28 қыркүйек 2017 жыл, «Ақ жол» ҚДП баспасөз қызметі
«Пилоттық жоба» деп елде «метадон» ауыр есірткісі заңдастырылған түрде таратылып жатыр –«Ақ жол» депутаттары біздің азаматтарымызға сынақ жүргізуге тыйым салуды талап етіп отыр. Ішкі Істер Министрі Қасымовтың атына фракцияның тиісті депутаттық сауалын Мәжілістің пленарлық отырысында Меруерт Қазбекова жолдады.
«Сізге есірткі құралдарының заңсыз айналымына қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның басшысы ретінде хабарласып тұрмыз. «Ақ жол» фракциясы есірткіге тәуелділікті емдеу үшін пилоттық жоба шеңберінде, апиындық алмастыру терапиясы ретінде қатты әсер ететін синтетикалық есірткі «Методонның» Қазақстанда заңсыз жылжыту мәселесін бірнеше рет көтерді.
2014 жылдың 17-ші қыркүйегіндегі және 2017 жылдың 24-ші мамырындағы депутаттық сауалдарда біз, БҰҰ Конвенциясы медициналық мақсатта қолдануға тиым салған «Метадон» есірткісі – героин мен морфин баламасы бізде алмастыру терапиясы ретінде ресми түрде пайдаланылатынын атап өттік.
Қазбекова «Ақ жолға» 2008 жылдан бастап Алматы, Өскемен, Ақтөбе, Тараз, Орал, Қарағанды, Қостанай, Семей және Екібастұз қалаларынан Денсаулық сақтау министрлігі жүргізіп жатырған пилоттық жобасының қауіпті салдарлары туралы дабылдар түсуі жалғасуда деп атап өтті.
Осылайша, тәуелсіз сарапшылардың мәліметтері бойынша, метадон бағдарламасына қатысушылар арасында өлім деңгейінің жоғары екені байқалады. Денсаулық сақтау министрлігінің өзінің ақпараты бойынша, пилоттық жоба кезеңінде бағдарламаға қатысушы 1141 адамның әртүрлі себептермен 875-і шығып кетті, яғни 77%, осыдан бағдарламаның тиімділігі төмен екенін көруге болады.
«1989 жылы, ЕКПА үндеу қабылдап, барлық әлем елдерінің үкіметіне «Метадонның» кез-келген медициналық мақсатта қолдануына тиым салуға шақырғанын, өйткені одан героинға қарағанда нашақорлар көп қайтыс болғанын еске саламыз. Ал, «Метадонды» қолдану есірткіге тәуелді адам үшін ем болмайды, тек оны одан да көп зардаптары бар ауыр есірткіге ауыстыру үшін ғана қызмет ететінін»,- «ақ жолдықтар» тағы бір рет еске салды.
Метадонның отаны болып саналатын АҚШ-тың өзінде II-ші тізімге енгізілген, яғни оны рецептсіз сату, сатып алу және сақтау тыйым салынған.
Литва Сеймнің төрағасы «Зиянды азайтудың балама саясаты» атты халықаралық конференциясында өз елінде алмастыру терапиясын енгізгеннен кейін есірткіге тәуелділік 8 есеге артқанын мәлімдеді.
1991 жылы Голландия, 1994 жылы Швейцария метадонды пайдаланудан бас тартты. 1995 жылы Австралия да ұқсас бағдарламаны тиімсіздігіне байланысты қысқартты.
«Метадон» Ресейде тыйым салынған, Өзбекстан пилоттық жобаны тоқтатып, біздің елге гуманитарлық көмек ретінде қалған дәрі-дәрмектерді берді, Қырғызстанда депутаттар осы есірткіні шығаратын зауыттың құрылысын қолдамады.
Апиындық алмастыру терапиясы дәстүрлі түсініктегі емдеуге жатпайды, ол тек заңсыз есірткі қабылдауды заңдастырылған метадонмен ауыстырады. Дегенменде, 9 жыл бұрын басталған метадондық терапияны енгізудің «пилоттық жобасы», барлық шығып кеткен мерзімдерге және теріс нәтижелеріне қарамастан – аяқталмай, белгісіз себептермен ұзартыла береді.
«Мүмкін, оның бастамашылары өздеріне керек көрсеткіштерді аламыз деп күтіп жүрген шығар. Қазақстан біздің азаматтарымызға сынақ жүргізетін тәжірибелік алаңға айналды. «Пилоттық жоба» деп елде «метадон» ауыр есірткісі он жылдан бері заңдастырылған түрде таратылып жатыр – дейді «Ақ жолдықтар».
Осыған орай, фракция депутаттары бұл жобаны қорытындылап, жұртшылық назарына оның нәтижелерін жеткізуді және осы терапияны нашақорлықпен күресу практикасына енгізуімен анықталуды талап етеді.
«Ақ жол» ҚДП парламенттік фракциясы сайлауалды бағдарламаларын жүзеге асыру жұмыстарын жалғастыруда.