22
Қантар

Азат Перуашевтің Орталық Коммуникациялар Қызметінің брифингіндегі сөйлеген сөзі

 
Құрметті әріптестер!
Президенттің парламентке және Қазақстан халқына арнаған биылғы Жолдауы біздің еліміздің тарихына практикалық міндеттердің кешені түрінде баяндалған әлеуметтік-экономикалық прагматизмнің үлгісі болып енеді.
Ал осы міндеттердің бел ортасында Қазақстанның мемлекеттік дамуының басты құндылығы ретінде ұлттық идея тұр.
Сондықтан биылғы жолдауды ұлттық мүдделер Манифесі деп атауға толық қақымыз бар.
Жолдаудың, Президент Назарбаевтың қазақ тілінің ролі туралы,  біздің халқымыздың мәдени ділінің қазіргі әлемдегі бәсекеге қабілеттілігін қалыптастыру туралы, Мәңгілік ел идеясы туралы айтқан бөлімін тебіренбей тыңдау мүмкін емес еді. Бұл менің жеке өзімнің алған әсерлерім.
         Байлығымыз да бақытымыз да болған Мәңгілік Тәуелсіздігімізді көздің қарашығындай сақтай білуіміз керек – бұл сөздерді қазіргі Қазақстанның кез келген әлеуметтік, экономикалық немесе саяси міндетіне эфиграф етіп алуға болады.
          Мен бүгін интернеттен «Мәңгілік ел» терминіне байланысты түсініктемелер оқыдым, өкінішке орай, олардың бәрі бірдей әдепті емес. Кейбіреулер бұл ұғымнан ұлтшылдық бағытқа қарай ойысуды көреді, енді біреулер шамадан тыс шарықтау және қиялдан туған шығармашылық деп жазғырады.
         Бұған байланысты орыс аудиториясы үшін (оған бәлкім өзім де қатысты шығармын), түсіндіру керек деп есептеймін, менімше, кейбір комментаторлар сияқты, мұндағы «Мәңгілік елді» сөзбе-сөз «Вечный народ» деп аударуды қолдану дұрыс емес. 
          Бұл тым қарабайыр ұғыну. Бұл категорияны менің қабылдауым күрделілеу, ол Жұбан Молдағалиевтің «Мен қазақпын, мың өліп, мың тірілген» деген белгілі сөздерінен шығады.
         Басқаша айтқанда – мың рет өліп, қайтадан тірілген халықпыз. Ал бұл тіпті де қиялдан туған шығармашылық емес, бұл біздің халқымыздың шынайы тарихы, XVII-XVIII ғасырлардағы жоңғарлармен болған соғысты алыңыз, оны «Ақтабан шұбырынды» деп текке атаған жоқ; әйтпесе, қазақ халқының 1920-1930 жылдардағы аштық геноцидін алыңыз. Демографтардың бағалауынша, осы аталған оқиғалардың әрқайсысынан қазақтар өздерінің санының 60-70 пайызынан айрылған.
         Осыған қарамастан, біз бәріне шыдадық, бүгін біз әлемнің басқа халықтарының арасынан ойып тұрып, өз орнымызды алдық, өзіміздің Президентімізбен бірге екі онжылдықта заманауи тәуелсіз мемлекетті, күшті экономиканы құрдық және болашаққа сеніммен қараймыз.
          Және бұл қазақтарға ғана емес, Қазақстанның біртұтас халқын құрайтын барлық этностарға қатысты. Қазақ халқының тарихы бүгінде біздің мемлекетіміздің және барлық қазақстандықтардың ортақ тарихы болуы тиіс, бұл біздің ортақ тағдырымыз. Ол бізді өткенімізде біріктірді және келешекте біздің бірлігіміздің кепілі болмақ.
Сол себепті мен үшін «Мәңгілік ел» - тағдыр тәлкегінде жүні жығылып, беті қайтпаған қайсар халық. Уақыт тасқынындағы, тарих толқынындағы халық. Бұл жәй ғана әдемі сөздер емес, ол бүкіл Қазақстан халқының жасампаз күш-қуатының, сондай-ақ оның кез келген сынаққа төтеп беру қабілетінің символы.   
Жолдауда Қазақстанның 2050 жылға дейінгі  даму Стратегиясының маңызды бағыттары нақтыланған, оларды іске асырудың тәсілдері және орындау индикаторлары белгіленген. Бұл индикаторлар Президент Қазақстанға қатарына кіруді міндет етіп қойған, әлемнің алдыңғы озық елдерінің бірлестігі ретінде Экономикалық ынтымақтастық және даму Ұйымдарының стандарттарына сүйенеді.
Әдетте жыл сайынғы жолдау қысқа- және орташа мерзімді жоспарлау сипатына ие болатын, биылғы жолдауды «Ақ жол» Демократиялық партиясы тактикалық емес, ал дұрысы өте маңызды стратегиялық құжат ретінде қарайды.
Бұл құжат прогресивті ғылыми қамтымды экономикасымен, дамыған өңдеуші индустриясымен, кәсіпкерліктің жаппай қозғалысымен Қазақстанды одан ары қалыптастыру векторын белгіледі.
Әрине оны іске асыруда, біз өз тарапымыздан жан-жақты жәрдемдесетін боламыз.
Сондықтан, басталған жыл біз үшін, сондай-ақ барша ел үшін маңызды және қауырт болады.
«Ақ жол» партиясы Мемлекет басшысының тапсырмаларының ішінде бірінші кезекте айналысуы қажет деп офсеттік саясат мәселелерін білгілеу керек деп есептейді.
Әңгіме,  «...ірі мұнай-газ және тау-кен металлургиялық нысандарында жұмыс істейтін жетекші трансұлттық компанияларды олар осында өз қажеттілігі мен сервисін қамтамасыз ету үшін өндірістер құруға шақырғанымыз жөн... Жабдықтарды өз елімізде өндіруімізге де болатын кезде, шетелден тасымалдаудың қажетінің жоқтығы жайлы ұсыныс» туралы болып отыр.
Қазақстан тәуелсіздік таңында қандай болып еді, қазіргі кезде одан мүлдем басқаша. Егер де, ол кезде біз инвесторларды солардың шарттарымен шақырсақ, ал қазір ұлттық ресурс туралы, яғни, Қазақстан азаматтары табиғат байлықтарын пайдаланудан түпкі бенефициарлар болып шығатын қағида туралы айтатын уақыт келді.
Осы офсеттік саясат Қазақстанның әлемдік экономикаға жалғасатын интеграция жағдайларында сапалы жаңа деңгейге шығуға мұқтаж болып отырған қазақстандық қамтуды дамыту жөніндегі мемлекеттік бағдарламалардың қисынды жалғасы бола алады. Қазақстанның офсеттік саясатының міндетті шарты Дүниежүзілік сауда ұйымының және Бірыңғай экономикалық кеңістіктің принциптерімен сәйкес болуы керек. Өткен жылы индустрия министрлігімен «Офсеттік саясат туралы» заң жобасы әзірленген болатын, бірақ ол Парламентке түспей қойды. «Ақ жол» партиясы Үкіметке осы маңызды заңды әзірлеуге тез арада қайта оралуды ұсынады және оны қайта әзірлеуде және қабылдауда қатысуға дайындықтарын білдіреді.
Президент айтқан үшінші индустриялық революцияның қарсаңында ғылыми қамтымды экономиканы құру айрықша маңызға ие болады. Ғылымды қаржыландыруды ішкі жалпы өнімнің 3 пайызынан кем емес деңгейге дейін арттыру жоспарлануда. Бұл жай ғана көп ақша емес, бұл өте көп ақша. Бірақ мәселе мынада, олардың жай ғана «игерілуі» тиіс емес. Өкінішке орай, біздің тәжірибе тіпті ақша жұмсалғанның өзінде – бұл мақсатқа қол жеткенді білдірмейтінін үйретеді. Қолданбалы ғылым коммерцияландырылуы тиіс, яғни дайындауға ғана ынталандырып қоймай, оларды қолдануға бизнестің сұранымын, сондай-ақ осындай бизнестің өнімдеріне тұтынушылардың сұранысын қалыптастыру қажет. Мемлекет жуырдағы қаржы дағдарысында көптеген кәсіпорындарды жаңғыртуда және техникамен қайта жабдықтауда қолдауға мүмкіндіктер тапты, гранттардан бастап субсидияларға дейін кең көлемді шаралар қолданылды, бұл тәжірибе қазірде кәдеге жарайды.
Алайда, жаһандану жағдайындағы тұтынушылардың қалауы ұлттық ауқымда емес, халықаралық нарық  деңгейінде қалыптасатынын анық түсіну керек. Жаңа іс қалай қызықтырса да, егер ол Қазақстан нарығына ғана бейімделетін болса, онда сәтсіздікке душар болады. Сондықтан, өз қазанымызда қайнамай, еліміздің қай жерінде бәсекелестік қарымы бар, осы бағытта және  осы салаларда табысты жұмыс істеп тұрған трансұлттық әріптестер табу қажет.  Президент бұл салаларды да белгілеп берді.
Сонымен қатар, қолымыздан келеді немесе келмейді деп қорқудың керегі жоқ. Жиырма жыл бұрын Қытай әлемдік брендтердің көшірмесін жасағанда және бұрын не жасалмады, соны жасауға талпынғанда бүкіл әлем күлген болатын. Ал бүгінде қытай бизнесінің жасай алматын ештеңесі жоқ, тек идея беріңіз.
Сондықтан, алға жылжып және жұмыс жасау керек, оның үстіне Президент қаржы және қажетті инфрақұрылым бөліп отыр. Егер заманауи және табысты ел болғымыз келсе, бізде басқа таңдау жоқ. Ғылыми қамтымды өндіріссіз экономиканың келешегі жоқ.
Әрине, Мемлекет басшысының шағын және орта бизнеске қатысты тапсырмаларын «Ақ жол» партиясы назарынан тыс қалдырмайды. Президент Шағын және орта бизнес – «индустриялық және әлеуметтік жаңғыртудың басты құралы» деп өте дәл атады.
Шағын және орта кәсіпорындарға өз табиғаты және ұйымдастыру қарапайымдылығы жағынан қазіргі шақыруға орай әрекет ету жеңіл болады, оларда ұйымдық шығындар аз. Сондықтан да, барлық елдерде осы ШОБ экономикада жаңа секторларды ашып және жаңа өнімдерді шығаруды реттеп, әртараптандырудың және инновацияның қозғаушы күші болып отыр.
Екінші жағынан, ШОБ азаматтарға мемлекеттен жұмыс орнын күттірмей, өзінің шығармашылық әлеуетін және бастамасын іске асыруға мүмкіндік бере отырып, тұрғындарды жұмыспен қамтудың тамаша түрі ретінде шығып отыр.
Ең соңында, жаппай кәсіпкерлік ірі корпорациялардың серіктесі бола отырып және әр отбасын еңбек қызметіне тарта отырып, ұлттық табысты қайта бөлудің каналы болып табылады. Орасан зор табиғи қордың болғанына қарамастан, әр қазақстандықты мұнайшы немесе банкир жасау мүмкін емес. Бірақ, өзара қарым-қатынастар, мәмілелер және қаржылық есептер желісі арқылы ШОБ жүйесін барлық қазақстандық ол арқылы үлкен ұлттық экономикада өзінің табысын табуға мүмкіндік алатын етіп құруға болады.
Осы мағынадағы Президенттің «бизнесті дамытуға кедергі келтіретін барлық енжар құқықтық нормалардың күшін жою керек» деген сөзі «Ақ жол» партиясы үшін сөз ғана емес, іс-әрекеттерімізде басшылыққа алынады.
Өкінішке орай, мұндай тапсырмаларды министрліктер тым өзгеше түсінеді. Мысалы, Мәжіліске білім министрлігімен әзірленген жастар саясаты туралы заң жобасы түсті. Оған ілеспелі еңбек кодексіне түзету жобасында мемлекеттік органдар жас мамандарды жұмысқа қабылдау кезінде сынақ мерзімін жоюды және екі жылдың ішінде жұмыс берушінің бастамасы бойынша  оларды жұмыстан шығаруға тиым салуды ұсынып отыр. Осы арада менде сұрақ туындайды, біз нені ынталандырып отырмыз: еңбексүйгіштікті және жауапкершілікті ме, немесе масылдықты ма? Егер де, жұмыс берушіде  ықылассыз қызметкерден құтылатын мүмкіндік болмаса, онда ол өндірістік тәртібін қалай қолдай алады, ол қайтіп қызметкердің біліктілігін көтеруін талап ете алады? Егер де жас маман қызметінің алғашқы екі жылында кәсіптік талаптарға әдеттенбесе, онда ол оны қашан ала алады? Зейнеткерлікте ме? «Баланы жастан, келінді бастан» - дейді халық. Жақсыға екі жылдан кейін емес, бірінші күннен бастап үйрету керек.
Біз жастарды «сынақ мерзіміне» жұмысқа қабылдап, содан кейін жұмысына жалақысын төлемей жұмыстан шығарып жібереді деген сияқты, оларды қанаушылық жағдайларымен осындай ұсыныстардың шыққанын түсінеміз. Алайда, мұндай үрдіс басқаша тоқтатылуы тиіс: сынақ мерзімінде осы мекемедегі  штаттағыдан төмен жалақы қоюға тиым салу; сынақ мерзімінің өзінде жазбаша еңбек шартына отыруға міндеттеу арқылы және т.б.
Ал біздің білім министрлігіндегі және еңбек министрлігіндегі шенеуніктер біліксіз қызметкерлерді кәсіпкерлердің мойнына іліп және асырауында болушылықты ынталандыра отырып оған ең оңай жолмен бармақ.
Нұрсұлтан Әбішұлының «жекеменшік институтын заңнамалық тұрғыда нығайтатын кешенді шешімдер қажет...» деген сөздері де өзекті. Мысал келтіремін: өткен жылы қарашада Мәжілістің өңірлік даму және экономикалық реформа жөніндегі  комитетінде «Жеке меншік туралы» заң жобасында өз мүлкін қорғауда меншік иесінің құқықтарын күшейту жөніндегі біздің ұсыныстарымыз талқыланды, басқа фракциядағы кейбір әріптестеріміз  бізде бәрі керемет деп, үзілді-кесілді қарсы шықты. Ал біз ешқандайда кереметті көріп тұрғанымыз жоқ, рейдерлік басып алу үйреншікті іс болып отыр, кәсіпкер бассыздықтан сақтандырылмаған, және бизнеспен айналысудың өзі қауіпті болып барады.
Кеше ғана менің қабылдауымда Солтүстік Қазақстан облысынан «Лесокомплекс-2030» ЖШС-нің иесі азамат А.Андреев болды, ол дағдарыстың қызған кезінде  ең заманауи технологиялық құрал-жабдықтармен кәсіпорын құрған. Ал бүгін «Қазкоммерцбанктің» жергілікті бөлімшелері әртүрлі сылтаулармен одан кәсіпорынды тартып алды және әртүрлі сатып алушыларға сатып жіберді.  Сонымен бірге несиелендіру кезінде пайыздық мөлшерлемесі бірнеше рет көтерілген, төлеу мерзімі бір жақты тәртіппен қысқартылған, кәсіпкердің айтуынша осылар тоқтап қалуға әкелген. Сонымен қатар, құрал-жабдықтардың бір бөлігін бір сатып алушыға, басқасын – тағы біреуге берген, кәсіпорын бір тұтас кешен ретінде жұмыс істеуін тоқтатқан. Экономика кәсіпорыннан, адамдар – жұмыстан, ал кәсіпкер – бар дүние мүлкінен айырылды.  Қарызды өтеуде жүзеге асыру құны есепке алынбады, жобаның бастамашысы бұрынғы бизнесті және ғимаратын қоса алғанда, барлығынан айырылып қана қалған жоқ, банкке тағы да қарыз болып қалды. Жергілікті соттар оны естімейді де, ол ешкімге керек емес, оның осындай жағдайда өз бизнесін қорғауға мүмкіндігінің жетіспейтіндігі анық.
Мұндай мысалдар аз емес. Бұл кімге пайдалы? Кімдер мұндай тәуекелдерге баратын болады? Иә, осындай тәуекелдерге барғанша жұмыссыздық бойынша жәрдемақыны алып, ешқайда шықпай, үйде отырған дұрыс болар.
Президенттің осы жолдауынан кейін, біздің меншік туралы заң жобасына ұсыныстарымыз қайткенде де қолдау табады деп үміттенеміз.
Тақырыптың жалғасы ретінде Президенттің бастамасы туралы естеріңізге сала кеткім келеді, Индустрияландыру күнінде ол – жаңадан құрылған шағын және орта бизнесті қызметінің алғашқы 5 жылында салықтан  босату туралыайтқанболатын.
Кәсіпкерге бірінші жылдары аяғынан тік тұрып, өзін сақтап қалуы керек, ал содан кейін ғана одан бірнәрсе талап етуге болады. Отандық қана емес, халықаралық тәжірибе де көрсетіп отырғандай, өкінішке орай, жаңа құрылған шағын және орта кәсіпорындардың алғашқы жылдары 90 %-ға жуығы бәсекелестікке төтеп бере алмай өз қызметін тоқтатады. Бұл бизнес үшін салынған қаржының қайтарымсыз жоғалғанын білдіреді. Ал парасатты мағынадағы көзқараспен қарағанда, кәсіпкер салғанын қайтарып алып қана қоймай, пайда тапқаннан кейін бизнестен бірнәрсені (сол салықты) талап етуге болады ғой.
Сондықтан, Мемлекет басшысының бұл бастамасы бюджет үшін ешқандай да шығын әкелмейді: егер құрылатын ШОБ-ті салықтан босатпаса, онда ЖК және ЖШС-дің 90 %-ы жабылады, бәрібір бюджет олардан ештеңе алмайды.
Егер оларға аяғынан тік тұрып кетуіне көмектесетін болсақ, онда олар нығайып және жұмыстарын реттеп, қызметінің бастапқы кезіндегідей азғантай айналымнан емес, толыққанды кәсіпорын ретінде салық төлей алады. Және ең маңыздысы – осындай толыққанды, орныққан кәсіпорындардың 10-15 % емес, ал барлық 30-40%-ы аман қалады.
Бізге белгілі болғандай шағын және орта бизнесі табысты АҚШ-да, Қытайда, Германияда және басқа елдерде, осындай тәсілдемелер қолданылады.
Бүгін «Ақ жол» партиясының депутаттары заң шығару бастамасы конституциялық құқығын пайдалана отырып, бізбен әзірленген «Шағын және орта бизнесті мемлекеттік қолдау туралы» заң жобасын үкіметке жолдағанын ақпарат ретінде хабарлай аламын. Осы заң жобасында Мемлекет басшысының кәсіпкерлерге жан-жақты жәрдемдесу жөніндегі саясатын дамытуға бірқатар шаралар да ұсынылады.
Одан басқа, сондай-ақ бізбен Президент Жолдауынан туындайтын екі депутаттық сауал жолданды. Біріншісі шағын және орта бизнес үшін оңалту және банкроттық тетігін енгізу туралы тапсырмаға қатысты. Өткен жылдың аяғында Мәжіліс «Оңалту және банкроттық туралы» заң жобасын қабылдады және Сенатқа жіберді, оның шеңберінде үкімет «Ақ жол» партиясының депутаттарының жеке тұлғаларды банкроттық бойынша тарауға қосу туралы ұсыныстарын қабыл алмаған, оған шағын және орта бизнеске кіретін жеке кәсіпкерлер де жатады,.
Осыған байланысты, «Ақ жол» ҚДП фракциясы «Жеке тұлғалардың және жеке кәсіпкерлердің банкроттығы туралы» бөлек Заңды өз алдына әзірлеу ниеті туралы мәлімдеген. Шет елдерде жеке тұлғалардың және жеке кәсіпкерлердің банкроттығы туралы институт кеңінен таралған.
Мәселен, Германияда Банкроттық туралы заң 1994 жылдың басынан қолданыста, жеке тұлғалардың банкроттығына жеке ереже арналған. Соңғы жылдары АҚШ-да жыл сайын 1-2 млн. жуық адам өзін банкрот деп жариялайды, соттағы дәрменсіздік туралы істердің 96 %-ға дейіні американдықтардың банктік несиелерге жаппай әуестенуіне байланысты екен. Ресей Федерациясында «Дәрменсіздік туралы (банкроттық)» Федералды заңына және азамат-борышкер қатынасына қолданылатын оңалту рәсімдерін реттеу бөлігіне Ресей Федерациясының жеке заңнамалық актілеріне өзгертулер енгізу туралы» Заң қабылданған болатын.
Жеке тұлғалардың және жеке кәсіпкерлердің атынан шағын бизнестің банкроттығын енгізу, несилер бойынша төлей алмай жүргендерге, тіпті мүлкінен айырылғандарға – қаңғыбас болып кетпей, бастарына қандай да бір жатахананың бөлмесін жалға алса да баспана, балаларына тамақ  тауып қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін еді. Бұлар біздің азаматтар, біздің адамдар ғой.
Мәселенің келесі жағы – біз Кедендік одақ және БЭК аясында тауарларды, капиталдарды және есіңізде болса, еңбекті  еркін алып өту туралы келіскенбіз. Егер, Ресей  жеке тұлғалардың банкроттығы туралы заңды қабылдайтын болса, онда кәсіпкер болғысы келетін, бұл үшін қабілеті және мүмкіндігі бар біздің азаматтар – ресейлік банктерден несие алуға барады, Ресейде бизнесін ашады және өзінің емес, оның экономикасын көтеретін болады. Себебі, онда олардың және оның балаларының өмір сүруіне, тіпті әркімнің басында болуы мүмкін сәтсіздіктер болғанның өзінде кепілдіктер бар.
Өкінішке орай, «Ақ жол» партиясының осындай нормаларды Қазақстанда енгізу туралы ұсыныстарына қаржы министрлігі мұндай механизм 2016-2017 жылдарға жоспарланып отырған табысты жалпыға бірдей декларациялау кезінде ғана енгізілуі мүмкін екенін мәлімдеді.
Бірақ, қарыздары үшін бүгін көшеге лақтырылып тасталған бұл адамдар балаларымен бірге 2016 жылға дейінгі алдағы үш қыста бір жерде өмір сүру керек екені мүлдем ескерілмейді.
Алайда, Мемлекет басшысының Жолдауында айтылған шағын және орта бизнесті оңалту және банкроттығының тетігін құру жөніндегі  тапсырмасы осы тақырыпты тағы да көкейтесті етіп отыр. Сондықтан, «Ақ жол» партиясының депутаттары «Оңалту және банкроттық туралы» заң жобасын Мәжіліске, оған жеке тұлғалардың және жеке кәсіпкерлердің атынан шағын және орта бизнестің банкроттығы туралы біздің фракциямен дайындалған бөлімді қосу үшін кері қайтару қажет деп есептейді.
Біз Үкіметке:
1) Президенттің Жолдауына сәйкес «Банкроттық туралы» Заң жобасын, оны жеке тұлғалардың және жеке кәсіпкерлердің банкроттығы институтының банкроттық тетіктерін әзірлеу бөлігіне түзетуге Сенаттан кері шақыру мүмкіндіктері туралы;
2) Немесе қазіргі уақытта «Ақ жол» партиясымен әзірленіп жатқан «Жеке тұлғалардың және жеке кәсіпкерлердің банкроттығы туралы» жеке заңды қолдауға дайындығы туралы мәселелермен шыққан болатынбыз.
Сондай-ақ, «Ақ жол» партиясының бүгінгі екінші депутаттық сауалы жолдауда айтылған мүгедектерді жұмыспен қамту мәселесін шешуге қатысты болды.
Айтпақшы, 15 қаңтарда біз үкіметке «Сауалдар туралы сауал» жібердік, онда біздің депутаттық сауалдарымызға төрешілдік және формалды көзқарастары үшін үкіметтің жауаптарын сынға алғанбыз. Тіпті де текке сынамаппыз. Себебі тура келесі күні тағы бір осындай жауап алдық.
Өткен жылғы 11 қыркүйекте біз үкіметке Еуроодақ және ДСҰ-на мүше елдердің тәжрибесі бойынша экономиканың басым салаларына сараланған салалық мөлшерлемелер енгізу туралы ұсыныспен шыққанымызды еске саламын.
 «2050 жылға дейін Қазақстан дамуының Стратегиясында» бір жылдан астам бұрын Мемлекет басшысымен өндіріс және жаңа технологиялар саласында жұмыс істейтін кәсіпорындар үшін қолайлы салықтық режім енгізу жөнінде тапсырмалар берілген болатын.
 «Ақ жол» депутаттары халықаралық тәжірибені зерделеді және осындай әдістемені тапты. Бірақ Үкімет әуелі бұл мәселе жұмысшы тобында зерттеуді талап етеді деп хабарлаған болатын, бұған бізді шақырмады. Ал өткен аптада жалғыз себепті – «әкімшілендірудің қиындығын» көрсетіп, сараланған мөлшерлемелерді енгізу «мақсатқа сай емес» деп ресми жауап берді.
Жалпы біз салықтар шенеуніктер үшін емес, бизнес үшін ыңғайлы болуы тиіс деп есептейміз. Салықтарды әкімшілендіру – бұл салық органдарының жұмысы. Сонда үкімет тек салық комитетінің «көп еңбектеніп қоймауына» бола басым салалар мен 2050-Стратегиясының тапсырмасын қолдаудан бас тартқан болып шыға ма? Бірақ бұл олардың тікелей міндеті емес пе!
Бізді мұндай жауап қанағаттандырмайды, біз Стратегияда жазылғандай, өндірістік және ғылыми қамтымды салаларды салықтық қолдауды талап етеміз.
Жалпы, министрліктердің Мемлекет басшысының тапсырмаларын қалай орындайтыны  жайлы шексіз айта беруге болады. Мен мынадай мысал келтіремін: 2008 жылғы осындай жолдауда Президент Нұрсұлтан Назарбаев 2014 жылға қарай, яғни, бүгінгі күнге – «отандық өндірістің есебінен дәрі-дәрмек құралдарымен ішкі тұтынудың 50 пайыздан астамын қамтамасыз етуді» тапсырған.
Бұл тапсырманы орындау үшін 2010 жылы Үкіметпен фармацевтика өнеркәсібін дамыту жөнінде Бағдарлама бекітілген. Аталған бағдарлама орындаудың негізгі құралдарының бірі дәрілік жабдықтарды жеткізу бойынша отандық өндірушілермен ұзақ мерзімді шарттарға отыру болып табылады. Бұл шара жаңа стратегиялық инвесторларды - 4 ірі қазақстандық кәсіпорындарды тартты.
Сонымен қатар Денсаулық сақтау министрлігінің бастамасы бойынша бұл қаулыға 16 рет түзетулер енгізілген, олар біртіндеп бағдарламаның мазмұнын, маңызын төмендетіп жіберген және «СК-Фармация» ЖШС-іне ұзақ мерзімге жасалып қойған шарттарды біржақты тәртіппен үзуге немесе өзгерістер енгізуге құқық берген.
Бұл мәселе бойынша «Ақ жол» партиясының Парламенттік фракциясы Үкіметке екі рет депутаттық сауалдар жолдады, онда фармацевтикалық салаларға инвестицияларды қорғауға қам істеудің қажеттілігі тікелей көрсетілді.
Наурыз айында түскен Премьер-министрдің жауабында денсаулық сақтау министрлігінің бастамашылдығымен жасалған өзгерістердің кері күші жоқ деп нақты айтылған. Бірақ 2013 жылдың сәуірінде бес фармацевтикалық зауыттармен жасалған шарттарды жарамсыз деп тану туралы «СК-Фармация» ЖШС-нің қатысуымен сот процесі басталды.
Тек 2013 жылдың 9 желтоқсанында Астана қаласының Аппеляциялық сот коллегиясы сала инвестицияларын қолдау үшін отандық өнімдерді сатып алу бойынша ұзақ мерзімді шарттарды заңды деп таныды.
Инвестициялық келісімшарттардың шарттарын заңсыз қайта қараудың нәтижесінде Денсаулық сақтау министрлігінің бірыңғай дистрибьютерін сатып алуларда отандық медикаментері мен өнімдерінің үлесі 30 пайыздан астам кеміп кетті. Ал отандық препараттарды жалпы тұтыну 2014 жылға қарай президент тапсырған 50 пайыздан астам көрсеткіштің орнына небәрі 37 пайызды құрады. Мемлекет басшысы жыл сайынғы жолдауларда және 2050 жылғы дейінгі даму Стратегиясында берілген тапсырмаларды орындаудың осындай талдауын жариялы ету керек деп ойлаймын.
Мәні бойынша емес, тізім бойынша тағы бір мәселе – 2014-2016 жылдарға жекешелендіру бағдарламасы. Бұл принципті және өте маңызды міндет. Бүкіл дүниежүзінде қаржылық дағдарыстың нәтижесінде мемлекет экономикаға белсенді кірді. Бизнесті мемлекет қарауына алды, бұл епетейсіз үлкен құрылымдар, қаржылық ағындардың мөлдір болмауына жағдайлар жасады, экономиканың мемлекеттік секторында шешім қабылдау және кадр таңдау кезінде тамыр-таныстыққа жол ашты. Әрбір министрлік пен әкімдіктің айналасында ондаған ЖШС, АҚ, РМК-дар құрылды, қаржылық тиімділігі көптеген сұрақтар туындатып жатса да, олар миллиардтаған қаржыға иелік етіп, жеке бизнеске қысым көрсетіліп, ығыстырылды.
Сол себепті бұл құрылымдардың арамтамақ болуын тоқтату және оларды бәсекелестік ортаға көшіру керек. Егер де олар шынымен тиімді және өз орнында болса – одан әрі де табысын таба берсін, бірақ тек дербестікпен. Егер олар тиімсіз болса – бюджеттік құйылымдардан үзілгеннен кейін тез арада олар «оңтайландырылады».
Бұған байланысты біз премьер-министр Серік Ахметовтің кешегі ҚТЖ еншілес кәсіпорындарын мемлекет иелігінен алуға қатысты айтқандарын қолдаймыз және осындай ұсыныстарды қалған корпоративтік көшбасшылардан да күтеміз. Егер естеріңізде болса, үкіметтің қазан айындағы отырысында Мемлекет басшысы мемлекеттік кәсіпорындардың 4 пайызын жекешелендіру жөніндегі ұсынылған жоспарларды өткір сынға алды. Сондықтан бүгін де, объективті көрініс үшін, көптеген кәсіпкерлер министрлер кабинетінен: «Барлық тізімді жариялаңыздар, марқабат!» деп сұрағысы келеді.
Бұл кезде олардың жәй ғана «керек адамдарға» кетпеуі үшін жекешелендіру рәсімдерінің мөлдір, ашық болуының маңызы зор, 
Бұдан басқа, біздің шенеуніктердің тапқырлықтарына лайықты баға бере отырып, «Ақ жол» партиясы үкіметке жекешелендіру бағдарламасының аяғына дейін министрліктер мен ведомствалармен жаңа кәсіорындар құруына мораторий жариялауын ұсынады.
Мен бұл Жолдаудағы аса маңызды тақырыптардың жартысын да атаған жоқпын, әйтпесе бұл әңгіме тағы бірнеше сағатқа созылып кетеді. Сіздердің сұрақтарыңызға жауап беруге дайынмын.
 
Көңіл қойып тыңдағандарыңызға рақмет.