Салық салу туралы заң жобасын талқылау бойынша
Мәжілістің пленарлық отырысында 9 қазан 2013 жылы сөйлеген сөзі
23 қазан 2013 жыл, 'Ақ жол' партиясының баспасөз қызметі
Құрметті әріптестер.
«Ақ жол» ҚДП фракциясы 16 қыркүйектегі заң жобасының таныстырылымында бірқатар ұстанымдарға қарсы болған, ал 25 қыркүйекте біз онымен тұжырымдамалық тұрғыда келіспейтінімізді мәлімдедік.
Бүгінгі таңда талқылау барысында «Нұр Отан» ХДП фракциясының оң рөл атқарғандығының арқасында, негізінен сынға ұшыраған және қоғамда қабылданбаған әлеуметтік әділетсіздіктің сол белгілері алынып тасталды.
Біз парламенттік көпшіліктегі әріптестерімізге принципшіліктері және қатардағы азаматтардың мүдделерін қорғағаны үшін дән ризамыз.
Сонымен қатар, енгізілген түзетулер заңды жетілдіруден гөрі, оның Мәжілістен өтуін жеңілдететінін атап өтпеуге болмайды. Іс жүзінде олар үкіметке жұмыс істейді, себебі қоғамда кеңінен талқылауға түскен осы заң жобасының аясында заң дайындаушылар тап болған түйінді шешеді, тіпті тығырықтан шығуға мүмкіндік береді.
Көпшіліктегі фракция іс жүзінде өзінің үкіметіне көмек қолын созды және бұл өтпейтін заңның қандай жағдайларда қабылдануы мүмкін екенін көрсетті.
Бұл жағдай - азаматтардың мүлкіне салық салу жөніндегі тәсілдемелердің саралануының арқасында жасалды, мұны енді үкімет, жалпы заңның тұтастай алғанда қабылдануына кесірін тигізбес үшін, қабылдауға мәжбүр.
Мен айтып кеткендей, біз Нұр-Отандағы әріптестерімізге осы қадамы үшін ризамыз.
Сонымен қатар, бүгінгі жасалған әлеуметтік шегінулер, бұл заң жобасының мазмұнын: атап айтқанда - мемаппаратты ұстауға шығыстардың өсуі және бюджеттік қаражаттарды басқарудың жоғары деңгейдегі тиімсіздігі жағдайларында салық мөлшерлемелерін көбейту және салықтық әкімшілендіруді күшейтуге бағытталуын өзгертпейтінін атап өтуді қажет деп есептеймін.
Негізінде, әңгіме еліміздің қатал қаржылық дағдарыс шеңберінде өткізген 2008 жылғы либералды салық реформасын қысқарту туралы болып отыр.
«Ақ жол» фракциясының депутаттары салық саясатын қатайту арқылы бюджетті толтыруға резерв іздеудің орынсыз екеніне бұрынғысынша сенімді. Есеп комитетінің бағасы бойынша, өткен жылы бюджетті орындау барысында 219 млрд. теңге тиімсіз пайдаланылғанын еске салуды қажет деп санаймыз. Біздің өткен жолғы сауалда айтылған басқа бір резерв – қашқын шенеуніктер мен олигархтардың Қазақстаннан алып шыққан миллиардтаған қаражаттарын кері қайтару. Одан басқа, салықшылармен есептелген 2 трлн. теңге сот орындаушыларымен өндірілмей отыр деген ақпарат бар. Міне осы, сіздердің резервтеріңіз. Тек қана қаржылық-бюджет тәртібін ретке келтіріңіздер.
Біз атап өткендей, бизнестің жылдан жылға сұрап келе жатқан негізді шешімдерінің: бұл жалған кәсіпкерлік, және шоттарға тыйым салу, алдын-ала төлем үшін жөнсіз айыппұлдар, салық төлеушілердің адалдық презумпциясы, салалық ҚҚС-ның мөлшерлемелері және басқа да көптеген мәселелердің ешқайсысы да заң жобасында көрсетілмеген.
Оның орнына салық органдарына салықшылардың мәмілелердің тарапы болып табылмайтынына қарамастан мәмілелерді заңсыз деп табуға құқық беру сияқты новеллалар ұсынылады. Бұл ақылға да сыймайды және Азаматтық кодекске қайшы, шаруашылық субъектілерінің қарым-қатынастарының барлық тізбегі бойынша айыппұлдар және өсімпұлдардың қосымша есептеулері қардай жауып, бизнес үшін болжап болмайтын зардаптарға әкелуі мүмкін.
Өкінішке орай, бізде салық органдарының кәсіпорындардың банкроттығы туралы бастамашылық етуі практикада қазірден-ақ қалыптасқан. Мұны рейдерлік схемаларды жасыру үшін жасалатынын білдіретін көптеген мысалдар бар. Қаржыгерлік қауымдастықпен кәсіпорындардың қарыздары олардың мүліктерінің сомасының жартысынан кем болғанда банкрот болған 60-тан астам оқиға анықталған. Яғни, олардың бұл қарызды жабуға мүмшіліктері болды! Алайда, кәсіпорындар жойылған. Ал мұны не дейміз? Банк бағалы клиенттен, мемлекет – салық төлеушіден, ал адамдар жұмыстан айырылған. Мен сіздерге одан арғысын айтайын, тіпті қарызы жалпы капиталының бір пайызынан кем болған кәсіпорынды жойған кездері де бар!
Оның үстіне қазір түзету енгізілді, оған сәйкес тіркеу заңсыз деп табылған салық төлушімен операция бойынша салықтардың сомасын ҚҚС туралы есептелген салықтардың сомасынан және шығыс бойынша шегеруден алып тастау ұсынылады. Сонда жалған кәсіпкерлік деп аталатындармен күресу аясында, салық бойынша берешектердің барлығы адал кәсіпкерлердің иығына жүктелетін болады. Сонымен бірге, жалған кәсіпорындармен тікелей жұмыс істегендерден ғана емес, олардың серіктестерінен, серіктестерінің серіктестерінен және т.б. өндіріледі.
Бірақ, салық органдарының өздерінің тарапынан қорғау болмаса жалған кәсіпорынды құру мүмкін емес қой. Бұл туралы көптеген практикалық жағдайлар айтады. БАҚ хабарлағандай, қазіргі кезде Оңтүстік Қазақстан облысында 68 жалған кәсіпорындардың жұмысына жетекшілік еткен облыстың салық комитеті басшыларының тобының үстінен процесс жүріп жатыр. Сондай-ақ, Алматы қалалық салық комитетінің төрағасының орынбасарына қатысты осындай тергеу жүріп жатыр, ол 30-ға жуық жалған кәсіпорынды қорғап келген. Яғни, салықшылар өздері осы фирмаларды құрады, ал содан кейін өздерімен жұмыс істегендерді жазалайды. Бұл бопсалаушылық үшін жақсы себепке айналды. Және салықшылар ұсынылып отырған нормалармен осындай іс-әрекеттерге заңдылық бергілері келеді.
Немесе, үкіметтің орнына салық комитетіне салық есеп-қисаптарын өздерінің белгілеу құқығын беру туралы ұсынысын алайық: экономикалық кезеңнің салалық ерекшеліктерін елемеуге, жиі және тыңғылықты зерттелмеген формаларды ауыстыруға әкеледі, ал олардағы қателер үшін тағы да кәсіпкерлер жазасын алады.
Салық есеп-қисаптарын тек электронды түрде ұсыну, салық есептерін өткізу мерзімдерін ұзарту шарттарын өзгерту, шегеруге жатпайтын шығыстар бойынша, есепке алынуға жатпайтын ҚҚС бойынша, орындалмаған салық міндеттемелерін қамтамасыз етудің тәсілдері бойынша және т.б. кез-келген сәйкессіздіктер үшін кәсіпкерлерге мөлшерсіз қаржылық санкция салу жөніндегі талаптар туралы да осыны айтуға болады.
Сонысымен, экономикалық табыстарды және салық салынатын базаларды ынталандырудың орнына, арам ниеттегі салық төлеушілерді көлеңкеден шығарудың орнына, үкімет бұрынғысынша салмақты адал салық төлеушілерге арта отырып, айыппұлдармен және салықтық қысыммен кәсіпорындарды көлеңкелі айналымға ысырмақ. Бізге қазір заң дайындаушылар айтып отырғандай, шын мәнінде ешқандай да көлеңкелі экономика қысқарып отырған жоқ.
Мұндай тәсілдеме отандық бизнестің мүдделеріне де, сондай-ақ жалпы экономикалық дамудың қисынына да қайшы келеді.
«Ақ жол» партиясының фракциясы бірінші оқылым барысында заң жобаларындағы бизнесте бар және пайда болатын қауіптерді алып тастау жөнінде ұсыныстардың топтамасын енгізген, оларды қабылдамайынша, тіпті әлеуметтік блок бойынша өзгертулерді есепке алғанның өзінде, оның керітартпа сипаты сақталып қалады.
Сондықтан, біз заң жобасына берілген бұрынғы бағаны ұстанамыз