25
Мамыр

Жер мәселесіндегі ашық емес және әділетсіздік байлар мен кедейлер арасындағы алшықтыққа әкеледі, және жағымсыз қоғамдық резонанс тудырады - Азат Перуашев

2016 жылдың 25 мамыры, 'Ақ жол' ҚДП баспасөз қызметі
Жер туралы дауда ашықтық мен әділдік басты мәнге ие - деп атап өтті ағымдағы жылдың 24 мамырында болған демократиялық күштердің Коалициясы отырысының барысында 'Ак жол' партиясының көшбасшысы Азат Перуашев. Оның айтуынша, жерді ашық әрі әділ көзқарасты қамтамасыз ету, сондай-ақ жерді теріс пайдаланушылықтан қорғау, меншік туралы мәселені реттеуге қарағанда маңызы ешқандай кем емес.
Мәселен, сөз, бүкіл әлемде жасалып жатқандай, жер үлестері лимиттерін айқындау туралы болып отыр. Мысалы, халықтың тығыздығы Қазақстанмен шамалас Канадада бір заңды тұлғаға ең көп үлес180 гектармен шектелген.
«Бізде, өздеріңіз білесіздер, мұндай шектеулер жоқ, бұл көрінеу сәйкессіздіктерге және байлар мен кедейлер арасындағы айқын әлеуметтік алшақтыққа әкеледі,  жағымсыз қоғамдық резонансқа әкеліп соғады» -  деп есептейді А. Перуашев. Сондықтан 'Ақ жол' ҚДП тіпті бір ауданның шегінде жерді монополияландыруға болдырмайтын нормаларды бекітуді ұсынады.
Сонымен қатар, Демократиялық партияның төрағасы жерді жекешелендірген жағдайда, осы жерде тікелей жұмыс істейтін қазақстандықтармен жерді сатып алуына кепілдік беретін тетіктерді қарастыруға шақырады. «Ал ауыл шаруашылығы өндірушілерін басқа біреуге тиын үшін жұмыс істеуіне, пайданың ауыл шаруашылығынан басқа жаққа кетуіне,  жол бермеу керек. Аграрлық сектордың пайдасы оның инвестициясы мен дамытуын қамтамасыз етуі тиіс» - деп есептейді А. Перуашев.
'Ақ жолда' сондай-ақ қоршаған ортаға және топырақтың құнарлылығына залал келтірмеу үшін жерге агротехнологиялар мен химикаттардың қолданылуын нақты бақылауды қамтамасыз етуді талап етеді. Бұл мақсатта, осы жүйедегі формализм және сыбайлас жемқорлықты жойып, Жер инспекцияларының жұмысын реформалау ұсынылады.
Жер мәселесінің өзектілігін ескере отырып, А. Перуашев экологиялық прокуратураға ұқсас Жер прокуратурасын құру туралы; не жер жөніндегі (заңның талаптарын сақтауды қадағалауға, осы саладағы мемлекеттің мүдделерін қорғауға, пайдаланылмайтын не дұрыс пайдаланылмайтын телімдерді алуға, жер конкурстары  рәсімдерін сақтауға және т. б.) істерді, басқа да құжаттар ағынында әуре-сарсаңды қысқарту үшін бөліп алып, сол экологиялық прокуратураның жүргізуіне беру туралы бастаманы талқылауға ұсынды.