20
Маусым

«Ақ жол» депутаттары азық-түлік, өңдеу, жеңіл өнеркәсіпке арналған жоғары оқу орнынан кейінгі жоғары білімі бар мамандарды даярлауға мемлекеттік тапсырысты арттыруды сұрайды

2018 жылғы 20 маусым, «Ақ жол»ҚДП баспасөз қызметі

«Ақ жол» депутаттары азық-түлік, өңдеу, жеңіл өнеркәсіпке арналған жоғары оқу орнынан кейінгі жоғары білімі бар мамандарды даярлауға мемлекеттік тапсырысты арттыруды сұрайды – тиісті сауалды бүгін Білім және ғылым министрлігінің атына Екатерина Никитинская жолдады.

                 

«Елбасының «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» атты Жолдауында жоғары білімнің қолжетімділігі мен сапасын көтеруге ерекше көңіл бөлінген. 2018-2019 жылдары қосымша 20 мың грант бөлуге тапсырылды, оның ішінде техникалық мамандықтар бойынша бакалаврларды дайындауға 11 мың бағыттау керек. Дәл осы қадам, төртінші индустриалды революция жағдайында мыңдаған жаңа мамандардың жаңа экономикада сұранысқа ие болуына мүмкіндік береді.

Қазіргі уақытта Үкімет әртараптандырылған экономиканы құрудың күрделі міндетін шешуде. Шикізаттық емес секторларда азық-түлік, өңдеу, жеңіл өнеркәсіп, мейрамхана бизнесі және қонақ үй бизнесінің рөлі одан сайын артуда», - делінген сауалда.

Никитинская осы салалардың жоғары өсу қарқынын атап өтті. Мәселен, 2016 жылы өткен жылмен салыстырғанда азық-түлік өнімдерінің нақты көлем индексі 104,2%, ет және ет өнімдері - 108,1%, сүт өнімдері - 109%, нан өнімдері - 106,2%, көкөніс және жануарлар майы - 1991 жылғы деңгейден 2,4 есеге, ал сусындар - 2,1 есеге асты.

«Қалыптастырылған құнның көп бөлігі адамның ақыл-парасатына түсетін технологияны пайдалану жоғары кәсіби біліктіліктерді даярлаудың тиісті жүйесімен сүйемелденуі тиіс. Жеңіл, тамақ өнеркәсібі және қызмет көрсету салалары үшін – бұл технологтар, биотехнологтар, инженерлер мен менеджерлер»,- деп есептейді депутат.

Елімізде қажетті ғылыми - білім беру инфрақұрылымы және ғылыми-зерттеу институттары бар технологиялық университеттер желісі ілгері дамып келеді. Мәселен, Алматы технологиялық университетінің шеңберінде:

- ғылыми-зерттеу және сынау зертханалары жүйесімен Жеңіл өнеркәсіп проблемаларын Ғылыми-зерттеу институты;

- Қазақ-Корей ғылыми-білім беру орталығы;

- Азық-түлік технологиясы ғылыми-зерттеу институты;

- Бірнеше аккредиттелген ғылыми зертханалар негізінде жұмыс істейтін Азық-түлік қауіпсіздігі ғылыми-зерттеу институты;

- Нан, ет, сүт оқыту-ғылыми орталықтары, сондай-ақ макарон өнімдері орталығы табысты жұмыс істеп келеді.

«Университетте бейінді жоғары оқу орындары, ғылыми-зерттеу ұйымдар және азық-түлік, жеңіл, өңдеуші өнеркәсіп, мейрамхана және қонақ үй бизнесіне бакалаврларды, магистранттарды және PhD докторларын дайындау үшін барлық қажетті ресурстар бар. Мамандар тапшылығына байланысты Азық-түлік кәсіпорындары одағы, жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындарының қауымдастығы, Қазақстандық қонақ үйлер мен мейрамханалар қауымдастығы Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігіне осы жоғары оқу орнының негізінде мемлекеттік білім беру тапсырысын арттыру туралы өтінішпен хат жолдады», - деп қоса кетті Никитинская.

Президенттің әлеуметтік бастамасын және индустриалдық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасын (ИИДМБ) сәтті іске асыру үшін «Ақ жол» партиясының депутаттары Білім министрлігіне азық-түлік, өңдеу, жеңіл өнеркәсіп, мейрамхана бизнесі және қонақ үй бизнесі үшін жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру мамандығы бойынша мамандарды даярлауға мемлекеттік тапсырысты арттыру мәселесін шешуді сұрайды.