2013 жылғы 12 маусымда Мәжілістің пленарлық отырысы кезінде Азат Перуашевтің сөйлеген сөзі
Құрметті Нұрлан Зайроллаұлы! Құрметті әріптестер!
Кәсіпкерлердің ұлттық палатасы туралы заң жобасын қарағанда, оның жеке мазмұнына ғана емес бүкіл экономикалық дамудың беталысының контексінде қарау қажет. Жуырдағы үкіметтің есебіндегі барлық көрсеткіштер өнеркәсіп өндірісінің құлдырауын, нақты секторларды қысқартуды және ішкі нарықтың импортқа бағыныштылығының өсуін білдіреді. Жұмыс істеп жатқан заңды тұлғалар 17 %-ға, жеке кәсіпкерлер 10,5 %-ға, квазимемлекеттік сектордың жыл сайынғы өсуі - 10 %-ға қысқарған. Бұл жеке кәсіпкерліктің әлеуметтік-экономикалық құбылыс ретінде барған сайын қысымның астында қалғанын және оның тұрақты түрде күшейіп бара жатанының айғағы болып табылады.
Сондықтан, бұл құжаттың дер кезінде қабылданғаны туралы айтқанда, біз керісінше, оны қабылдаудан кешігіп жатырмыз деп айтуға болады.
Қазіргі айтылып отырған Палатаға міндетті мүшелікті енгізуде кәсіпкерлердің құқығын бұзушылық туралы айыптау орынсыз, себебі бұл жерде азаматтардың саяси бостандығы туралы емес, бизнес біріктірудің қағидалары туралы сөз болуда. Оның үстіне, бұл қағидаттар демократияның отаны – Европа елдерінде туған. Еуропалық бизнес субъектілерінің 80 %-ы міндетті мүшелік жағдайында жұмыс істейді, себебі бұл елдердің көпшілігі болғандығы үшін ғана емес, бұл бизнесті шоғырландырудың іскерлік ахуалды жақсартуға және кәсіпкерлік белсенділіктің бұл елдерде аса жоғары болуына тікелей қатысты болғанында.
Еуропалық демократияның және адам құқығының жетекші органы - ЕҚЫҰ-ның штаб-пәтері Австрияның Федеральды экономикалық палатасына кәсіпкерлердің міндетті мүшелігімен, елдің астанасы Венада орналасақан және бұл міндетті мүшелік ЕҚЫҰ-ында ешкімге де, сондай-ақ бұл міндетті мүшелік Германияда, Италияда, Түркияда және тағы басқаларда ешқандай да сұрақтар туындатпайды.
Сондай-ақ, осында Палатаға шағын бизнесті тартпау туралы идеялар да айтылды. Бұл негізінен қате, себебі міндетті мүшелікті тағайындау –шағын және орта бизнесті нақты қолдау. Халықаралық тәжірибеде осындай палаталардың бүкіл мағынасы осы. Ірі бизнес онсыз да өзін қорғай алады.
Мұндай палаталар ірі және орта бизнестің мүшелік жарналарының есебінен ғана шағын кәсіпкерлерді де қорғаумен қамтамасыз етеді.
Кешенді амалдар туралы айтқанда, заң жобасын Индустриялық бағдарламасымен (ҮИИДМБ) тығыз байланыста қарау керек. Бағдарламаның міндеттері экономиканы әртараптандыру, өндіруші секторларды дамыту, жаңа секторлардың және өндірістердің пайда болуы болып табылады. Бүкіл әлемдегі жаңашыл жобалардың және инновациялық шешімдердің қозғаушысы шағын және орта бизнес болды және болып қала береді, және дәл осы палаталар міндетті мүшелігімен оған қажетті қолдауды және қорғауды көрсетуге мүмкіндігі бар.
Құрметті депутаттар! Бүгінгі қаралып отырған заң жобасы қазақстандық бизнесті шоғырландыруда тарихи рөл атқаруы мүмкін екендігіне сіздердің назарларыңызды аударғым келеді. Кәсіпкерлердің ұлттық палатасына коммерциялық құрылымдардың міндетті мүшелігі Кедендік одақта, ДСҰ шеңберінде және тұтастай алғанда ұлттық экономикалық мүдделерді жүзеге асыруда біздің бәсекеге қабілеттілігіміздің қосымша факторы болуы тиіс. Қазіргі кезде Белоруссия мен Ресейдің осы заңның қабылдану барысын ықыласпен бақылап отыруы кездейсоқтық емес. Егер заң қабылданған жағдайда, бұл бизнес-қауымдастықтар өз елдерінде осындай қадамға бастамашылық жасауға ниетте екені туралы ақпарат бар.
Жұмыс тобында талқылау барысында және бүгінгі пленарлық отырыста депутаттармен заң жобасы бойынша бірқатар негізді кінәрат-талаптар мен ұсыныстар айтылды. «Ақ жол» ҚДП фракциясының да, мысалы Палата басқаруға үкіметтің қатысуы жөнінде; үкімет өкілдерінің палата съезінің шешіміне вето салу құқығы бойынша өз ескертулері бар.
«Ақ жол» фракциясының депутаттары Палата басшылығында үкіметтің үш өкілінің орнына бір өкілмен ғана қанағаттануға болады деп есептейді; өтпелі кезеңді (одан кейін Палатадан үкімет шығады) 5-тен 2 жылға дейін қысқартуды ұсынады. Сонымен бірге, үкіметке вето салу құқығын бермеуді дұрыс деп ойлаймыз, себебі палатаның шешімінің заңдылығы прокурорлық қадағалау арқылы жүзеге асырылады. Егер де, вето қалатын жағдай болса, оны тек өтпелі кезеңде палатаға мемлекеттік функциялармен ғанаберілген (кеден бекеттеріндегі инфрақұрылымдарды, еркін экономикалық аймақты және әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясын басқару бойынша) мәселелерімен шектеуді ұсынады, мұнымен үкіметтің өкілдері қасарысып келіспей отыр.
Бұдан да маңызды мақсаты Палатаның және оның органдарының қызметтерінің айқындығын және тарспаренттілігін қамтамасыз ету; оның қоғамға ашықтығы және отандық бизнеске есеп беру міндеттілігі болып табылады. Заңға оның қызметіне төрешілдік вирусынан «иммунитет» қалыптастыратын бір тетік енгізіп қою аса қажет, ондай қауіп сөзсіз бар, бұған біздің депутаттар да назар аударды.
Бүгін осының айналасында, Палатаға бюджеттен қандай да бір қаржыны жұмсауға тура келеді деген қобалжулар онша негізді емес. Жалпы алғанда, барлық бюджетті салықтарымен қалыптастырып отырған сол кәсіпкерлердің мүдделерін қорғау және алға бастыру туралы әңгіме болып отырғанын ұмытпағанымыз жөн. Сондықтан да, олармен төленген қаржының азғантай ғана бөлігі осы мақсатта жұмсалса әділетті емес пе.
Осы толықтырулар мен нақтылауларды біз жұмыс тобының отырыстарында жұмыс тәртібімен талқылай аламыз, ал жалпы алғанда құжат маңызды және қажетті деп ойлаймын.
«Ақ жол» партиясының фракциясы осы заң жобасын жақтайды және әріптестерін бірінші оқылымда оны қолдауын сұрайды. Рахмет.