23
Қазан

Депутат А.Т. Перуашевтің «Салық салу мәселелері бойынша заңнамаларға толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы' Заң жобасы бойынша Мәжілістің пленарлық отырысында 23 қазан 2013 жылы сөйлеген сөзі

А.Перуашев: Қабылданған Салық кодексі нарық экономикасының негізін салушы кәсіпкерлік еркіндігіне қауіп төндіретін болады. 
           
                Мәжілістің пленарлық отырысы, 23 қазан 2013 жыл
 
Қымбатты төраға мырза, қымбатты әріптестер!
Мәжілістің көрсетілген заң жобасымен жұмысы барысында «Ақ жол» ҚДП фракциясы бірнеше мәрте, бірқатар тұжырымдамалық ұстанымдарға қарсы өз пікірін білдірді.
Айта кету керек, олардың кейбіреулері екінші оқылымда ескерілді. Мәселен:
- Жұмыс тобымен шағын және орта бизнес субъектілерінің арнаулы салық режіміне өтуін шектеуді қысқарту жөніндегі (428-бап СК), сондай-ақ патент негізінде қызмет атқаратын жеке кәсіпкерлердің қолма-қол ақшалай есеп айырысқанда бақылау-кассалық аппаратын пайдаланбау құқығын сақтауға қатысты нормалар (645-бап СК) қолдау тапты.
- СК 448-бабы бойынша мал шаруашылығы мен құс шаруашылығы, ара шаруашылығы өнімдерін өндіру жөніндегі жеңілдікті сақтауға қатысты қабылданған түзетулерді ерекше айту керек. Осы нормалар отандық ауылшаруашылық тауарларын өндірушілерді қолдауға бағытталған, бұл Қазақстанның ДСҰ-ға кіруінің алдында аса маңызды болып табылады.
- СК 599-бабына, салық төлеушінің жеке шотында жинақталған артық төлемдердің есебінен, салық төлеушінің өтінішінсіз салық міндеттемері бойынша берешектерін өтеуге қатысты қабылданған түзетулерді де айтарлықтай жетістік деп есептеуге болады. Осы норманың қабылдануына байланысты 610-бапты қолдану бойынша мәселе өзінен-өзі алынып тасталады. Қарыз жоқ болса – өсімпұлда жоқ.
Өзге де оң шешімдер бар.
Сонымен қатар, «Ақ жол» партиясының фракциясы жасалған шегінулер, әсіресе оның бағытын бюджет жобасымен салыстыруда, осы заң жобасының мазмұнын өзгертпейтінін атап өтуді қажет деп санайды.
Іс жүзінде ұсынылған жаңа енгізілімдердің ішінен, оның ішінде 2008 жылғы салық реформасының жеткен жетістіктерінен бас тарта отырып, бизнеске салықтық әкімшілендіруді күшейтуге бағытталған түзетулердің тек кейбіріне ғана тойтарыс бере алдық.
Сондықтан да, біз мүлік салығына байланысты тәсілдемелерді қайта қарау жөнінде орын алып отырған кейбір тоқмейілсулерді бөліспейміз.
Біз атап өткендей, бизнестің жылдан жылға сұрап келе жатқан негізгі шешімдерінің: бұл жалған кәсіпкерлік, және шоттарға тыйым салу, алдын-ала төлем үшін жөнсіз айыппұлдар, салық төлеушілердің адалдық презумпциясы, салалық ҚҚС-ның мөлшерлемелері және басқа да көптеген мәселелердің ешқайсысы да заң жобасында көрсетілмеген.
Есесіне салық органдарына мәмілелерді жарамсыз деп табу, сонымен қатар заңды тұлғаны тарату туралы соттарға талаптар қоюға құқық беретін 19-бапқа толықтыру қабылданды.
Біз бірінші оқылымда атап өткендей, тіпті қазіргі редакцияның өзінде жұмыс істеп тұрған және төлем төлеуге қабілеті бар кәсіпорындарды тарату үшін салық қарызының осы компаниялардың активтерінің сомасынан 50, 30 тіпті 1 % болғанда салық органдарының осы нормаларды күмәнді пайдаланғандары жайлы ондаған жағдайлар орын алған.
Осы нормаларды іс жүзінде қолданудың нәтижесінде ондаған кәсіпкерлер банкрот болды, жүздеген адамдар жұмысынан айырылып, далада қалды; мемлекет – салық төлеушілерден, банк – төлеуге қабілеті бар заемшылардан айырылды.
Осыншама құртатындай бұл нормалар не үшін, қандай мақсатта қолданылатындығының басын ашып алудың орнына, біз оны тағы да кеңейтеміз!
Сонымен бірге, алғашында жұмыс тобы осындай өкілеттіктерді алып тастау жөніндегі біздің түзетулерді қабылдады, бірақ бейінді комитет қайта дауыс беріп, заң әзірлеушілердің редакциясын қабылдады. Мен тағы да: не үшін, қандай мақсатта жасалды деген сұрақты қоюға мәжбүрмін?
Бас прокуратураның сотқа осындай талаптарды бергенде «артық» буын  болғылары келмейтіні жайлы дәйектерін көңілге қонбайды деп есептейміз.
Біріншіден, мәміленің заңдылығына күмән негізді болған жағдайда, оларды тергеу ісімен қаржы полициясы органдарының айналысуға мүмкіндігі бар емес пе, бұл олардың тікелей міндеттері.
Егер де,  біз енді салық органдарына мәжбүрлеу міндеттерімен өкілеттік беретін болсақ, онда екі құрылымның бірін – не салық комитетін, не болмаса қаржы полициясын  жою туралы мәселе қоюымыз керек, себебі олар бірін бірі қайталайды.
               Екіншіден, құқықтық қолданымды практиканы қадағалауды іске асыруға  прокуратура органдары міндетті. Ал жоғарыда айтылған үрдістерді ескеретін болсақ, бұл мәселеде прокуратураның шеттеу емес, керісінше – бақылауды қатайтуы керек еді.
               Бұл бап бойынша қабылданған шешім отандық мемлекеттік органдармен экономикалық процестерді сайма-сай қабылдауда проблеманың бар екендігін айқын сипаттайды. «Ақ жол» ҚДП фракциясы бұл шешімді заң жобасының айтарлықтай қателерінің бірі деп есептейді.
               Басқа мысал – адал салық төлеушілердің презумпциясын тану негізінде қолданыстағы салық заңнамасының нақты нормаларының қайшылығы жағдайларында, салық төлеушілердің мүдделерін және заңды құқықтарын қорғауды қамтамасыз ететін нормалар бойынша «Ақ жол» фракциясының түзетулерін бейінді комитетпен кері қайтаруы.
               Осындай нормалардың  ТМД елдерінің біразында, Ресей, Белоруссия, Әзербайжан сияқты, тіпті Қырғызстанда СК, сондай-ақ ӘҚБК бекітілгенін заңнамаға салыстырмалы-құқықтық сараптамасы көрсетеді.
               Мысалы, РФ СК 3-бабының 7-тармағында «салық және алымдар туралы заңнамалық актілердің түсініксіздігі және қайшы келуі, түзетілмейтін күмәндар салық төлеушінің пайдасына түсіндіріледі» деп қарастырылады.
               Сонымен қатар ӘҚБК-тің 15-бабының 4-тармағында: «Әкімшілік жауапкершілікке тартылатын тұлғаның кінәлі екендігіне жойылмайтын күмәндардың барлығы, осы тұлғаның пайдасына түсіндіріледі»  деп қарастырылған.
               Қырғызстанның СК-нің 11-бабында адалдық призумпциясының қағидасы бекітілген: «Қырғыз Республикасының салық заңнамасында белгіленген тәртіпке сәйкес, құжаттармен дәлелденген мәліметтердің негізінде бұл  дерек жоққа шығарылмайынша салық төлеуші және салық өкілі адал жұмыс істеген болып есептелінеді».
               Біз салықтан бас тартты деп барлық кәсіпкерлерді алдын ала кінәлі санағанды жөн санаймыз, осыдан барып заңнамадағы кез келген келіспеушілік, тек бизнес емес,  тіпті жалпы бизнес жайында жағымсыз түсінік пайда болады.
               Алайда, біздің елімізде де келешекте бизнесті ғана емес, барлық азаматтарды да жалпыға бірдей салықтық декларациялауына көшіру жоспарланғанына әріптестерімнің назарын аударғым келіп еді. Салық төлеушілерге адалдық презумпциясын қабылдамай, біз өзіміздің отандастарымыздың барлығын дерлік күдіктінің жағдайында қалдырамыз.
               Мен өзім, және «Ақ жол» партиясы бойынша менің әріптестерім кімнің де болсын бұған моральдық құқығының бар екеніне күмәндіміз. Керісінше, мемлекеттік органдар осынысымен күдіктінің жағдайына кімдерді қалдырып отырғанын және кімге шын ықыласымен және адал қызмет етуге міндетті екенін естеріне салуды қажет деп санаймыз.
Одан әрі. «Ақ жол» фракциясының депутаттарымен кәсіпкерлерге байланысты емес себептерімен POS-терминалдарының орнатылмауы бойынша жауапкершілікке тартуды болдырмас үшін, POS-терминалдарын міндетті түрде орнату жөнінде жалпы белгіленген режімді қолданушыларға 2014 жылдың 1 шілдесіне дейін; ал оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режімін (АСР) қолданушылар үшін 2015 жылдың 1 қаңтарына дейін өтпелі кезең ұсынылған болатын.
Алайда, POS-терминалдарын орнату мерзімін оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режімін (АСР) қолданушы тұлғалар үшін ғана 2014 жылдың 1 шілдесіне дейін ұзарту туралы ұсыныс қабылданды.
Соныменен, жалпы белгіленген режімді қолданушы кәсіпкерлердің қойылған талапты орындауға мүмкіндігі болды ма, анықтамай-ақ, оларды  құқық бұзушылыққа итермелейміз. Ал ол болса ешнәрсемен ақталмаған айыпұлдарды, өсімпұлдарды, шоттарға тыйым салуды және т.б. білдіреді.
Бірақ, Мемлекет басшысы барлығына: бизнесті қолдау әр мемлекеттік органның және әр шенеуніктің ісі деп әрдайым айтып келеді. Сонда кәсіпкерлерді кінәсіз кінәлі қылғандар – Президент саясатына қарсы шыққан болып табылады  емес пе.
Қазірдің өзінде ашық айтуға болады, экономикалық табыстарды және салық салынатын базаларды ынталандырудың орнына,  арам ниеттегі салық төлеушілерді көлеңкеден шығарудың орнына, үкімет бұрынғысынша салмақты адал салық төлеушілерге арта отырып, айыппұлдармен және салықтық қысыммен кәсіпорындарды көлеңкелі айналымға ысырмақ, іскерлік белсенділікті қысқарту үшін теріс пайдаланушылыққа және сыбайлас жемқорлыққа жағдай жасайды. Оның үстіне, ол нарық экономикасының негізін қалаушы кәсіпкерлік еркіндіктеріне қауіп төндіріп тұр.
Мұндай ұстаным отандық бизнестің мүддесіне де, сондай-ақ жалпы экономикалық даму логикасына да қайшы.
«Ақ жол» партиясының фракциясы бірінші оқылым барысында бұл заң жобасындағы бизнеске бар және пайда болатын қауіптерді алу жөніндегі ұсыныстарын енгізген.
Атап өтілгендей, олардың біршама бөлігі қабылданды, бірақ тұжырымдылық сипаттағы жиі кездесетін 35 түзету тоқтатылды. Оның үстіне, жұмыс тобының барысында заң әзірлеушілер оларды үнемі түзетуге қалдыра отырып талқылаудан мейлінше қашқақтады, ал одан кейін бірден қабылдамай тастады.
Пікірталастың одан әрі келешегі болмағандықтан өзіміз бұл өзгертулерді  алып тастадық.
«Ақ жол» депутаттарына азшылықта қалу таңсық емес, десек те бұл да белгілі адами және кәсіби қадір-қасиетті талап етеді. Біз парламентаризмнің өмірі осындай екенін түсінеміз. Венециандық комиссияның қорытындысында көрсетілгендей, «Парламенттік көпшілік – шешім қабылдауға құқылы, бірақ парламенттік оппозицияның құқығы – айтқанын жеткізу».
 
Көңіл қойып тыңдағандарыңызға рақмет.