03
Маусым

Санат жоқ 03.06.2016

Салықтық несиелендіру қазіргі кезеңде кәсіпорындарды аман алып қалуға және жаңа жағдайларға бейімделуге көмектесер еді – Азат Перуашев

'Ақ жол'ҚДП баспасөз қызметі, 2016 жылдың 3 маусымы
 
Салықтық несиелендіру қазіргі кезеңде кәсіпорындарды аман алып қалуға және жаңа жағдайларға бейімделуге көмектесер еді, – деп мәлімдеді Азат Перуашев 1 маусымда өткен Мәжілістің пленарлық отырысы барысында.  Бұл депутаттық сауалында 'Ак жол' фракциясы кезекті рет салық саясатында ынталандыру шараларын қолдану мәселесін көтерді.
'Салық саясаты фискалдық міндеттерді ғана шешуге қабілетті емес, сонымен қатар жеке бизнесті қолдауда маңызды құрал болып табылады, - делінген депутаттық сауалда. - Әлемдік экономикалық дағдарысының әсері жағдайларында, салық демалыстары және салықтық несиелендіру сияқты ынталандыру шаралары ерекше маңызға ие болады'.
'Ақ жол' көшбасшысы, партияның 2011 жылдың 7 қыркүйегінде және 28-қарашасында, 2012 жылдың 21 мамырында салық демалыстары және салықтық несиелендіруді енгізу туралы Үкіметке ұсыныстар жібергенін еске салды, осы тақырыпта депутаттық сауал 2013 жылдың 18 желтоқсанында жарияланды. Сөзбе-сөз – салықтардан шағын және - атап көрсетемін! – орта бизнес қызметінің алғашқы 5 жылында босатылсын деген тапсырма - Президент Н.А.Назарбаевпен 2013 жылдың желтоқсанында Индустрияландыру күнінде берілген. Үкіметпен бұл тапсырма ішінара орындалды, тек шағын бизнес босатылды, және тек КТС-ынан»,- деп атап өтті Перуашев және осыған байланысты, 2014 жылдың 21 қаңтарында. Партия Үкіметке 'Шағын және орта бизнесті қолдау' туралы заң жобасын жіберді,- деп қоса айтты, оған Президенттің тапсырмаларын орындау бойынша нормалар енгізілген. Заң жобасы ведомствоаралық комиссиямен оқшауланған, 2015 ж. оның көптеген нормалары Кәсіпкерлік кодекске кіргенмен, бірақ салықтық демалыс құралы толықтай жүзеге асырыла қоймады.
Фракция жетекшісінің пікірінше, жағдай Салықтық несиелендіру бойынша одан да күрделірек болып отыр - 'Ақ жол' партиясының ұсынысы ескерілмей қала берді. «Салықтық несиелендірудің мағынасы,  кәсіпорындарға салықтарды неғұрлым кеш мерзімде төлеу мүмкіндігін беру. Бүгінгі күнде отандық кәсіпкерлердің едәуір бөлігі өте қиын жағдайға тап болды және осындай шара оларға елеулі демеу болар еді,- деп санайды «Ақ жолда». Экономикалық тұрақсыздық кезеңінде салықтық несиелендіру бизнеске жұмысын босаңсытпауға, жұмыс орындарын қысқартудан бас тартуға, жаңа шындыққа төтеп беруге және бейімделуге көмектесер еді».
Салықтық несиелендіру халықаралық тәжірибеде кеңінен қолданылады, сонымен бірге бірқатар елдердің заңнамасымен кәсіпорындарға оның қолданылатын белгілері тікелей анықталған, сондай-ақ салықтық несиелендіру шарттары белгіленген.
Салықтарды төлеу мерзімдерін ауыстырудың басқа әдістері  салықты төлеу және жинауды кейінге қалдыру және мерзімін ұзарту болып табылады. Оларға қарағанда, салықтық несиелендіру техникалық қайта жарақтандыруға немесе белгілі бір өнім өндірісіне уақытша босаған қаражаттарды инвестициялау бойынша талаптарды қамтуы мүмкін. Осылайша, салық төлеушіге салық несиесін беру бизнес жүктемесін жеңілдетуді ғана емес, сонымен қатар экономиканың басым секторларын дамытуды ынталандырар еді.
«Біздің көршілерде – Ресей мен Беларуста - салықтық несиелендіру сондай-ақ заңмен қарастырылғанын атап өту қажет деп есептейміз. Мәселен, Ресей Федерациясының Салық кодексінің 66 және 67 баптарымен инвестициялық салық несиесі мерзімі 5 жылға дейін және жекелеген жағдайларда, тіпті 10 жылға дейін қарастырылған. Беларуста Салық кодексінің 481 бабы салық төлемдерін, сондай-ақ салық несиесінің өзін де кейінге қалдыруды және бөліп төлеуді қарастырады. Сонымен бірге заң салық төлеушінің уақытша босаған ақша қаражаттарының пайдалануы бойынша шарт қоймайды»,- деп атап көрсетілген сауалда.
Қазақстан Республикасының салық кодексі салық мерзімін кейінге қалдыруды 12 айға дейін белгілейді. Бірақ мұндай бөліп төлеу, салықтық несие немесе инвестициялық салықтық несие сияқты тәсілдер біздің Салық кодексімен қарастырылмаған. «Ақжолдықтардың» пікірінше, салықтық ынталандыруды қолданудан қалып қою отандық кәсіпорындарға ЕАЭО аясындағы бәсекелестікте белгілі бір қиындықтар туғызады.
Сонымен қатар, Мәжілістің қазіргі шақырылымының жұмысының басында кейбір БАҚ сыртқы нарықтардағы ахуалға байланысты жекелеген ірі компаниялардың салық салудан босатылуы орын алды деген тәрізді мәселе көтерген. Адал және әлеуметтік жауапты бизнесті қолдай отырып, тіпті ең стратегиялық маңызы бар өндірістерге қолдау көрсету мақсатында мемлекет үшін салықтардан толық босату орнына - оларға орнықсыздық кезеңінде кәсіпорындар жағдайы тұрақтағаннан кейін берешегін өтей отырып, салықтық несиелендіруді беру тиімді болар еді.
Осыған байланысты, 'Ақ жол' демократиялық фракциясының депутаттары үкіметке мынадай ұсыныстармен шығады:
1)                    Мемлекет Басшысы тапсырғандай, тек шағын ғана емес, сонымен қатар орта бизнес қызметінің алғашқы үш жылына салықтық демалыстарды тарату мәселесі қайта қарастырылсын.  Өйткені, өңдеуші өнеркәсіптегі кез-келген кәсіпорын, талап етілетін негізгі қорлар (құрал-жабдықтар, ғимараттар) құнына орай орта бизнеске жатады.
2)                    Агроөнеркәсіптік кешен, тамақ, машина жасау, жеңіл, фармацевтикалық және басқа да басым салаларға кәсіпорындарына босайтын қаражаттарды өндіріске инвестициялау міндеттемесімен салықтарды төлеу мерзімін 5 жылға дейін көшіру мүмкіндігін беру жолымен инвестициялық салықтық несиелендіруді енгізу туралы мәселесі қаралсын;
3)                    Бұрын қандай кәсіпорындарда салық төлеу  кейінге қалдырылғаны, бұл кәсіпорындар экономиканың басым секторларына жата ма, сондай-ақ осындай компанияларға қандай шарттар мен міндеттемелер жүктелгені жайлы ақпарат айқындалсын.
 
 
'Ақ жол' ҚДП Парламенттік фракциясы сайлауалды бағдарламасын жүзеге асыру және қазақстандық бизнестің мүдделерін қорғау бойынша жұмысты жалғастырады.