11
Қыркүйек

Мемлекеттік басқару реформасы барысында қабылданған шешімдерге шенеуніктердің жауапкершілігін, сондай-ақ парламенттің өкілеттігін күшейту қажет – Азат Перуашев

2014 жылдың 11 қыркүйегі, «Ақ жол» ҚДП баспасөз қызметі
Мемлекеттік басқару реформасы барысында қабылданған шешімдерге шенеуніктердің жауапкершілігін, сондай-ақ парламенттің өкілеттігін күшейту қажет – бұл туралы Мәжілістің кешегі отырысында Үкімет туралы және мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктерді шектеу жөніндегі заң жобаларын талқылау барысында Азат Перуашев мәлімдеді.
 «Заң жобалары өте маңызды және мемлекеттік басқарудың терең де жүйелі реформасын ұсынып отырғаны сөзсіз. Біз Үкіметті қаулылардың шамадан тыс көлемінен сейілтеміз және министрліктердің іс-әрекеттері үшін еркіндіктер береміз. Олардың жұмысының серпінділігі және жылдамдығы арта түседі. Сонымен бір мезетте қоғам шенеуніктердің қабылданатын шешімдері үшін жоғары жауапкершілігін талап етуге қақылы.  
Алайда бізде біраздан бері мемлекеттік уәкілетті органдардың қызметіне қатысты мемлекеттік органның «жауапкершілігі» ұғымы алынып тасталып, оны «құзырет» терминімен ауыстырған. Бірақ егер мазмұнын қарасақ, онда құзыретке тек олардың өкілеттігі енген, қандай да бір жауапкершілік туралы айтылмайды. Сол себепті қазіргі реформаға байланысты заңдарға мемлекеттік органдардың және олардың лауазымды тұлғаларының бизнес немесе азаматтардың мүдделеріне нұқсан келтіргені үшін жауапкершілігі туралы нормаларды қайтарған дұрыс болар еді» - деп ұсынды А.Перуашев.
Бұдан басқа, оның пікірі бойынша, егер енді оларды қабылдауды ведомстволардың айрықша құзыретіне жатқызатын болса, құжаттардың сапасы туралы мәселе туындайды. «Экономикалық реформа және өңірлік даму жөніндегі комитеттегі талқылау барысында, мен мұндай шешімдердің тыңғылықталуына және тар ведомстволық мүдделердің күшеюі қаупіне қатысты өзімнің сұрағыма сендіре алатын жауап ала алмадым. Маған құжаттар, бұрынғысынша ведомствоаралық келісуден өтеді және Әділет министрлігінде тіркеледі, сонысымен сыңаржақ тәсілдемелер әрекеттерінің жолы кесіледі деген тәрізді жауап берілді, алайда бұл дәл осылай емес» - деп атап өтті депутат.
Мысал ретінде ол өткен жылғы азаматтық қорғау туралы заң жобасының төңірегінде болған өткір пікірталасты келтірді, ол барлық процедураларды сақтай отырып Үкіметтің қаулысымен Парламентке енгізілген болатын:
- Осылардың бәріне қарамастан депутаттардың тарапынан екі мыңнан аса түзетулер енгізілген, заң жобасы 85%-ға қайта өңделген болатын: жаңа бөлімдер, баптар енгізілді. Біз оны іс жүзінде жаңадан жаздық деуге болады. Ал Парламентке енгізу кезінде заң әзірлеуші оны дайын деп санады.
«Сіз өзіңіз, Қабиболла Қабенұлы – деп Перуашев Мәжілістің спикері Қ.Жақыповқа қарады – өткен сессияның қорытындылары бойынша Парламент палаталарының біріккен отырысында бұл заңды ең дайындықсыз түскен деп атап көрсеткенсіз. Ал егер енді біз шешімдерді қабылдауды министрліктердің өзіне берсек, менде белгілі бір күдіктер туындайды – кім экономиканы және қоғамды тар ведомствалық мүдделерден қорғайды?» - деген сұрақ «Ақ жол» партиясының көшбасшысы тарапынан қойылды.
Оның пікірі бойынша, егер де парламеттік фракцияларға құжаттарды оларды дайындау сатысы кезінде талқылайтын министрліктердің сараптамалық кеңестеріне қатысу құқығын берсе, мұны істеуге болады. Бірақ онда бұл кеңестердің жұмысын барынша айқын және тұрақты жасау қажет.
Бұдан басқа, Азат Перуашев Парламент депутаттарының заң жобаларын оның іс жүзінде жүзеге асырылуы бойынша нормативтік актілер жобаларымен бірге енгізу туралы тұрақты талаптар қойып жүргенін еске салды.
- Бұл талаптарды ешкім де орындаған емес: Парламент заңдар қабылдайды, ал одан кейін атқарушы уәкілетті орган заңды өзінің қалауынша түсіндіреді. Бұл талапты заңның нормасы етіп жасайтын кез келді, сөйтіп Үкіметтің қатысуынсыз өздерінің құжаттарын әзірлеу кезінде министрліктердің негізсіз шешімдерінің тәуекелдіктерін азайтуға болады.
Перуашев сондай-ақ Үкімет туралы заңнамаға түзетулер қабылдағаннан кейін, одан туындайтын заңға тәуелді актілерді қайта өңдеудің қажеттілігін де көрсетті. Мысал ретінде «Ақ жол» көшбасшысы Үкімет Регламентінің (сонау 2002 жылы қабылданған) 6-шы бөлімінің 6 тармағын келтірді, ол тіпті 2007 жылы қабылданған ҚР Конституциясының нормаларына қарама-қайшы. Үкімет Регламентінің бұл тармағы Үкімет қорытындысы депутаттардың бастамашылдығымен жасалатын, бюджеттік кірістерді немесе шығындарды қозғайтын заң жобаларын қоса алғанда, барлық заң жобаларына талап етілетінін қарастырады. Ал Конституцияның 61 бабының 6 тармағы Үкімет қорытындысы тек мемлекеттік кірістерді қысқартуды немесе мемлекеттік шығындарды көбейтуді қарайтын  жобаларға ғана тікелей қарастырады. Демек, депутаттардың бюджетке қатыссыз барлық қалған заң жобаларына, Үкімет қорытындысы талап етілмейді.
Іс жүзінде, қалыптасқан анахронизмнің нәтижесінде, депутаттардың бастамашылдығымен жасалған заң жобаларының бәрі, автоматты түрде Үкіметке келісуге жіберіледі. Оның үстіне, тіпті заң жобалары ғана емес, депутаттардың заңдардың үкіметтік жобаларына баламалы ұсыныстарын, кейін теріс қорытынды сылтауымен бас тарту үшін, заң әзірлеушілер Үкіметтің қорытындысына жіберуге тырысады. Тіпті, бұл ұсыныстар бюджетке қатыссыз болса да – енді әзірлеушілер депутаттардың ұсыныстарының үкіметтік заң жобасының тұжырымдамасына сәйкес келуін талап етеді. Алайда депутаттардың заңнамалық бастамасының  «Үкіметтің тұжырымдамасына сәйкестігіне» қатысты ешқандай талап Конституцияда атымен жоқ  - деп Азат Перуашев еске сала отырып, мынаны қоса айтты:
- Егер заң жобасы экономика мен қоғамның тосқанына сай келмесе – бұл Парламенттің емес, заң әзірлеушілердің проблемасы. Бұл әзірлеушілерге депутаттардың бастамаларын цензураға ұшыратуға емес, өз ұстанымы жөнінде ойлануына себеп.
           «Ақ жол» көшбасшысы «Мемлекет басшысының биылғы сессияның ашылуындағы сөзінен кейін түскен заң жобалары топтамасы мемлекеттік басқарудың терең де жүйелі реформасымен байланысты» екенін атап өтті және бұл заңдардың арқасында «тек Үкімет, министрліктер және биліктің жергілікті органдары арасындағы сатыластық жөніндегі өкілеттіктерді ғана емес, сонымен қатар Үкімет пен Парламент арасындағы өкілеттіктерді де айқын етіп бөлу және нақтылау болады» деп үміттенетінін жеткізді.