5 сәуір 2017 жыл, «Ақ жол» ҚДП баспасөз қызметі
Мемлекеттік органдардың құрылыстағы рұқсат беру рәсімдерін 'Doing Business' шеңберінде жеңілдету көрсеткіштері туралы мәлімдемесі шындыққа сәйкес келмейді – деп Дания Еспаева ҚР Премьер-министрдің атына жолдаған депутаттық сауалында мәлімдеді.
«Елбасының тиісті тапсырмаларының аясында Ұлттық экономика министрлігімен 2015 жылдың 30 қарашасында құрылыс салуды ұйымдастыру және рұқсат беру рәсімдерін өту ережелері бекітілген болатын. Нәтижесінде, «Doing Business» рейтингісінде «Құрылысқа рұқсат алу» индикаторы бойынша Қазақстан 2015 жылдың қорытындысы бойынша 100-ден 22-ші орынға көтеріліп алға үлкен қадам жасады – деп сауалда атап көрсетілді.
Мемлекеттік органдардың есептеріне сәйкес, құрылысқа рұқсат алу рәсімдері 47-ден 25-ке, ал күндер саны 156-ға дейін азайды.
Бірақ «Ақ жол»-ға хабарласқан құрылыстық компаниялардың ойынша, нақты жақсартулар шын мәнінде болған жоқ, ал мәлімделген көрсеткіштер шындыққа сәйкес келмейді.
Қазақстан құрылысшылар одағы хабарлағандай, рәсімдердің санын жалған қысқарту бір бағыт бойынша бірнеше рәсімдерді бір атауға ресми біріктірілгеннен кейін пайда болды. Мәселен, электржелі, жылу, су, кәрізді қосуға рұқсат алу ағымдағы жылдан бастап «Техникалық шарттарды алу» атауымен бір рәсім болып саналады. Бірақ бұл рәсімдер қалған, оларды ешкім алып тастаған жоқ.
Шындығында ресми мәліметтегідей рәсімдер саны 25-ке дейін емес 39-ға дейін қысқарды.
Мерзімдер бойынша да дәл осындай жағдай: жобалауға құжаттар жинау және рұқсат беру рәсімдерін өту шаралары мемлекеттік органдар мақтанышпен есеп бергендей 156 күн емес, 1 жылдан астам уақыт алады.
Сонымен қатар, аталған ереженің22-і тармағына сәйкес, олардың бүкіл талаптары құрылыстың санатына қарамай бизнестің барлық иелеріне міндетті.
Ал хабарласқан кәсіпкерлер жалпы көлемі 100 кв.метрге дейін шағын, жеке тұрған күрделі емес нысандарға рұқсат беру рәсімдерін жеңілдету мәселесін көтереді.
Депутат мемлекеттік қолдаудың құралдарын белсенді пайдаланатын ауылдағы және облыстың шалғай аудандарда орналасқан шағын бизнес иелерін мысал ретінде келтірді.
«Осылайша, кәсіпкер мемлекеттік бағдарлама аясында жалпы көлемі 100 кв.метрге дейін шағын, күрделі емес нысандар (монша, дүкен, ТКС және т.б.) құрылысының тек рұқсат беру рәсімдерін өту үшін алған 3 млн теңге көлемінде несие қаражатының 1/3 бөлігін, геологиялық барлау сараптаманы қос алғанда, әртүрлі жобалар мен олардың сараптамасына жұмсайды, - деп Д.Еспаева атап өтті. Ал шағын, күрделі емес нысандардың құрылысы кезінде авторлық және техникалық қадағалауды талап ету ережесі қарастырылған қаржыны, құрылыс монтаж жұмыстарына қатысты емес басқа шығындарға жұмсауға алып келеді.
Сонымен қатар, депутат шағын және орта кәсіпкерлік арасында мейлі ол 100 немесе 100 000 кв.метр болсын рәсімдер санына және құрылыс көлеміне қарай бөліну жоқ. Осылайша, кәсіпкердің өзіне мемлекеттік мекемелердің кедергілерінен өтуіне тура келеді, ал көптеген ірі құрылыс компанияларында заң өкілдері бар.
Осының нәтижесінде, кәсіпкердің инстанцияларды «азап шегіп» аралауы құрылыс материалдарының бағасы мен қызметінің өзгеруі себебінен жоба бағасының қымбаттауына алып келеді, белгіленген мерзімдерден жобаның өзектілігі жойылады. Көбіне ұзаққа созылған және күрделіндірілген құжаттарды рәсімдеу шараларынан кейін кәсіпкерлер өз жобаларын іске асыра алмай өз қызметтерін тоқтатады.
Осыған орай, бизнеске әкімшілік жүктемені азайту және рұқсат алу жүйесін жеңілдету мақсатында, «Ақ жол» депутаттары үкіметке мынандай талаптарды қарастыруды ұсынды:
1) 'Doing Business' аясында рұқсат беру рәсімдерін қысқарту нәтижелерін қалаған нәрсені шындыққа жатқызбай нақты бағаласын ;
2) келісу органдардың өтініштерді қарау мерзімін қысқарту тізімін нақты азайту мүмкіндігін қарастыру;
3) 100 кв.метрге жетпейтін шағын, жеке тұрған күрделі емес нысандардың құрылысына рұқсат алу рәсімдерінің жеңілдетілген тәртібін қарастыру.
«Ақ жол» ҚДП парламенттік фракциясы сайлауалды бағдарламасын және қазҚазақстан бизнесінің мүддесін қорғауға арналған жұмыстарын жүзеге асыжалғастырады