21
Қараша

Санат жоқ 21.11.2013

Еліміз ДСҰ-на кірген кезде отандық өндірушілерді және тұтынушыларды арзан және әрдайым сапалы болып келмейтін импорттан қорғау қажет – дейді Н.Жазылбеков

21 қараша  2013 жыл, Қазақстанның «Ақ жол» Демократиялық партиясының баспасөз қызметі
Еліміз ДСҰ-на кірген кезде отандық өндірушілерді және тұтынушыларды арзан және әрдайым сапалы болып келмейтін импорттан қорғау қажет – бұл туралы Н.Жазылбеков Экономикалық интеграция істері жөніндегі министр Жанар Айтжанованың қатысуымен өткен парламенттік сағат барысында мәлімдеді.
2012 жылы қазақстандықтар 250 000 тонна құс етін пайдаланды, оның жартысы Қазақстанда өнідірілген болса, қалғаны – импорт. 2010 жылдан бастап Қазақстанда 110 000 т. мөлшеріндегі импорттық квота түріндегі кедендік тосқауыл әрекет етеді, ал квотадан артық импортталғанның барлығына жоғары кедендік баж салынады.
«Құс етін өндіруші АҚШ, Бразилия және басқа да елдер тарапынан келісімгерлер міндетті түрде импорттық квотаны өсіруді немесе тіпті қолдау құралы ретінде оларды жоюды талап етеді, олардың уәждемесі айқын – осы елдердің жеткізілімдеріне тәуелді болатын жаңа нарық. Осыған келісетін болсақ, біз отандық өндірістегі құс етін жоғалтып аламыз», - деп атап өтті депутат.
Қазақстандық өндіруші-құс өсірушілердің пікірінше, импорттық квотаны кезең-кезеңмен жыл сайын 10 000 тоннаға төмендете отырып, 5 жыл ішінде 50 000 тоннаға дейін азайту қажет. «2020 жылға дейін АӨК дамыту Бағдарламасында дәл осындай, отандық өндірістің қуаттылығының өсу қарқыны салынған», - депутат ресейлік тәжірибені мысалға келтірді – 140 млн. тұрғыны бар, 3 млн. тонна құс етін пайдаланатын ресейде импорттық квота небәрі 300 000 тоннаны құрайды немесе 10 %-дан аспайды.
Квотаны азайтудың негізі ретінде келесілерді келтіреді. Қазақстанда жоспарланған құс етін пайдалануды жыл сайын 7-10 %-ға, сөйтіп 2020 жылға  400 000 тоннаға дейін өсіруді жоспарлауды  отандық құс өсірушілер қателік деп санайды, ал пайдалануды жыл сайын 5 %-дан асырмай, 2020 жылға  - 330 000 т. өсуі нақтырақ болар еді деп есептейді. Сонымен қатар, отандық өндіріс Ауыл шаруашылық министрлігінің саясатының және бюджеттің ықпалын арқасында осы аралықта жылына 280 000 тоннаға дейін өсуі тиіс. Осылайша, 50 000 тоннаға импорттық квота жеткілікті болып табылады.
Екіншіден, «ақжолдықтардың» мәлімдемесіндегі маңыздылығынан кем түспейтін тармақтың бірі, ол отандық өндірушілерді субсидиялау деңгейін сақтау, ал болашақта – оны көтеру, ҚҚС-тың салалық мөлшерлемесін енгізу мәселесі. «ДСҰ-ға кіру бойынша келіссөздердің күн тәртібіндегі тармақтардың бірі ҚР ауылшаруашылығын субсидиялауды жою болып табылады. Біздің еліміз өзінің ауылшаруашылығына құқығын, ақыр аяғында, өзінің азық-түлік қауіпсіздігін қорғап қалуы тиіс. 7-ден 10 жылға дейін өтпелі кезең қажет, осы аралықта ауылшаруашылығының барлық салалары нығайтылатын, негізгі қорлар жаңартылатын, жаңа технологиялар енгізілетін болады», - деп атап көрсетті Н.Жазылбеков.
«Ақ жол» ҚДП Парламенттік фракциясы сайлауалды тұғырнамасын іске асыру және отандық өндірушілердің мүдделерін қорғау бойынша жұмысын жалғастыра береді.