27
Желтоқсан

Санат жоқ 27.12.2017

Азат Перуашев: Шенеуніктер қалайша Отанды қорлаушыларға және шетел компанияларының жарнама агенттеріне айналады?

27 желтоқсан 2017 жыл, «Ақ жол» ҚДП баспасөз-қызметі

Шенеуніктер қалайша Отанды қорлаушыларға және шетел компанияларының жарнама агенттеріне айналады? – Үкімет пен Бас прокуратураның атына жолданған «Ақ жол» фракциясының депутатық сауалында Азат Перуашев осындай сұрақ қойды.  Сауалдың мәтіні төменде берілген.

 

ҚР Премьер-министріне

ҚР Бас прокурорына

«Ақ жол» фракциясы мемлекеттік сатып алу жүйесінде отандық өндірушілердің мүдделерін қорғау мәселелерін тұрақты түрде көтеріп келеді.

Бұдан бұрын «Мемлекеттік сатып алу туралы» заңынан отандық өндіруші және қазақстандық мазмұн ұғымдары мен жобалау-сметалық құжаттаманы талап ететін мемлекеттік сатып алу бойынша конкурстық құжаттаманы алдын -ала талқылау шарасы да алынып тасталғаны өдеріңізге белгілі. 

2015 жылдың 11-ші қарашасында бұл заң талқыланған кезде «Ақ жол» фракциясы үкіметтің мұндай ұсыныстарына 9 рет қарсы дауыс берді. Соған қарамастан заң қабылданды.

Енді біз осы шешімдердің жемісін көріп отырмыз және шетелдік өнімді қолпаштайтын және осы үшін фактілерді бұрмалауға дайын шенеуніктердің сорақы және ақылға қонымсыз қадамдарына жол ашып бердік.

Неліктен біздің шенеуніктерді шетелдік тасымалдаушылармен және өндірушілермен жұмыс істеу қызықтыратыны – оффшорлық шоттар төңірегіндегі тұрақты даулардан кейін түсінікті болды. 

2016 жылдың 20-шы мамырында біздің қазақстандық мазмұнның жағдайы туралы (2016ж. 27-ші сәуіріндегі) депутаттық сауалымызға Ұлттық экономика министрлігі - Инвестициялар және даму министрлігіне, облыс пен Астана, Алматы қалалары әкімдеріне және Сізге құрметті Бақытжан Әбдірұлы мемлекеттік жобаларда жобалық кезеңнен бастап отандық өнімдерді пайдалануда бақылауды күшейтуді тапсырылды деп жауап берген болатын.

Сол кезде  құбырлардың қазақстандық үлесі 85%, қазандықтар - 52%, жабық және реттеуші клапандар үшін - 15% -ды құрайды деп хабарланды.

Біз шынымен Индустриалды-инновациялық дамытудың мемлекеттік бағдарламасы іске асырылған 10 жыл ішінде құбыр мен арматурадан басқа ештеңе шығармадық па?

Іс-жүзінде бұл олай емес. Осы жылдар ішінде Қазақстанда көптеген жаңа өндірістер ашылды, қазір олар жақсы даму үстінде. 

Бұл даму кейбір жергілікті шенеуніктердің арқасында емес, еркінен тыс дамып жатыр.

Нақты мысал келтірейін: 2017 жылдың 11-ші қыркүйегінде электротехника саласындағы көшбасшы отандық кәсіпорын - Кентау трансформатор зауыты - Алматы қаласы Энергетика және коммуналдық шаруашылық департаментіне бірқатар жобаларға қатысу туралы өтінішімен хабарласты. (Универсиада нысандарын сыртқы электрмен жабдықтау үшін электр желілерін салу, біріктірілген аймақтарда электрмен жабдықтау желілерін дамыту және «Көк Жайлау» тау-шаңғы курортын электрмен жабдықтау желілерінің құрылысы).

Басқарма бастығы орынбасарының міндетін атқарушы Ж.Саматовтың 22-ші қыркүйегіндегі хатында бір жобаны (Көк-Жайлау курортын) әзірлеу кезінде 2013 жылы Кентау зауыты қажетті трансформаторларды шығармады деп хабарлады.

Бұл мәлімдеме СТ-КЗ сертификатымен және 2012 жылы кәсіпорынға осы трансформаторларға берілген сәйкестік сертификатымен жоққа шығарылды.

Бұдан әрі отандық өндірушіге оның өнімі басқа жобада (біріктірілген шекараларда) орнатылған деп мәлімдеді. Алайда зауыттың өзі мұны жоққа шығарды, әйтпесе бұл мәселемен хабарласпас еді.  

Өндірушінің мәліметі бойынша, жобада көзделген отандық өндіріс трансформаторлардың орнына арзан қытайлық жабдық орнатылған. Бірақ құрылыс нормалары және ережелеріне сәйкес мұндай ауыстырулар барлық құжаттаманы қайта қарастырып және енгізілген өзгерістерге қайта  сараптама жасалу керек. Бірақ бұлардың ешқайсысы жасалынған жоқ.  

Ұқсас жағдай үшінші жобамен де қалыптасты.

Таңқаларлығы, жергілікті мазмұнды дамыту агенттігі NADLOG-ке ү.ж. 8-ші қарашасында жіберілген қосарлас хатта, аталмыш мырза Кентау зауыты қатыспаған жиналысқа сілтеме жасай отырып, зауыт жабдықтарды өзі өндірмей, Қытайдың техникаларын өз маркасымен «кері экспорттайды» деп мәлімдеді, яғни кәсіпорынды бұрмалаумен тікелей айыптап тұр.

 Жалпы мұндай айыптаулар бизнестің артынан негізсіз жасалмай, қолда бар сертификаттарды жойып, заңды түрде дәлелденген болуы керек. Онсыз, мұндай айыптаулар түкке тұрғысыз. 

Бірақ, әрі қарай мәтін бойынша, сол шенеуніктен салтанатты түрде дәйексөз келтіремін: «Жобалау-сметалық құжаттамада ең көне және ең сенімді өндіруші болып табылатын «Запорожтрансформатор» ӨАҚ-ның трансформаторлары қолданған» деп мәлімдеді.

Және бұны қазақстандық шенеунік жазып тұр, индустриалдық-инновациялық дамыту бағдарламасын іске асыру нәтижесінде Қазақстанның әртүрлі қалаларында пайда болған бірнеше отандық трансформатор өндіруші кәсіпорындар бола тұрса да!

Ол осы мәлімдемесімен  «Запорожтрансформатордың» жарнамасына түспеді ме?

Осы мырзалар кімге жұмыс істейді, өз мемлекетіне ме әлде шетелдік компанияларға ма?

Мен бұл «көне» Запорож зауыты қанша жыл жұмыс істейтінін білмеймін. Бірақ Кентау трансформатор зауыты бірнеше жыл бұрын өзінің 55-жылдық мерей тойын атап өтті.

Және ең бастысы – бұл менің еліме салық төлейтін, біреше мың қазақстан азаматтары еңбек ететін және қазіргі заманғы технологияларды енгізетін  қазақстандық кәсіпорын.

 Осы кәсіпорында бірнеше рет болып, өндірістің жоғары мәдениетін, жас қазақ инженерлерін және олардың жаңартылған өнімдерін өз көзімен көргесін айтып отырмын.

Бірақ мәселе жалғыз бір зауытта ғана емес.

Қашаннан бері және қалай біздің мемлекеттік шенеуніктер Отанды қорлаушыларға және шетел компанияларының жарнама агенттеріне айналды? Өз өндірушілерімізді қысқартудың ұқсас мысалдары басқа аймақтарда, мемлекеттік органдар мен ұлттық компанияларда да бар.

Және мемлекеттік ақшалар біресе Украинаға, біресе Әзербайжанға, немесе Қытайға, кейде тіпті оффшорлық аралдарға кетіп жатыр.

Ал біздің зауыттар мен біздің жұмысшылар аман қалу үшін барынша тырысады. Олардың аман қалуы – экономика мен тұтастай қалалар мен өңірлердің әлеуметтік әл-ахуалына тікелей әсер етеді.

Отандық компанияларға мемлекеттік сатып алуға қатысуға мүмкіндік бермей, де индустрияландыру және Елбасының отандық өндірушілерге қолдау көрсетуге шақырған бағдарламаларына қарамастан шетелдік тауарларды ұялмай қолпаштайтын осындай лауазымды тұлғалармен не істеуге болатындығын тексеруге  шақырамын.

Осыған орай, «Ақ жол» фракциясы  отандық өндірушілерді қолдау бойынша Елбасының тапсырмаларын қағаз жүзінде емес нақты іс-әрекеттермен орындаудың жүйелік шараларын қабылдауды сұрайды.

Соның ішінде - тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезінде жобалау-сметалық құжаттамада отандық өнімді ауыстыруға тікелей тыйым салуды енгізу.

 

Құрметпен,

«Ақ жол» фракциясының депутаттары