11
Шілде

Санат жоқ 11.07.2016

Қорғас' шекара маңы ынтымақтастығының Халықаралық орталығының мәртебесінің белгісіздігіне байланысты жүздеген кәсіпкерлер зор шығындар көріп отыр - 'Ақ жол' мәселелерді реттеу үшін шараларды қабылдауға талаппен Қаржы министрлігіне жүгінді

 «Ақ жол» ҚДП баспасөз қызметі, 2016 жылдың 11 шілдесі
'Қорғас' шекара маңы ынтымақтастығының Халықаралық орталығының мәртебесінің белгісіздігіне байланысты жүздеген кәсіпкерлер зор шығындар көріп отыр – олардың бұзылған құқықтарын қорғауға тиісті хат ҚР ҚМ мемлекеттік кірістер Комитетінің Төрағасы Дәулет Ерғожиннің атына 'Ақ жол' партиясынан жіберілді.
Жергілікті 'Сары газеттің' (2016 жылғы 24 маусымда шыққан № 13) жарияланымынан белгілі болғандай, жүздеген жүк көліктері тауармен 'Қорғас' шекара маңы ынтымақтастығының Халықаралық орталығынына бірнеше күн бойы кіре алмай жүр, ал олардың иелері зор шығындар көріп отыр.
'Қорғас' ШЫХО-ның қызметін регламенттейтін тауарлар мен көліктің шекара асуына байланысты бірыңғай құқықтық акт әлі күнге дейін әзірленбегені анықталды - Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасының мемлекет Басшыларының бастамасы бойынша 2005 жылы  құрылған  бірлескен ірі жобалардың бірі.
Тексеруші органдар кәсіпкерлерге қатысты ҚР-ның қандай заңдарын қолданатынын білмегендіктен, (өйткені кәсіпкерлер мемлекеттік шекараны кесіп өтіп жүрген, бірақ сыртқы экономикалық қызметтің қатысушылары болып табылмаған), үш жыл бойы әкелінген әрбір тауар бойынша 200 евро төлеп отыруға тура келді. Бұл ретте, олар жүк жөнелтушінің және жүк алушының рөлін бір мезгілде орындаған, яғни жүк шығындарынан басқа тағы 60 евро инвойс төлеген. Қолданыста болған осы тауардың өту схемасы бойынша үш жылдан кейін экспортқа көшу туралы хабарланған ЭК-10, (213-бабына сәйкес, егер кедендік әкету баждарын төлеу бойынша жеңілдіктер белгіленбесе, кедендік әкету баждарының төлеу шарттарын сақтау бойынша тауарларды экспорттың кедендік рәсімімен орналастырады). Нәтижесінде Қазақстан шекарасынан кедергісіз өту үшін кәсіпкерлер әрбір автокөлік бойынша 35 мың теңге, декларацияны ресімдеу және кедендік баждар төлей бастады.
2015 жылғы мамырдың соңында сауда-эксперименттік алаңдарды жойғаннан кейін, кәсіпкерлерді қытайлық әріптестермен тауарды алуға және қазақстандық өнімді олардың сауда үйлерінде өткізу туралы келісім-шарттар жасасуға амалсыздан мәжбүрледі.  Үй-жайларды жалға алу айына шамамен 225 мың теңгені, әрбір қытай кәсіпкерінің талабы бойынша, плюс кепілі — 1,5 млн. теңгені құрағандағыны атап өту қажет.
 Қазақстандық кәсіпкерлермен барлық алдыңғы талаптарының орындалуына қарамастан, 2016 жылдың 8-маусымынан бастап, тауармен ауыр автокөлік 'Алтынкөл' кеден бекетінің бақылау-өткізу пункті арқылы өте алмайды.
Алматы облысы бойынша мемлекеттік кірістер Департаментінің 'Алтынкөл' кеден бекетінің басшылығының жауабы бойынша, 'Алтынкөл' кеден бекетінің 'АЭА' Қорғас – Шығыс қақпасы' бақылау-өткізу пунктінде тауарларды кедендік ресімдеу мен көлік құралдарының мәртебесін анықтау тоқтатылатын болады.
  Кәсіпкерлер күрделі, дағдарыс кезеңінде қыруар сомаға жалдау шартын жасауға неге мәжбүрлейтінін және осы мәселені реттеудің орнына БӨП кеден бекетін жапқанын түсінбейді,- делінген Перуашевтің қолы қойылған үндеухатта. -  Осыған байланысты, 'Ақ жол' ҚДП осы проблемаларды реттеу үшін тиісті шараларды қабылдауды талап етеді'.