19
Қантар

Санат жоқ 19.01.2017

«Ақ жол» зейнетақы активтері аясындағы бәсекелестікті қайтаруды ұсынды

«Ақ жол» ҚДП баспасөз қызметі, 2017 жылғы 18 қаңтар

Дания Еспаева Премьер-министр және Ұлттық банк төрағасына жолданған фракцияның депутаттық сауалында - «Ақ жол» зейнетақы активтері аясындағы бәсекелестікті қайтаруды ұсынды.

«Ақ жол» фракциясы 2013 жылдың наурыз айынан бастап Парламенттегі ресми сөйлеген сөздерінде және депутаттық сауалдарында бес рет (!) БЖЗҚ зейнетақы қаражатын сақтап қалу туралы мәселені қозғай отыра, БЖЗҚ қаржысын заңсыз немесе тиімсіз пайдаланған лауазымды тұлағалардың жеке жауапкершілігіне ескерту шараларын қабылдау қажеттілігі туралы мәлімдеген болатын. – Өкінішке орай, біздің айтылған қауіптер орын алды – зайнетақы активерін мемлекеттік басқару кезіндегі теріс пайдаланушылық бәсеңдемей, керісінше бәсекелессіздіктің арқасында оның ауқымы кеңейгені көпшілікке мәлім болды.

Құқық қорғау органдарымен тексерулер жүргізілуде, БЖЗҚ бұрынғы басшылары қамауға алып, қылмыстық іс қозғалды.

Тексерулер барысында бойламай-ақ, аты шулы 5 млрд. теңгелік келісім жасау кезінде БЖЗҚ зейнетақы қаражатын емес, «жеке қаражат қорларын» пайдаланған деп түсініктеме берген Ұлттық банктің кейбір түсініктеріне фракция кесімді қарсылық білдіреді.

БЖЗҚ-ның «жеке қаражат қоры» жоқ және болуы да мүмкін емес, ал Қорда бар барлық қаржылық ресурстар миллиондаған азаматтарымыз сеніммен тапсырған зейнетақы жинақтары немесе сол жинақтардан түскен инвестициялық өсімдер болып табылады деп санайды «Ақ жол» фракциясы.

БЖЗҚ қаражаты халықтың өз еркімен тапсырылатын жинақтары емес, керісінше салық тәріздес міндетті салымдар болып саналатындықтан, оларға ерекше назармен қарау және қорғау қажет екендігін «ақжолдықтар» еске салады.

Сондықтан да, Қордың барлық қаражаттарын басқару ашық түрде жүргізіліп, мемлекет алдында есеп берілуі тиіс.

Екіншіден, Ұлттық банк бір мезгілде БЖЗҚ-ның операторы да, реттеушісі де болып саналатын жағдайда, мүдделер қайшылығы туындайтынына да фракция көңіл бөлгені туралы депутат атап айтты. Осылайша, бүгінгі Қордағы  анықталып отырған бұзушылықтардың алғышарттары, жүйенің жұмыс істеуін қалыптастыруы барысында қаланған. Сонымен қатар, салымшылардың назары үшін бәсекелестіктің жоқтығы және жеке-дара жағдайы – іс-жүзінде жұмыстың тұрақтылығы және табыстылығын жоғарлатуына ынталандырмайды.

 «Ақ жол» фракциясы 2013 жылдың 12 наурызында-ақ, бұрынғы пайдасыз зейнетақы жүйесінде жаңашыл тәртіп енгізген кезеңнен бастап, болашақ зейнеткерлерге өз салымдарын салу кезінде басқару оңтайлылығына және тиімділігіне байланысты таңдауға мүмкіндігін беретін 3-5 ірі жекеменшік зейнетақы қорын құрып, бәсекелестік талаптарына қайта оралу туралы өз пікірін білдіргені туралы» да еске түсірді Еспаева

Депутаттардың пайымдауынша, жекеменшік қорлардың және олардың менеджментінің табыстары олардың табыстылығына тікелей байланысты болар еді, ал Ұлттық банк болса, тәуелсіз реттеуші орган ретінде барлық қорлардың үстерінен қадағалай отырып, оларды бақылау мен мониторинглеуді жүзеге асырар еді.

«Ақ жол», «бүгінде талқылаудағы БЖЗҚ қаражатының бір бөлігін жекеменшік басқарушы компанияларға беру алдағы мәселені шешпейді, өйткені Ұлттық банк пен БЖЗҚ арасындағы негізгі қатынас өзгермейді» деген ойда.

Үшіншіден, 2015 жылдың 5 қарашасындағы «Ақ жол» фракциясының сауалында, БЖЗҚ қаражатын банктерді қолдау мен күмәнді бағалы қағаздарға бағыттамай, индустриалдық даму бағдарламасының шеңберінде өндірістік экономиканың нақты секторларының кәсіпорындарына бағыттау ұсынылғаны туралы депутат Еспаева атап айтты. Алдыңғы қатарлы трансұлттық корпорациялардың қатысуымен жүзеге асырылған жобаларға зейнетақы жинақтарын инвестициялау бұл қаражаттың сақталуына кепіл болар еді деген мақсатпен еліміздің экономикамызға оларды тарту туралы Елбасымыз желтоқсандағы Индустриализация күнінде тапсырма берілген.

Өкінішке орай, соңғы жағдайлар көрсеткендей, Ұлттық банктің БЖЗҚ қаражатын тиісті қорғау және ашық түрде басқару жұмыстарын қамтамасыз етуге  күші жететін емес.

Болып жатқан жайттарды ескере отырып, «Ақ жол» депутаттық фракциясы Үкімет пен Ұлттық банкке келесі мәселелерді қарауды ұсынады:

1)                 БЖЗҚ монополиясынан бас тартутуралы және мемлекет пен Үкімет тарапынан қатаң бақылауға алынатын нарықтық бәсекелестік негізінде салымшыларға таңдау жасауға мүмкіндік беретін бірнеше ірі тәуелсіз қатысушыларды қатыстырып,  зейнетақы қорларының қызметінің  бәсекелестік тәсілдемелеріне қайтару;

2)                 индустрияландыру бағдарламасы аясында ірі трансұлттық корпорациялардың қатысуымен жүзеге асырылған индустриалды жобаларға тікелей инвестициялау мақсатында зейнетақы жинақтарын инветициялық құралдар тізіміне қосу туралы.

«Ақ жол» ҚДП Парламенттік фракциясы өз сайлаушыларының мүдделерін қорғау мен сайлауалды бағдарламаны жүзеге асыру жұмыстарын жалғастыратын болады