13
Мамыр

«Ақ жол» HSBC банкісінің швейцарлық бөлімшесінен табылған құпия шоттардың қазақстандық иегерлерінің аттарын жария етуді талап етеді

«Ақ жол» ҚДП баспасөз қызметі, 2015 жылдың 13 мамыры
«Ақ жол» HSBC банкісінің швейцарлық бөлімшесінен табылған құпия шотттардың қазақстандық иегерлерінің аттарын жария етуді талап етеді – бұл туралы Мәжілістің пленарлық отырысында Азат Перуашев мәлімдеді. Фракцияның тиісті депутаттық сауалы Бас прокурор Асхат Дауылбаевтың атына жіберілді.
 Жемқорлықпен күрес – ҚДП-ның басымдылықтарының бірі, оның парламенттік фракциясы офшорсыздандыру мәселесін өздерінің депутаттық сауалдарында 2013 жылдың 5 наурызында, 3 сәуірінде, 25 қыркүйегінде., 2014 жылдың 16 сәуірінде және т.б. – барлығы 10 шақты рет көтерді.
Сауалда Consortium of Investigative Journalists журналистік тергеу Халықаралық қауымдастығының мәліметтері келтірілген, оған сәйкес Қазақстаннан офшорлық аймақтарға 2011 жылы шығарылған қаражат сомасы 138 млрд. доллардан асып кеткен.
Ағымдағы жылдың ақпан айында дәл осы ұйым HSBC банкісінің швейцарлық бөлімшесінде бұрындары мұқият жасырынып келген мыңдаған құпия шоттар табылғаны туралы хабарлады.             
Ұлыбританияның Қаржы министрлігінің ресми ақпараты бойынша бұл елдің құқық қорғау органдарымен бай клиенттерге салықтан қашуға көмектескен HSBC банкісіндегі алаяқтық деректері жөнінде тергеу басталды. Алаяқтықтың жалпы сомасы 180 млрд.-тан астам евроны құрады.
Баспасөзде хабарлағандай, Қазақстанның 82 азаматына тиесілі 251 банктік шот табылды. Соның екеуі – белгілі бизнесмендер, алайда көрсетілген банктегі қалған 80 шот иелері аталмаған. Бұл шоттарда барлығы 435 миллион доллар болған. Бір клиенттің ақшасының ең көбі – 145 миллион доллар. http://rus.azattyq.org/content/hsbc-margulan-seisembaev-timur-kuanyshev-dengi-iz-kazakhstana/26839711.html).
 «Бүгін де бұл қаражаттардың басқа мемлекеттің пайдасына тәркілену қауіпі бар,- деп атап өтті Азат Перуашев. – Бұған байланысты мынаны анықтау маңызды – бұл шоттар атап айтқанда кімге тиесілі және олардың тегі заңды болып табыла ма. Егер де, бұл ақшалардың жемқорлықтық, не күдікті тектілігі болса (мысалы, сәйкеспейтін мөлшердегі жалақысы бар шенеуніктерге тиесілі болса), онда оларды алып, Қазақстан Республикасының пайдасына қайтаруға қол жеткізу керек».
 «Ақ жолда» заңсыз шығарылған қаражаттарды қайтару әділеттілікті қалпына келтіру рөлін жақсы атқаруда ғана емес, сонымен қатар қаражаттарды шет елдерде жасырмай, отандық экономикаға инвестициялауға ынталандыратынына сенімді.
 «Егер де шоттардағы қаражаттар заңды иелеріне тиесілі болып, және жария бизнесте жасалған болса, онда мемлекет оларды қорғауға жәрдемдесуі тиіс»,- деп санайды «Ақ жол» жетекшісі.
Ағымдағы жылдың 15 сәуірінде «Ақ жол» депутаттарымен құрылған «Kazakhstan Financial Integrity Center» қаржылық мөлдірлік қоғамдық қоры «Журналистік тергеу халықаралық консорциумына» тиісті сауал жіберді. Алайда кеше мұндай ақпарат тек қана ресми мемлекеттік органдарға беріледі деген жауап алынды.
Бұған байланысты «Ақ жол» ҚДП фракциясы Бас прокуратурадан Ұлыбритания мен Швейцарияның уәкілетті органдарына Қазақстан азаматтарының ішінен аталған шоттардың иелерінің толық тізімін беру туралы сауалға бастамашылық жасауды сұрайды.
 «Қарапайым азаматтар мен кәсіпкерлерге қатысты банктік құпия принципіне құрметпен қараумен қатар, оның күшін орасан зор мемлекеттік қаражаттарға билік жүргізіп отырған Үкімет мүшелері, мемлекеттік органдар және мемлекеттік компаниялар жетекшілері үшін жою қажет, - деп атап өтті Перуашев. – Мұндай ұсыныстар Қылмыстық жолмен тапқан ақшаны сыртқа шығарумен күрес жөніндегі Халықаралық топтың (ФАТФ) ұсынымдарында да бар, оларды Қазақстан, ФАТФ қатысушысы ретінде 2015 жылдың қарашасына дейін іске асыруы қажет.
 «Ақ жол» депутаттары аталған шаралар біздің қоғамда жемқорлыққа қарсы іс-қимылды және оның мөлдірлігін қамтамасыз ету бойынша маңызды қадам болады деп есептейді.
 «Ақ жол» ҚДП парламенттік фракциясы сайлауалды тұғырнамасын және сайлаушылар аманаттарын орындауды іске асыру жөніндегі жұмысын жалғастырады.