29 наурыз 2017 жыл, «Ақ жол» ҚДП баспасөз қызметі
«Ақ жол» депутаттары толыққанды ұлттық не біріктірілген (ШЫҰ немесе ЕурАзЭҚ шеңберінде) ғылымиметрикалық жүйе құруды ұсынды. Бұл жөнінде олар Мәжілістің пленарлық отырсында мәлімдеді. Білім министрінің атына жолданған ҚДП-ның депутаттық сауалын Кеңес Әбсатиров жариялады. (мәтіннің толық нұсқасы төменде көрсетілген).
Қазақстан Республикасының
Білім және ғылым министрі
Е.К.Сағадиевке
Депутаттық сауал
Құрметті Ерлан Кенжеғалиұлы!
Білім мен ғылымның отандық жүйесі халықаралық үрдістерге тартылуынан біздің ғалымдар мен оқытушыларымыздың кәсіби дәрежесін анықтайтын өлшемдері өзгерді, және әрдайым да жақсы жағына қарай емес.
Мәселен, бүгінгі күні диссертация қорғау, ғылыми атақ беру, жоғары оқу орындарының профессорлік-оқытушылар құрамының деңгейін анықтаудағы маңызды міндетті өлшемдерінің бірі «Импакт фактор» деген болып отыр.
Бұл ұғым дәйексөз алу дерекқорына енетін Scopus және Web of Science (Thomson Reuters) шетелдік журналдарындағы жарияланымдардың санымен түсіндіріледі.
Бұл жүйенің бірнеше санаттары бар. Мысалы, көрші Ресей елінде, диссертация қорғау үшін рецензиялаудың қатаң жүйесі бар екі жоғары санат есепке алынады. Мұндай беделді журналдарға материалдар ұсынымдар арқылы қабылданады, мазмұны, көлемі бойынша мұқият іріктеуден өтеді және әдетте ақысыз жарияланады.
Қазақстанда осы дәйексөз базасындағы кез келген, ең төменгі санаттағыны қоса алғанда, жарияланымдар есептеледі. Бұл журналдарға мақалалар ешқандай іріктеусіз, кез-келген санда және көлемде қабылданады. Оларды жариялаудың жалғыз шарты 500 евродан 2,5 мың евро көлемінде ақы төлеу.
Сонымен қатар, бұл басылымдардан «орында» беріліп жатырған жоқ, сайтта ақылы виртуальды қызмет көрсетеді.
Бүгін көптеген ізденушілерге көп жылдық ғылыми зерттеу жұмысымен айналысқаннан гөрі аталмыш «журналдарға» ақысын төлеп мақала жариялап отырған әрине жеңіл әрі тез.
Бұл көзбояушылық пен жалған ғылыммен айналысуды Білім және ғылым министрлігі өзі де қолдап отыр. Мәселен, 2016-2019 жж. білім беру және ғылымды дамытудың мемлекеттік бағдарламасының негізгі міндеттері болып импакт-факторлы халықаралық журналдардағы жарияланымды жыл сайын 5-10%-ға өсіру көрсетілген.
ҚР Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 31-наурыздағы бұйрығына сәйкес ғылыми, PhD докторлық және профессорлік дәреже атағын алушыларға бірден беске дейін осындай мақалалар болуы керек. Бұл талаптарды ескере отырып, біздің ғалымдар «қоқыс» немесе «жыртқыш» журналдарға өз мақалаларын жариялауға әрі сол үшін ақы төлеуге мәжбүр.
Сонымен бірге мұндай шарттар ТМД бірқатар басқа елдерінің ізденушілеріне де қойылатынын атап өту керек. Сұраныс бар жерде ұсыныста бар демекші бұл сала біртұтас бизнесті қалыптастырған. Сұранысты қанағаттандыру үшін КСРО бойынша біздің бұрынғы отандастарымыз жалған американдық немесе европалық мекен-жайы көрсетілген ағылшын тіліндегі ғылыми тектес журналдар ашып қойған.
Және бұл беталыс жылдан жылға үдей түсуде. Егер 2011 жылы қазақстандық авторлардың 569 мақаласының тек 3-і ғана «қоқыс» журналдарында жарияланса, 2012 жылы 830 мақаланың 89 –і жарыққа шықты. 2013 жылы «қоқыс» басылымдарда қазақстандық авторлардың үштен бір бөлігі жарық көрді яғни 1643-тің 533 –і, ал 2014 жылы тіпті тең жартысы 1784 мақаланың 715-і жарыққа шықты. 2015-2017 жылдары да бұл көрсеткіш көбеймесе азайған жоқ.
Scopus та жарияланған мақалалар саны бойынша Қазақстан Еуропа одағының бірқатар елдерін басып озып әлемдік рейтинг бойынша 141 орыннан 86 орынға (!) көтерілгендей болды. Бірақ дәйексөз алу индексі тым төмен - әлемдік орташа көрсеткіш 1.00 болып отырғанда, қазақстандық көрсеткіш 0,02 ғана. 2015 жылы қазақстандық авторлардың 2436 мақаласының халықаралық журналдарда тек 117-нен (4,5%) ғана дәйексөз алынды. Оның өзінде, көбіне Қазақстандық ғалымдарға отандастар мен әріптестердің өздері сілтеме жасайды. Мұндай зерттеулердің іргелі білімге немесе елдің технологиялық дамуына ешқандай әсері жоқ екені айтпаса да түсінікті. Басқаша айтқанда, 2012 жылдан бері біз өзімізді көпірме сандармен алдап келеміз, ал оның шынайы бағасы асыра бағаланған. Бұл кәдімгі соқыр сенім.
Бұл тенденцияның айқын болғаны соншалықты, Scopus және Thomson Reuters рейтингтері өз базаларын үнемі «тазалауға» көшті. Мысалы, ү.ж. қаңтар айында Scopus өз базасынан 290 нан астам журналдарды өшіріп тастады. Олардың ішінде негізгі авторлардың қатарында 15 қазақстандық автор болатын.
Осының бәрі қазіргі жағдайдың тығырыққа тірелгенін көрсетеді. Осыған орай, «Ақ жол» фракциясы келесі ұсыныстарды жолдайды:
Біріншіден, Білім және ғылым министрлігі тек халықаралық рейтингтері жоғары журналдардың жарияланымдарын есепке алуы тиіс.
Екіншіден, халықаралық ғылыми қоғамдастыққа ықпалдасу мақсатында Қазақстанның алдыңғы қатарлы, халықаралық аккредитациядан өткен рейтингісі жоғары 3-5 ЖОО базасында, мәселен Назарбаев университеті, Әл-фараби атындағы ҚазҰҮ, ЕҰУ, ҚБТУ, ALMAU, КИМЭП-те, ағылшын тілінде қазақстандық ғылыми журналдарды басып шығаруды, сондай-ақ оларды дәйексөз келтірудің әлемдік базасына енгізуді ынталандыру қажет.
Дисертация қорғау және ғылыми дәреже беру кезінде осы ЖОО-ның журналдарында жарық көрген мақалалар дәйексөз алу базасына не университеттің өздері QS World University Rankings бүкіләлемдік рейтингінің алғашқы жүздігіне енгеннен кейін есепке алуын ескеру қажет.
Үшіншіден, толыққанды ұлттық не біріктірлген ШЫҰ және Еуразия экономикалық одақ шеңберінде ғылымиметрикалық жүйені құру, ол отандық ғылыми әдебиетті сыни тұрғыда бағалар еді, ұлттық басылымдарға импакт-факторды иелену құқығын берер еді.
Сонымен қатар, төртіншіден, келесі оқу жылынан бастап осындай басылымдардағы жарияланымдарды пайдаланып алған ғылыми атақ, дәрежелерін кері қайтарып алу жолымен «қоқыс» журналдардағы жарияланымдарға қатысты «гильотина» әдісін қолдануды ұсынамыз.
Құрметпен,
«Ақ жол» фракция депутаттары