03
Маусым

Санат жоқ 03.06.2013

«Ақ жол»: Егер қазақстандықтардың өмірінің жақсаруына олардың әсері болмаса, онда министрліктерге не үшін миллиардтар бөлінеді

3 маусым  2013 жыл, Қазақстанның «Ақ жол» Демократиялық партиясының баспасөз қызметі
Егер қазақстандықтардың өмірінің жақсаруына олардың  әсері болмаса, онда министрліктерге не үшін миллиардтар бөлінеді? – «Ақ жолдың» депутаттары бюджетті жоспарлаудың және іске асырудың тәсілдерін  байыппен қайта қарауды талап етеді.
Кіріс бөлімінің 226 млрд.теңгеге азаюымен, шығыс бөлімін тек қана 121,3 млрд. теңгеге  азайту ұсынылады, бұл қысқартылған кірістің шамасы 54 % құрайды, осыны ескере отырып «ақжолдықтар»  сұрақтармен бірқатар министрліктерге жүгінді.
Есепке сәйкес, өткен жылы ТЖМ 5,2 млрд. теңгені игермеді. Бұл бір қатар маңызды бағыттағы Стратегиялық жоспарлардың, олардың ішінде өндірістік объектілерді өнеркәсіптік қауіпсіздік деңгейін жоғарлату т.б. бар  орындалмауына әкеліп соқты.
«Осы маңызды бағыттардың барлығы, бірінші кезекте өндірісте біздің адамдардың қауіпсіздігімен байланысты. Сіздің ведомствоңыз бойынша қаржылардың игерілмей қалуы, кейбіреулердің өмірінің қауіп-қатерде қалғанын білдіреді емес пе, - деп Талғат Ерғалиев министр Владимир Божкоға  қарады. – Бұл бағыттардың орындалмай қалуы еліміздегі ТЖ-ға қандай әсерін тигізді? Егер ешқандай да әсері болмаса, онда әжептеуір қаржыны бюджетке  несіне салдыңыздар? Өйткені оларды өзге де елеулі әлеуметтік қажеттіліктерге бағыттауға болушы еді ғой».
Фракцияның депутатының сұрағына жауап берген  ТЖМ Министрі сапасыз жасалған ЖСҚ себебінен 5 млрд. теңге сомасындағы қомақты қаржы игерілмей қалды деп мойындады. Сонымен қатар, министр игерілмей қалған бұл қаражаттардың біздің азаматтарымыздың қауіпсіздігіне нұқсан келтірмегендігіне сендіріп бақты.
«Алайда, құжаттарды дайындау үшін ТЖМ өзі жауап бермей ме? Егер олардың төтенше жағдайларда азаматтарды қорғауға ықпалы тимесе және оларсыз да төтенше жағдайлардан жайдан-жай өтіп кетуге болатын болса, онда бұл министрлікке миллиардтарды не үшін бөлеміз? Мүмкін мұндай шығыстарды мүлдем алып тастау керек шығар? – деп сұрайды «Ақ жолдың» депутаттары.
Фракция жетекшісі Азат Перуашев басқа министрліктер бойынша да осындай бірнеше мысалдар келтірді:
 «Инновациялық гранттар беру» (әкімшісі Индустрия министрлігі) 026 бағдарламасы бойынша 3млрд. теңгеге қысқарту қарастырылған, бұл алдын ала жоспарланған көлемнің 70 % құрайды.
Дегенмен инновациялық жобалардың қорытындылары бойынша төртеуі өзгеріссіз қалып отыр. «Сонда, мұндай нәтижені 70 грантта сомасы 4,3 млрд. теңге және 20 грантта 1,3 млрд. теңге үшін де алуға болғаны ма? Сонда қаржыландырудың 70 %  не үшін жұмсауға жоспарланаған?
Денсаулық сақтау министрлігі бойынша, бұрында «Қазақстандық онкология және радиология ғылыми-зерттеу институты» РМК-ны үшін медициналық құрал-жабдықтар сатып алуға және Ақтөбе облысы бойынша ғимараттың медициналық техникаларды пайдалану үшін сәйкес келмейтіндігіне және оның тіркеуде жоқтығына байланысты жеделдету кешенін құруға қарастырылған шығыстың жалпы сомасы 2,8 млрд.теңгеге қысқарту ұсынылады.
«Сонда осы миллиардтар қандай мәліметтердің негізінде бюджетке салынған? Сонда олар іс жүзінде қайда кетуі мүмкін еді?» - деген үкіметке «Ақ жолдың» депутаттарының тағы бір сұрағы бар.
«Бюджетке енгізілген нақтылаулардың сипаты бюджетте тиімді басқарудың жоқтығын және негізсіз шығындардың сақталғанын айғақтайды», -деп атап көрсетті өзінің сөзінде Азат Перуашев, сонымен қоса бюджетті жоспарлаудың және іске асырудың тәсілдерін  байыппен қайта қараудың қажеттілігін басып айтты.