Ұлттық экономикалардың «жанды жерлерін» анықтау кезінде ДЭФ-ның бәсекеге қабілеттілік рейтингісін тағайындау
5 қазан 2017 жыл, «Ақ жол» ҚДП баспасөз қызметі
Ұлттық экономикалардың «жанды жерлерін» анықтау кезінде ДЭФ бәсекеге қабілеттілік рейтингісін тағайындау – Премьер-министр мен Қазақстанның Ұлттық банк төрағасының атына фракцияның депуттатық сауалын Ерлан Барлыбаев жолдады.
Депутат Дүниежүзілік экономикалық форумның (ДЭФ) жаһандық бәсекеге қабілеттілік туралы соңғы есебінен деректер келтіреді: 2017 жылы Қазақстан өткен жылмен салыстырғанда 4 позицияға төмендеп, 137 ел арасында 57-ші орынға ие болды.
«2015 жылы Қазақстан бұл рейтингте 42-ші орынға дейін көтерілген еді. Сол кезде Елбасы Н.Назарбаев өзінің кезекті Жолдауында тағы бір өр мақсат қойды – әлемнің дамыған 30 елдер қатарына кіру. Ол уақытта бұл мақсат орындалатын сияқты еді. Алайда, соңғы жылдардағы динамика оны іске асырудағы маңызды проблемаларын көрсетті», - делінген сауалда.
Рейтинг 12 топқа кіретін 113 индикаторлар арқылы бағаланатынын естеріңізге сала кетейік. Оның ішінде 2017 жылы ең проблемалық болып мыналар анықталды:
1. Инфляция (130 орын)
2. Банктердің сенімділігі (114 орын)
3. Несиелерге қол жетімділік (98 орын)
4. Бюджеттің балансі (96 орын)
5. Ұлттық жинақтар (60 орын).
Рейтингтің өзінен басқа, ДЭФ әлемдік қаржылық бірлестік тұрғысынан бизнесті жүргізудің проблемаларын шешу үшін сараптамалық бағалауды жүргізеді.
Осы бағалауға сәйкес, Қазақстандағы ең басты проблема – бұл қаржыландыруға қол жеткізудің жеткіліксіздігі. Екінші орында – жемқорлық. Сарапшылардың ойынша, бұл екі фактор созылмалы сипатқа ие болды. Үшінші орында – қызметкерлердің біліктілігінің жеткіліксіздігі. Бизнестің проблемалары арасында төртінші орында - жоғары инфляция, бесінші орында - салық ережелері аталған.
«Ақжолдықтар» атап өткендей, екі бағалаудағы Қазақстанның жағымсыз рейтингтерінің негізгі үлесін – ақша-қаржылық саласындағы және банк секторының проблемалары құрайды. Және де оны сауықтыру үшін мемлекеттен қыруар қаражат бөлінді; екінші деңгейлі банктерге активтерді тазалау үшін барлық өкілеттіліктер берілген, тіпті салықтық жеңілдіктер мен кәсіпкерлік қызметті жүргізу жөніндегі активтерді басқару Ұйымының құқығына дейін, бұл халықаралық тәжірибеде жөнсіздік болып табылады.
«Бірақ осы күш-жігердің қорытындылары, халықаралық рейтинг сияқты - теріс нәтижелерді көрсетеді. Мысалы, Ұлттық банктің мәліметтері бойынша, былтырғы жылы инфляция 8,5%-ды құраса, Халықаралық валюта қоры бұл көрсеткішті 2 есе жоғары - 14,6% деңгейінде бағалады.
Әрине, осы бағалар мен рейтингтерден бас тартуға болады, ақыр аяғында олардың бәрі бағалау сипатқа ие. Ал бизнес қиындықтары мен мүмкіндіктері бар шынайы өмірде жұмыс жасайды.
Дегенмен де,олар экономиканың және бизнестің өсуін ынталандырудың қаншалықты қиын екенін көрсетеді», - деп атап өтті Ерлан Барлыбаев.
Сонымен қатар, депутаттың айтуынша, Ұлттық экономикалардың «жанды жерлерін» анықтау кезінде ДЭФ бәсекеге қабілеттілік рейтингісін тағайындау, үкімет пен орталық банктердің таңдалған бағыттар бойынша жұмыстарын одан әрі жеңілдету.
Осыған орай, «Ақ жол» ҚДП фракциясы Үкімет пен Ұлттық банктен анықталған проблемаларды шешу және баяндамада атап көрсетілген қолдағы оң көрсеткіштерді өсіру үшін қабылданған шаралары туралы хабарлауды сұрайды.
«Бұл жұмыстардың тікелей нәтижесі Қазақстанның бәсекеге қабілеттілік рейтингісіндегі көрсеткіштерін жақсарту ғана емес, ең алдымен – біздің елдегі экономика мен бизнестің нақты жақсаруы», - деді «Ақ жолдықтар».
«Ақ жол» ҚДП парламенттік фракциясы сайлауалды бағдарламаларын жүзеге асыру жұмыстарын жалғастыруда.