз.
Себебі жер тағдырына бүкіл еліміздің, мемлекетіміздің, Тәуелсіздігіміздің де тағдыры байланысты.
Сондықтан Ақ жол партиясы Жер кодексіне Елбасы жариялаған мораторийды толығымен қолдайды.
Біздің ойымызша, осыны пайдаланып, мемлекеттік органдар, саяси партиялар, қоғам қайраткерлері жер мәселесін жан-жақты мұқият қарастырып, елімізге тиімді ұстанымдарымен шығуы керек.
Жер комиссиясы болашақ ұрпақтар, аталарымыздың аруақтары алдында ұялмайтын шешім қабылдауға тиісті.
1) Құрметті әріптестер.
Кез келген кәсіпкер үшін жерді жеке меншікке алу перспективасы – бұл өз ісінің тұрақтылығын қамтамасыз етуді және болашағына сенімділікті қамтамасыз етудің бірегей мүмкіндігі.
Жердің өзі үшін ыждағатты шаруақор иесі болуы оның құнарлылығына қамқорлықты, сондай-ақ зиянды пайдаланудан және дау-дамайлардан қорғауды білдіреді.
Жеке меншік нарықтық экономиканың негізі болып табылады.
Сондықтан Парламентте бизнес-қауымдастықтың мүдделерін білдіретін 'Ақ жол' партиясы, жер қатынастарындағы жеке меншік принципін іске асыруды жақтайды.
Реформалар жолын таңдай отырып, бір аяқпен нарықтық экономикада, ал екінші аяқпен – социализмде немесе патриархалдық салтта қалу мүмкін емес.
Мұндай жағдайда тұрақты дамуды қамтамасыз ету мүмкін емес.
2) Сол уақытта, өткір қоғамдық пікірталас тұтас мәселелер кешенін анықтады, әлі күнге дейін тиісті шешімін таппаған толып жатқан мәселелер бар екенін анықтады және олардың жер реформасының беделін түсіріп, сенімсіздендіретін қаупі бар.
Сондықтан 'Ақ жол' партиясы Жер кодексінің бірқатар даулы нормаларының орындалуына байланысты жарияланған мораторий үшін Мемлекет Басшысына ризашылығын білдіреді.
Біз реформаны кеңінен және мұқият талқылаудың қажеттілігін қолдаймыз.
3) Қазақстан Бизнесі Қазақстан азаматтарымен жерді жеке меншікке сатып алу мүмкіндігін принципті түрде жақтайды.
Бірақ бұл ретте біз, жерді жеке меншікке міндетті және дереу тарату туралы емес, МҮМКІНДІКТЕР туралы айтып отырмыз.
Дәл осыған байланысты ешбір жағдайда асығуға болмайды .
4) Бұл ретте ашық және әділ көзқарасты қамтамасыз етудің, , сондай-ақ мұндай меншік теріс пайдаланудан және қаржылық тұрақсыздықтан қорғау мәселелерін шешудің маңызы кемімейді, қайта арта түседі.
5) Атап айтқанда, әңгіме бір тұлғаға жер телімдерінің лимиттерін анықтау болып отыр.
Бұл әдеттегі халықаралық тәжірибе. Мысалы, халықтың тығыздығы Қазақстанмен шамалас, ал құнарлы жерлердің алаңы едәуір жоғары Канадада, бір заңды тұлғаға ең жоғары үлесі 180 гектармен шектелген.
Бізде, өздеріңіз білесіздер, мұндай шектеулер жоқ, бұл көрінеу сәйкессіздіктерге және байлар мен кедейлер арасындағы айқын әлеуметтік алшақтыққа әкеледі, жағымсыз қоғамдық резонансқа әкеліп соғады
Алдағы уақытта, нарықтың даму шамасына қарай, бұл параметрлер өзгертілуі мүмкін және тиіс бірақ кез келген жағдайда, тіпті бір ауданның шегінде жерді монополияландыруды болдырмайтын нормаларды бекіту қажет.
6) Жерді тікелей өңдейтін қазақстандықтармен жерді жекешілендіруге кепілдік беретін тетіктерді қарастыру керек.
Ал ауыл шаруашылығы өндірушілерін рантьеге тиын үшін жұмыс істеуіне, ал негізгі пайданың ауыл шаруашылығынан басқа жаққа кетуіне жол бермеу керек.
Аграрлық сектордың пайдасы оның инвестициясы мен дамытуын қамтамасыз етуі тиіс.
7) Пайдаланыомай жатқан алқаптармен қатар топырақтың құнарлылығына және қоршаған ортаға залал келтірмеу үшін қолданылатын агротехнологиялар мен химикаттарды нақты бақылауды қамтамасыз ету қажет.
Бұл үшін, Жер инспекцияларының ролін арттырып, осы саладағы сыбайлас жемқорлық және бюрократияны жою қажет.
Мүмкін, жер мәселесі жөніндегі даулар мен кінә қоюшының басқа да құжаттар ағынында әуре-сарсаңды түспес үшін экологиялық прокуратураға ұқсас Жер прокуратурасын құру туралы ойлану керек.
8) Ақырында, жерді жеке меншікке жаппай беруге ауыл шаруашылығының қаржылық тұрақтылығын және дейін осы саладағы тиімді, нарықтық менеджмент мәселесін шешу қажет.
Пікірталас, қоғамда, тіпті аграршылар арасында кейде асырауда болушылық, қамқорлық ойлау орын алып отырғанын көрсетті. Мәлімделгендей, ауыл шаруашылығы әрқашан ауыр жағдайға тап болуы мүмкін, сондықтан да мемлекет оны қаржыландыруға міндетті деген сияқты пікірлер айтылып қалады.
Мұндай көзқарас нарықтық қағидаларға түбегейлі қарама-қайшы. Егер осы талаптарға сүйенсек, онда жерді меншікке беруге үзілді-кесілді болмайды.
Өйткені ол тиімсіз, залалды шаруашылықтар кредиттерді қамтамасыз ету үшін жерді кепілге қояды, және көп ұзамай жер банктердің меншігі болып шығады.
Ал бұл шаруашылықтар бұл жерді тағы да жалдауға алады, бірақ енді мемлекеттің емес, банктің бағаларымен алады, сонда түпкілікті кедейленеді.
9) Егер нарықтың жағдайларында және ашық бәсекелестікте өзінің табысты жұмыс істеу қабілетін және тиімділігін көрсеткен болса жерге жеке меншік міндет емес, ол МАРАПАТ, керек десеңіз ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының ЖҮЛДЕСІ болуы тиіс.
Сондықтан қазақстандық ауылшаруашылығы өндірушілерін жерді ұзақ мерзімге жалға алу құқығын сақтау керек. Және ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының жұмысы шығынсыз болған кезде ғана, айталық, 5 жыл бойы, жалға алынатын жер олардың меншігіне сатылар еді.
Бізде мұндай кәсіпорындар көп пе, егер тіпті ірі астық холдингтердің түгелі дерлік банктерге қарыз және дүркін-дүркін банкроттық туралы талаптарға ұшырап жатса?
Сондықтан да біз, жолы болмай жатқандар түгілі ірі, алып ауыл шаруашылығы кәсіпорындарына да жерді меншікке беруге асықпауға шақырамыз.
10) Осылайша, жерге жеке меншік мәселесі іс жүзінде агроөнеркәсіп кешенін басқарудың тиімді үлгісін жасау мәселесі болып табылады.
АӨК дамытуға және қолдауға мемлекет қомақты қаржы бөліп отыр, бірақ олардың жолданым иесіне жеткізілуі және қолданылуы негізделген күмән тудырады.
Осы саладағы көптеген квазимемлекеттік құрылымдардың атына сыбайлас жемқорлық және бюрократияға байланысты айыптау тұрақты естілетіні кездейсоқ емес.
Ал гигантомания саясаты және жасанды өтірік мега-жобаларға әуестенушілік барған сайын сұрақтар тудырады.
Иә, астық шаруашылықтары үшін ірі холдингтер қазіргі заманғы мен ауыл шаруашылығы техникасының басқа да өндірістік шығындар құнына байланысты тиімдірік болуы мүмкін.
Бірақ мал шаруашылығында, Швейцария, Германияның фермаларының қорында әдетте 50-70 бас ірі қара, бізде – 500-ден кем емес, тіпті 3-5 мың болады.
Қандай модель тиімдірек жұмыс істейді?
11) Жерді шетелдік компанияларға жалға беруді айтатын болсақ - егер бұл компаниялар жаңа агротехнологияларды, ауыл шаруашылығы кәсіпорындарын басқарудың нарықтық стилін енгізсе, секторды инвестициялап және жаңғыртса, онда мұндай серіктестерді құптауға болады деп санаймын.
Бірақ бұл ретте мұндай компаниялардың қызметіне, олармен экологиялық, агротехникалық және өзге де құқықтық нормаларын сақтауына – ең жоғары деңгейде бақылау ұйымдастырылу тиіс.
Сонымен қатар, сепаратизм және қоғамдық қауіп проблемаларын болдырмау үшін, сондай-ақ біздің интеграциялық міндеттемелерді ескере отырып, Қазақстанмен тікелей шекарасы бар елдердің компаниялары үшін жалдау құқығын болдырмау мүмкіндігін зерделеуді ұсынамын.
12) Сондай-ақ компаниялардағы Қазақстанда жерге меншік құқығы бар шетелдік құрылтайшылардың қатысу үлесін қайта қарау қажет деп есептейміз. Бүгін бұл шек 51%. деңгейде белгіленген.
Егер, шетелдіктер жері бар компаниялардың жарғылық капиталына кірген болса, жер олардың алынуы және оларға жалға ұсынылуы тиіс, - деп мәлімдеді жақында Мемлекет басшысы.
Біздің ойымызша, бұл шетелдік құрылтайшылардың қатысу шегін 25% - ға дейін және одан да кем етіп едәуір төмендету керек.
Шетелдік компаниялармен жерді жалға алу мерзімін анықтау кезінде осындай тәсіл болуы мүмкін. 25 жыл – бұл бір ұрпақтың жасы. Менің ойымша, жалдау мерзімін 5 жылдан бастау орынды, компания қызметінің топыраққа және қоршаған ортаға әсері бойынша кешенді және жария бақылау жасау керек, егер оң нәтижелер болып жатса, кейіннен жалға беру мерзімін ұзарту мүмкіндігін қарастыруға болады.
13) Тұтастай алғанда, осы пікірталас жер тағдыры және біздің мемлекетіміз үшін өте маңызды және пайдалы деп санаймын.
Назарларыңызға рахмет.