20
Қараша

Санат жоқ 20.11.2013

Банкроттықтың міндеті кәсіпорынды жою емес, оны сауықтыру болуы тиіс – «Ақ жол» фракциясы «Оңалту және банкроттық туралы» заң жобасын қолдамады

20 қараша 2013 жыл, «Ақ жол» ҚДП баспасөзі
«Ақ жол» фракциясының депутаттары «Оңалту және банкроттық туралы» заң жобасын бірінші оқылымда қолдамады. Заң жобасымен дәрменсіз борышкерлермен жұмыс жөніндегі Комитеттің функцияларын Салық Комитетіне беру туралы а.ж. 12 қыркүйегіндегі үкімет шешімін бекіту қарастырылған.
Фракция жетекшісі Азат Перуашев Мәжілістің пленарлық отырысындағы өзінің сөзінде фракцияның көрсетілген мәселе бойынша ұстанымын қайталап жариялады. Еске салайық, бұл тақырып бұрынырақ а.ж. 15 мамырында фракцияның Премьер-Министрдің атына жолданған депутаттық сауалында, 18 қарашада – Н. Жазылбековпен Орталық Коммуникация қызметіндегі брифингте көтерілген, тиісті түзетулер Жұмысшы тобының қарауына енгізілген.
«Статистика бойынша шаруашылық субъектілерінің банкрот болуының 90 пайыздан астамы салық органдарының бастамашылдығымен жүргізіледі екен. Сіздерге салық органдарының бастамашылдығымен банкроттыққа ұшыраған кәсіпорындардың арасында барлық қарыз сомасынан екі есе көп активтері болған 60-тан артық жағдайлар болғаны туралы Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығының мәліметтері белгілі ме? Бұдан басқа, олардың активтерінен сомасы 1 пайыздан да төмен қарызының кезінде-ақ банкрот етілген 3-5 кәсіпорын болған. Нәтижесінде, бизнесті құртты, жұмыс орындарын жапты, адамдарды көшелерге шығарып тастады, экономика тауарлар мен өнімдер шығарған субъектісінен айырылды, ал бюджет салық төлеушіні жоғалтты. Мұндай практикадан бас тартудың орнына, енді салық органдарына банкроттық рәсімін жүргізу құқығы берілетін болып отыр. Бұл неге әкеледі?»,- деді Перуашев баяндамашыға.    
«Ақ жол» фракциясы нарықтық экономиканың нормаларына және либералдық тәсілдемелерге сәйкес бұл міндеттерді тәуелсіз орган жүргізуі тиіс деп есептейді. Бұл, не кәсіпкерлікті дамытуға жауапты Өңірлік даму министрлігі немесе экономикалық процестердің үйлесімділігі үшін жауап беретін Экономика министрлігі болуы тиіс – деп атап өтті парламенттік фракцияның көшбасшысы – кез келген жағдайда, банкрот болатын кәсіпорынның, бастысы болмағанымен, 3-ші кезекте тұрған несие берушілерінің бірі болып табылатын салық органдарына бұл құқықты беру орынсыз және процестің қалған қатысушыларының құқықтарын шектейді».
Оның үстіне, кәсіпорынды банкрот болуы мүмкін – 150 АЕК көлеміндегі заңда белгіленген берешек сомасы сұрақтар туындатады. «Бұл 1-2 орта менеджерлердің жалақысын құрайтын, 200 мың теңгеден сәл ғана артық. Ал сіз осындай қарызы үшін осы кәсіпорында істейтін ондаған, жүздеген, ал кейде тіпті мыңдаған адамдарды жұмыссыз қалдыруға дайынсыз ба?»,- деп ашынып айтты А.Перуашев.
«Ақ жол» жетекшісі тағы бір мәселеге – жеке тұлғалардың банкроттығы туралы нормаларды шұғыл енгізу қажеттілігіне назар аударды: «Бізге қазір үкімет бұл мәселені 2016-2017 ж.ж. қарауға дайын деп айтуда. Бірақ бұл дұрыс емес, себебі біздің банктеріміз жұмысы бар, бірақ ипотекамен проблемаларға ұшыраған адамдарды көшеге лақтырып тастап, қаңғыбастарды туындатуда. Бұған жол беруге болмайды. Қолда бардан қарызы көп болып отырса, адамдарға ең болмаса өмір сүруге аздаған жағдайларды, әйтеуір бір үйдің төбесі секілді баспанасын сақтау керек. Бұлар біздің азаматтарымыз ғой. Олар 2016 жылға дейін қалай және қайдан көмек күтеді?»
Біз бұл ұсыныстарымызды енгіздік, олар кестеде бар, бірақ әзірше біз бұл тәсілдемелерді қабылдауға заңды әзірлеушінің дайын еместігін көріп отырмыз. Сондықтан да бүгін біз бұл заң жобасын қолдаудан бас тартамыз, бірақ екінші оқылымның барысында оның шешімін табамыз деп үміттенеміз.
Есте қаларлығы, дауыс берудің барысында «Ақ жол» ұстанымын басқа фракциялардың кейбір депутаттары қолдады.
«Ақ жол» ҚДП парламенттік фракциясы сайлауалды тұғырнамасын іске асыру және сайлаушылар аманаттарын орындау бойынша жұмысын жалғастыра береді.