«Ақ жол»: гепатитпен аурурына шалдыққандардың 70%-ы гепатиттің сапалы диагностикасына қол жеткізе алмауда, кепілді тегін емделу мүмкіндігіне 15 науқастың біреуі ғана қол жеткізе алады
11 қыркүйек 2013 жыл, Қазақстанның «Ақ жол» Демократиялық партиясының баспасөз қызметі.
Гепатит ауруына шалдыққандардың 70% гепатиттің сапалы диагностикасына қол жеткізе алмауда, кепілді тегін емделу мүмкіндігіне 15 науқастың біреуі ғана қол жеткізе алады, – бұл туралы Нұрлан Жазылбеков Мәжілістің пленарлық отырысында мәлімдеді. Денсаулық сақтау министрі С. Қайырбекованың атына жолданған фракцияның депутаттық сауалында жүргізіліп жатқан шараларға қарамастан (жыл сайын 40-тан 60 мыңға дейін науқастар ресми тіркеледі) вирустық гепатитпен ауру деңгейінің жоғарылап жатқандығы туралы әңгіме болады. Бұдан басқа, дәл емес диагностикадан және сайма-сай емдеу тағайындалмағандықтан аурулар бауыр цирозына және бауыр обырына көшіп асқынған созылмалылығы байқалады.
Гепатитті жұқтырғандардың барлық санаттары үшін диагностика және емдеу жүргізу ақысыз. Солай бола тұрса да ем алуға кезек 2017 жылға дейін жетіп отыр. Сонымен бірге, бірінші кезекте емделуге өмірге қауіптілік деңгейі аса жоғары емделушілер жатады.
Депутаттың ойынша, сырқатты бастапқы сатысында емдеудің орнына, сырқаттың жағдайының шекті деңгейіне дейін нашарлауын күтуді және содан кейін ғана емдеуге міндеттейтін Ережемен ақылға сыймайтын жағдайлар туындайды.
Сонымен қатар, бүкіл елде (Алматы және Оңтүстік Қазақстан облыстарына) фибросканерлеу диагностикалық құралдарының 3 аппараты ғана жұмыс істейді, қалған облыстарда, оның ішінде астанада мұндай аппарат жоқ.
Осылайша, Конституцияның талаптарын бұзушылыққа жол беріліп, 14 облыстағы қазақстандықтардың 70 %-ы екі облыста тұратын сырқаттармен салыстырғанда тең емес жағдайда болып отыр.
Бірақ, бұл аппараттағы диагностикалық тексерілудің құны 8 400 теңге, бұл тексерілудің «қымбат тұрмайтын» түріне жатады және де мемлекетпен қаржыландырылмайды. Ал, статистикаға сәйкес Қазақстандағы үй шаруашылықтарының 36 %-ның ғана орташа айлық табысы 30 мыңнан аса теңгені құрайды.
Гепатитті диагностикалау және емдеуге ауылдық жерлердегі тұрғындар үшiн iс жүзiнде қол жеткізу мүмкін емес: ауыл тұрғындарына диагностика үшін төлеуден басқа, бүкіл елді жүріп өту үшін жолға ақы да төлеуге тура келеді.
Кейбір емханаларда диагностика үшін қажетті реактивтер жетіспейді.
Сауалда білікті дәрігерлер жетіспеушілік мәселесі айтылған. Осы уақытқа дейін дәрігер-гепатолог жоқтығынан, гепатитті емдеу кең мамандандырылған дәрігерлермен жүргізіледі. Оның үстіне, дәрігерлердің саны тұрғындардың жан басына шаққандағы қажетті нормаларға сәйкес емес - 17 млн. адамға бар болғаны 26 дәрігер жұмыс істейтін 12 гепатологиялық орталық (норма бойынша 30-50 мың жұқпалы аурулар бойынша дәрігер немесе гастроэнтерологтан 1-і керек болса) бар. Мысалы, 2 млн. тұрғыны бар Алматы қаласында гепаторталықтың 2 кабинеті бар, оларда екі-ақ дәрігер қабылдайды. 4 дәрігер қабылдау жүргізетін гепаторталығы бар астананың да ахуалының бұдан артық болып отырғаны шамалы. Дәрігерге қабылдау 3 аптаға дейін алдын-ала жазба түрінде жүреді, бюджеті жылына 200-250 адамды емдеуге есептелген, бұл қажетті шектен 25 есе төмен. Облыстарда бір дәрігер қабылдау жүргізеді, оның кабинеті облыс орталығында, негізінен жұқпалы аурулар ауруханасында орналасқан, осыған байланысты гепатитпен ауыратындар аурудың одан да ауыр түрлерін жұқтырып алулары мүмкін.
17 000 сырқатты 2014 жылға қаржыландыру 1232 адамға қарастырылған - бұл қажеттіліктен 15 есеге жуық төмен.
Сонымен қатар, 01.05.2013 жылға ахуал бойынша, сырқат «В және/немесе С гепатитін емдеуді күту парағында» өзінің бар екенін және кезектің өту барысын 6 облыстың денсаулық сақтау басқармасының сайттарынан ғана бақылауды жүргізе алады, яғни Конституцияның 20-бабына әркiмнiң еркiн ақпарат алуға құқығы бұзуылып отыр.
«Ақ жол» фракциясының депутаттары денсаулық сақтау министрінен көрсетілген мәселе бойынша шұғыл түрде шара қолдануын талап етеді.
«Ақ жол» ҚДП Парламенттік фракциясы сайлаушылардың өтініштері бойынша жұмысын жалғастыра береді.