29
Қараша

Санат жоқ 29.11.2017

«Ақ жол» депутаттары Ішкі Істер Министрлігінің оффшорлық схемалары туралы мәселені көтерді

29 қараша 2017 жыл, «Ақ жол» ҚДП баспасөз қызметі

 

        «Ақ жол» депутаттары Ішкі Істер Министрлігінің офшорлық схемалары туралы мәселені көтерді – Ішкі істер және қаржы министрлеріне арналған сауалды бүгін Кеңес Абсатиров жолдады.
Ол экономиканы де-оффшоризациялау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдары туралы фракцияның бірнеше сауал жолдағанын, соның ішінде осы жылдың 27-ші қыркүйегінде «Ақ жолдықтардың» соңғы жылдары Қазақстаннан оффшорлық аймақтарға 100 миллиардтан астам АҚШ доллары шығарылғаны туралы сауал жолдағанын еске салды.

«Осыдан екі апта бұрын халықаралық қауымдастық «Жұмақ құжаттары» деп аталатын  кезекті оффшорлық жанжалды жариялап, елді дүр сілкіндірді.  

Кезекті жанжал, енді қазақстандық деңгейінде Батыс Қазақстан облысында туындап жатыр», - делінген сауалда.

Бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған деректерге сай, Оралдағы барлық стационарлық жылдамдық өлшеуіштерін әлемдегі ең ірі оффшорлық аймақтардың бірінде - Кипрде тіркелген «MidagiHoldingLTD» компаниясы иесі болып табылатын «Жаңа жобалар ғылыми-техникалық орталығы» ЖШС орнатып, қызмет көрсетеді. «Жаңа жобалар ғылыми-техникалық орталығы» серіктестігіноффшорлық компаниялардың мемлекеттік сатып алуға қатысуын жасыратын жамылғы ретінде пайдаланады деп болжауға негіз бар. Бірден 13 өңірдің ішкі істер департаменттері серіктестіктің тұтынушылары болып табылады, ал мұның өзі Ішкі істер министрлігінің қызметіне оффшорлық схемалардың жүйелі енгені туралы жөнді сұрақтар туындатады.

«Оффшорлық юрисдикциялардың күмәнді және тіпті жемқорлық сипаты туралы біздің елімізде де, әлемде де өте көп айтылады. Мемлекеттік мекемелер Маршалл аралдары арқылы жабдықтарды нақты құнынан 3-4 есе жоғары бағамен сатып алғаны туралы Есеп комитетінің алдыңғы есептерінде келтірілген мысалдардың біреуін ғана еске салайық. Осындай операциялардың мақсаты - 3 еселенген айырмашылықты оффшорлық шоттарға шығарып және сол жерде жемқор шенеуніктердің пайдаланылуында қалуы,  мемлекеттің қаражатын ұрлау болып табылады», - деп депутат атап өтті және бұл схемаларға қарсы тұру үшін «Ақжол» бес жыл бұрын оффшорлық аймақтар арқылы пайда табатын компанияларды мемлекеттік қолдау шараларынан, соның ішінде салық жеңілдіктері, несиелік субсидияларды және басқа да артықшылықтарды қолдануға тыйым салуды ұсынғанын.еске салды.

«Ақ жол» ұрланған миллиардтарды іздеп, бүкіл әлем бойынша алаяқтарды ұстауға күш-жігер жұмсағанша, капиталдың заңсыз шығарылуын болдырмау дұрысырақ екеніне сенімді – осы тақырыпқа байланысты тиісті депутаттық сауалдар 2013 жылдың 3-ші ақпаны мен 25-ші қыркүйегінде, 2014 жылдың 16-шы ақпанында, 2015 жылдың 13-ші мамырында,  2016 жылдың 11-ші мамырында, осы жылдың 27-ші қыркүйегінде жіберген болатын. Ұлттық экономиканы де-оффшоризациялау бойынша заң жобасын Парламентке әзірлеу туралы кезекті сауалды «Ақ жол» жетекшісі ү.ж. 15-ші қарашасында жариялады.

Соңғы оқиғаларды жемқорлық тәуекелдіктерді және  тұрақтылыққа айналып келе жатырған халықаралық сыбайлас жемқорлық дауларын ескере отырып, «Ақ жол» фракциясы ұсынады:

1. Ішкі істер министрлігінің департаментерінің және басқа да мемлекеттік органдардың «Жаңа жобалар ғылыми-техникалық орталығы» ЖШС-мен кез-келген жабдықты жеткізу және қамтамасыз ету үшін мемлекеттік сатып алу бойынша жасалған барлық мәмілелерін нарықтағы бағамен салыстырылып, тексерілсін, ал бағалар көтерілген жағдайда - осындай мәмілелердің күшін жою туралы мәселе қарастырылсын.

2. Мемлекеттік сатып алу және квазимемлекеттік сектордың сатып алу жүйесіндегі барлық мердігерлер мен жеткізушілердің түпкілікті иелерінің оффшорлық аймақта тіркелген компаниялары бар-жоқтығы толықтай тексерілсін. Құрылтайшылардың арасында осындай компаниялар анықталған жағдайда - келісімшарттарды бұзу туралы мәселе көтерілсін.

3. «Ақ жол» фракциясы ұсынған «Ұлттық экономиканы де-оффшоризациялау туралы» заңның әзірленуін және енгізілуін күтпей, өз құрылтайшылары арасында офшорлық компаниялары бар мердігерлер мен жеткізушілердің мемлекеттік сатып алу және квазимемлекеттік сектордың сатып алуына қатысуға тыйым салудың заңды тәуелді актілері қабылдансын, сондай-ақ оларға мемлекеттік қолдау шараларын алуға, соның ішінде салық жеңілдіктері, субсидияларды және басқаларға да тыйым салынсын.

«Ақ жол» депутаттары мұндай шаралар де-оффшоризациялауға нақты қадамдар жасауға, нарықта адал бәсекелестікті қамтамасыз етуге және Қазақстанның ұлттық мүдделерін қорғауға жағымды рөл атқаратына сенімді.

«Ақ жол» ҚДП парламенттік фракциясы сайлауалды бағдарламаларын жүзеге асыру жұмыстарын жалғастыруда.